Тәуелсіздік - ел тірегі!
Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы, ел еркіндігі. Тәуелсіздік - Қазақстанды саясат сахнасында жеке отау құрып, еркін ел болуға бағыттаған бағалы қазына. 1991 жыл тудырған ұлы мүмкіндік. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына биыл 31 жыл толады. Осы уақыт аралығында еліміз әлемде өзіндік орны бар, жеке дара, дербес ел екендігін көрсете білді. Өзінің белгіленген нақты шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт - дәстүрі бар егеменді зайырлы мемлекетке айналды. 1991 жылдың 16 желтоқсанында әлем картасында жаңа, жас Қазақстан Республикасы пайда болды. Бұл тәуелсіздік қанша ғасырдан бері армандап келе жатқан бұрынғы ата - бабаларымыздың аңсаған арманы еді.
Соңғы 30 жылда мемлекетімізде болған өзгерістер ұшан - теңіз, ел іргесінің негізі қаланып, ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, бейбітшілік салтанат құрды. Салтымыз ардақталып, дәстүрімізбен қатар тарихымыз жаңа деңгейде дәріптелді. Ұлы даланы мекен еткендерге ғана тән мәдениет оты маздап, нарықтық экономикаға негізделген кәсіпкерлік аяққа тұрды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухының өтеуі есебінде айбынды Ата Заң бекіді, мазмұнды реформалар қабылданды.
Осындай ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен келген Тәуелсіздікті еліміздің әрбір азаматы мақтан тұтуы керек. Айтулы мерекені биыл барлық қазақстандықтар үлкен қуанышпен қарсы алды. Соның ішінде, қазіргі таңда білімді әрі білікті маман дайындаумен қатар, ел тарихын білім іздеген ұрпаққа жеткізуде, еліміздің қарыштап дамуы жолында аянбай еңбек етуге қабілетті нағыз қазақ жастарын тәрбиелеп шығару жолында еңбек етіп келе жатқан еліміздегі алдыңғы қатарлы білім ордаларының бірі Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің тарих факультетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен, «Тарих - география» мамандығының 1 курс магистранттары арасында айтулы мерекеге орай «Тәуелсіздік – баға жетпес байлық» атты іс - шара өткізілді. Бұл іс - шара барысында қатысушылар осы күннің еліміз үшін маңыздылығын, оның тарихымен таныстырылды. Тәуелсіздікке жету жолындағы ата - бабаларымыздың күресі тақырыбы аясында магистранттар өз ойларын ортаға салып, тарихи деректермен бөлісті. Іс - шараның мақсаты Тәуелсіздік үшін қаншама тер, қаншама күш жұмсалған еліміздің тарихындағы елеулі күннің маңызын көрсету, сонау жоңғарларға қарсы жан аямай күрескен ата - бабаларымыздан бастап, өз бастарын қатерге тігіп, қыршыннан қиылып алаңға шыққан жастарға дейін ел егемендігі жолындағы күрестерінің ешқашан ұмытылмайтындығын көрсету. Кафедрамыздың аға буын оқытушылары егемендік алған алғашқы жылдардағы Қазақстанның жағдайын айта келіп, болашақ ұстаздарға ақыл - кеңестерін жаудырып, тұғыры биік Тәуелсіздіктің қадіріне жетіп, еліміздің одан әрі дамуы үшін білікті маман, білімді ұрпақ болу керектігін насихаттады.
Егемендігімізді алып Президентіміздің салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан - жылға көркейіп, небір қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеу үстінде. Ата - бабаларымыздың аңсаған арманы – тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп, еркін өмір сүріп жатқан біздер шынайы бақытты жандармыз. Ендігі мақсат, осы еркіндікті баянды ету біздің басты парызымыз.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Профессор м. а Қозғамбаева Г. Б.
Тарих факультетінің 1 курс магистранты Ешенова А. Б.
Тәуелсіздік - ел тірегі!
- ramuk_b
- 5 желтоқсан 2022
- 861
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Тәуелсіздік, Тәуелсіздік туралы мақала, баға жетпес байлық, ел еркіндік
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуелсіздік – басты байлығымыз
Қоғамның әлеуметтік - экономикалық өмірінің ерекше саласы білім болып табылады, еліміздің болашағы, барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі...ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: Алматының тарихы және бүгіні
Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы, ең басты құндылығы. Тәуелсіз ел атанып, керегеміз кеңейіп келеміз. 30 жыл уақыт аралығында Қазақстан...Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз
Қазақстан Тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына - 30 жыл. Бүгінде Орта Азиядағы іргелі мемлекетке айналып, 30 жыл уақыт аралығында Қазақстан...«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...16 Желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесі
Отыз бір жыл, отыз бір жыл азаттық, Өзімізді құрсаудан да босаттық. Ақтадық біз ата-баба үмітін, Қолда қазір көк ту менен бостандық....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.