Сайтқа кіру Тіркелу

Алматы қаласы

Алматы қаласы

Бүгінде көркімен әдемі, табиғаты да өте керемет, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Алматы қаласы» атты ашық тәрбиелік іс - шарасы өтті.
Іс - шараға дүние жүзінің Қытай, Корея, Жапония, Жаңа Зеландия, Франция және басқа да елдерінен келіп, білім алып жүрген шетелдік студенттер және оқытушылар қатысты.
Өткізілген іс - шараның жалпы мақсаты шетелдік студенттерді Алматы қаласының тарихымен, мәдениетімен, салт - дәстүрімен және көрікті жерлерімен таныстыра отырып, Алматы қаласы туралы білімін жетілдіру және кеңейту, қалаға деген сүйіспеншілік пен қызығушылықты, төзімділік, достық пен өзара түсінушілікті тәрбиелеу болып табылады.
Жиында шетелдік студенттер Алматының көрікті жерлері, бүгінгі көрінісі, мәдени - саяси жүйесінің маңыздылығы туралы, сонымен қатар, бұл Алматы қаласының өз тарихы мен өз тағдыры бар екені туралы, қала арқылы шеттен келген адамдар сол қалада тұратын ұлттардың мәдениетін, салт - дәстүрін түсінетіні жайлы білді.
Осы кафедраның оқытушылары өз сөздерінде Алматы – егемен Қазақстанның қазіргі заман тарихы қаланған қала екенін, Алматыда 1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданғанын, 1993 жылы қаланың тарихи атауы – Алматы ресми түрде қалпына келтірілгенін, бас қала Астанаға ауысқан соң, Алматыға республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгенін, бүгінгі күні Алматы Қазақстанның мәдени, ғылыми, қаржылық - экономикалық және саяси өмірінің орталығы болып қала беретінін атап айтты.
Шараны оқытушылар дайындаған шетелдік студенттердің Алматы қаласы туралы әдеби монтажы жалғастырды. Шетелдік студенттер бейнетаспа арқылы Алматы қаласының көрікті жерлерімен, мәдениетімен, тарихымен таныса отырып, Алматыны жаңа қырынан таныды. Ең маңыздысы – шетелдік студенттер Алматыда әр түрлі ұлтты халықтар бірлікте, бейбітшілікте, тыныштықта өмір сүріп жатқандарын тамашалай алды.
Студенттер Алматы қаласы жөнінде көптеген сұрақтар қойды. Сонымен қатар, бұл шетелдік студенттер аталған іс - шараға арнайы ұйымдастырылған шағын қойылымға қатыса отырып, қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін көрсете білді.
«Алматы қаласы» - атты ашық тәрбиелік іс - шара ғылыми - рухани тұрғыда шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.

Саденова А. Е.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Дүние жүзінен келген шетелдіктер қалай оқуда

Дүние жүзінен келген шетелдіктер қалай оқуда

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетіндегі студенттер – дүние жүзінен келген шетелдіктер....
Алматы қаласының тарихы және көрнекті жерлері

Алматы қаласының тарихы және көрнекті жерлері

Іс - шараға дүние жүзінің Қытай, Корея, Жапония, Ауғанстан, АҚШ, Италия, Дания, Испания және басқа да елдерінен келіп, білім алып жүрген шетелдік...
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: Алматының тарихы және бүгіні

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: Алматының тарихы және бүгіні

Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы, ең басты құндылығы. Тәуелсіз ел атанып, керегеміз кеңейіп келеміз. 30 жыл уақыт аралығында Қазақстан...
Тарихы терең Алматы!

Тарихы терең Алматы!

Бүгінде табиғаты өте керемет, көркімен де әдемі, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...
«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті

«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×