Қазақстанда ұшқышсыз ұшу аппараттары операторларын даярлау күшейтілді
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Украинадағы қарулы қақтығыстың ерекшеліктерін сараптай келе, ұшқышсыз ұшатын аппараттардың операторлары мен артиллериялық бөлімшелердің әскери қызметкерлерін оқытуды күшейтті.
Бұл туралы журналистерге республика Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов хабарлады.
«Барлық мемлекеттердің қарулы күштері, әрине, талдау жүргізеді, соғыс қимылдарының барысын бақылайды. Тиісті қорытындылар жасалды. Бір - біріне ұқсас қарулы қақтығыстар жоқ, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан біз сараптаймыз, қараймыз, тиісті қорытынды жасаймыз, жауынгерлік дайындық бағдарламасына өзгерістер енгіземіз», - деді ол.
ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары айтуынша, атап айтқанда, қазақстандық армия ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторларын қарқынды түрде оқыта бастады.
«Өйткені бұл қарулы қақтығыс ұшқышсыз ұшақтардың барлауда да, соққы беру ісінде де белсенді түрде қолданылатынын көрсетеді», - деп түсіндірді Камалетдинов. Тағы бір мысал ретінде ол артиллериялық әскерлерді келтірді.
«Зымыран - артиллериялық әскерлерді қолдану ең жаппай сипатқа ие болды, бұл жауынгерлік дайындық барысындағы ерекшелікке айналды», - деп қосты ҚР Қорғаныс министрлігі басшысының орынбасары.
Айтпақшы, Қазақстанның әскери бюджеті мемлекетіміздің ішкі жалпы өнімінің бір пайызын құрайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов мәлімдеді.
«Бізде қару - жарақ пен әскери техниканы мемлекеттік сатып алу бойынша тиісті жоспарлар бар. Әрине, отандық тауар өндірушілерге артықшылық беріледі. Қарудың жаңа түрлерін алу жұмыстары жүргізілуде. Жылдың аяғында ғана сатып алдық, ал бізге жаңа ұшақтар берілді. Оған қоса, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері және басқа да құралдар», - деді Сұлтан Камалетдинов Сенат отырысында журналистердің сауалдарына жауап бере отырып.
Сондай - ақ биыл ҚР әскери бюджеті ұлғайғайды. «Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігінің әскери бюджетін қарады және ол біздің мемлекеттің ішкі жалпы өнімінің бір пайызын құрайды», - деді Сұлтан Камалетдинов.
Керімсал Жұбатқанов
Қазақстанда ұшқышсыз ұшу аппараттары операторларын даярлау күшейтілді
- ramuk_b
- 28 ақпан 2023
- 433
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ұшқышсыз ұшу аппараттары, операторларын даярлау күшейтілді
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақстан мен Ресей қорғаныс саласындағы әріптестік бағдарламасына қол қойд ...
Қазақстан мен Ресей әскери ведомстволарының басшылары Мұрат Бектанов пен Сергей Шойгу қорғаныс саласындағы 2022 - 2024 жылдарға арналған стратегиялық...Қазіргі украиналық әскери күші туралы бірер сөз
Байрактар – Түркияда жасалған заманауи ұшқышсыз ұшатын аппарат. Түрік тілінен аударылған «bayraktar - бұл ту ұстаушы» дегенді білдіреді және оларды...Түркия және оның ұшқышсыз ұшатын ұшақтардың Таулы Қарабақтағы соғыстағы рөл ...
Қарабақ соғысы шабуылдаушы дрондардың қарулы күрестің өте маңызды және тиімді құралына айналғанын тағы бір растады. Әзірбайжан сатып алған түрік...Швеция Ресейдің шабуылынан қорқады
Швеция үкіметі бейсенбіде аймақтағы қауіпсіздік деңгейінің нашарлауына байланысты 2021 - 2025 жылдар аралығында елдің қорғаныс бюджетін 40 %...Әзірбайжан Арменияға «соңғы ескерту» жасады
Әзірбайжан армян қарулы күштеріне «жай ғана берілу керек» деген ұсыныс жасады, өйткені әзірбайжандық әскерилерінің пікірінше, қарсыласу толық...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.