ҚазҰУ – менің мақтанышым.
Әр адам жаңа тәжірибелерге, таңғажайып оқиғаларға, күтпеген әрі есте қаларлық оқиғаларға толы қызық шақтарды барынша жарқын және қарқынды өтуі тиіс деп ойлаймын. Еліміздің іргелі әрі бірегей жоғары оқу орны – ҚазҰУ студенттерінің өмірі мазмұнды әрі қарқынды жалғасып өтуде.
Жалпы алғанда, студенттік өмір жарқын сәттерге, түрлі қанық түстерге толы. Менің өмірімдегі студенттік жылдардың алғашқы айлары да маған көп қуаныш әкелді. Студент атанған сәттен сезінген сезімдерім әлі есімнен кетер емес! Топтағы достармен бір - бірімізге тез бауыр басып қалғанымыз есіме келді. Менің бірден көңіліме қонғаны – барлық топтағы студенттер мен магистранттардың жас шамасы бірдей болғаны. ҚазҰУ аумағы (кампус) үлкен болғандықтан, алғашында аудиторияны табу қиындау болғаны да бар. Университеттегі басты мәселе - мектепте оқытылмаған жаңа пәндердің оқытылуы. Студенттер мен магистранттарға қойылатын талаптар да жоғары. Білім беру жүйесі де күрделі. Студенттердің білімі балл жинау арқылы бағаланады, оқытушылар тарапынан студенттерді бағалау деген әділеттілікті сезіндім. Оқытылатын пәндер әр алуан және оқытушы студенттің назарын өз пәніне аударуды мақсат тұтады.
Студенттік өмір - жаңа таныстықтар кезеңі, университет қабырғасында білімді адамдарды кездестіріп жаныңа жақын достарды табуға мүмкіндік мол. Мен де өзімнің өмірлік достарымды таптым деп айта аламын.
Айта кетерлік жайт ҚазҰУ - нің күнтізбесі студенттерге өте ыңғайлы түзілген. Студенттердің сабақ оқуына да, қосымша жұмыс істеуіне де мол мүмкіндіктер бар. Студенттер мен магистранттар бос уақыттарында жұмыс пен оқуды ұштастыратыны белгілі. Бұл болашақты құруға бағытталатыны сөзсіз.
Жастар студенттік шақта өмірді әр қырынан танып, мамандықты игеріп, еңбекке, қарым - қатынасқа қажетті дағдыларды игеретін ең жақсы уақыт. Сонда қатардағы студенттердің арасынан өз ісін жетік білетін мамандар шығады. Студенттік жылдар - бұл әлемді көрудің, жаңа көкжиектерді ашудың, алмасу бағдарламаларының арқасында әлемді саяхаттаудың және соның нәтижесінде мәдени ағартушылық пен шет тілдерін білудің жаңа және құнды мүмкіндігі.
Сонымен қатар студенттік өмір қызық және ешқашан қайталанбайды. Студенттік жылдарды жақсы әрі қызықты өткізу – өз қолымызда екенін ұмытпайық.
Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты У. М. Джолдыбаева
ҚазҰУ – менің мақтанышым
- ramuk_b
- 19 сәуір 2023
- 483
- 0
- 100
Ілмек сөздер: ҚазҰУ, студенттік өмір, мамандық таңдау туралы
Ұқсас жаңалықтар:
Менің студенттік өмірім
Студенттік өмір - бұл өмірдегі ең жарқын және қызықты кезең, жаңа мүмкіндіктердің уақы-ты, өз ортаңды тауып, дамитын шақ. Күн сайын жаңа нәрсені..."Мамандық таңдау: мен әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ды таңдаймын"
Жастардың маңызды мәселелерінің бірі - мамандық таңдау. Дұрыс таңдалған мамандық жастарға өз қабілеттерін толық іске асыруға, шығармашылықпен жұмыс...Қазақстан республикасы күні - ел мерекесі, оның жетістігі және жаңа жетісті ...
25 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтіледі. Бұл күні 1990 жылы Қазақстанның тәуелсіздігі туралы Декларация қабылданды....Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың (www. kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң «ҮІІІ...Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, студенттердің шығармашылық белсенділігін дамыту мақсатында өткізілген “Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ ”...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.