Сайтқа кіру Тіркелу

Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы

Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі мамандарды даярлайтын ғылыми орталыққа айналды. Шетелдік студенттер одан әрі табысты жұмыс істеуге мүмкіндік беретін сапалы білім алу үшін жыл сайын әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетіне көптеп келеді. Бұл факультетте әлемнің түрлі елдерінен келген шетелдік студенттер оқиды. Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары шетелдік студенттерге қазақ және орыс тілдерін, елтану, Қазақстан тарихын үйретеді.
Шетелдік студенттердің бойларында әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастырудың маңызы зор. Өйткені тіл меңгертудің бұл аспектісі тілді этностың мәдениетімен тығыз байланысты қарастыруды, соның негізінде студенттердің бойында тілін үйреніп отырған халықтың салт - дәстүрі, наным сенімдері, тарихы т. б. жайындағы білімді қалыптастыруды талап етеді. Ал мұндай шынайы өмірге негізделген білім шетелдік студентті көп мәдениетті орта жағдайында әрекет ете алуға, жағдайға сай шешім қабылдауға, тілді тек тілдік нормаларға ғана емес, сонымен қатар сол тілде сөйлеуші ұлт дәрежесінде қолдануға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - да білім алу шетелдік студенттер үшін танымды, қызықты және нәтижелі өтеді. Шетелдік студенттер қазақ және орыс тілдерін меңгере отырып, ғылыми - зерттеу жұмыстарымен айналысады, ғылыми студенттік конференцияларға, қазақ және орыс тілдерінен олимпиадаларға қатысады.
Қазақстан тарихына, оның мәдениеті мен ұлттық дәстүрлеріне деген тұрақты қызығушылық шетелдік студенттердің экскурсияларға қатысуына, ұлттық мерекелерге қатысуына, қазақстандық студенттермен танысуына және белсенді қарым - қатынас жасауына ықпал етеді.

Саденова А. Е.
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Алматы қаласы

Алматы қаласы

Бүгінде көркімен әдемі, табиғаты да өте керемет, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...
14 наурыз – Көрісу күні

14 наурыз – Көрісу күні

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Шетелдік студенттер «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті

Шетелдік студенттер «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Қазақстан республикасы күні - ел мерекесі, оның жетістігі және жаңа жетісті ...

Қазақстан республикасы күні - ел мерекесі, оның жетістігі және жаңа жетісті ...

25 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтіледі. Бұл күні 1990 жылы Қазақстанның тәуелсіздігі туралы Декларация қабылданды....
Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті

Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың (www. kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң «ҮІІІ...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×