Жастардың ұғымындағы ең жоғарғы құндылық
Қазіргі кездегі күйбелең тіршілікте, кейде уақыттың жетіспеуінен бе, әлде заман ағымының толассыз - тоқтаусыз жаңашылдықтарынан ба, көбіне, тіпті, жанымыздағы жандардың қадіріне жете алмай қалып жатқан жайымыз бар. Осы тұста атақты жазушы Харуки Муракамидің «Бұл дүниеде әркімнің ешнәрсе үшін жоғалтқысы келмейтін кем дегенде бір - екі құндылығы бар»,- деген керемет сөз тіркестері еріксіз ойға түседі.
Күн сайын біз қандай да бір мәселелер мен жағдайларды шешу қажеттілігіне тап болып жатамыз, құдды бір олар біздің шыдамдылығымыздың шыңын тексеретін құрылғы секілді. Қазіргі таңда әр түрлі уайымдар мен стресстер біздің өмірлік құндылықтарымызда үлкен рөл атқарады, олар біздің өмір жолымызда ерекше белгілер болып табылады. Дәл осы тақырып аясында әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, физика техникалық факультетінің 1 курс магистранттары, Тленчиева Нұржамал Сейдалиевнамен біргелікте«Басқару психологиясы» пәнінде тренинг сабақ өттік. Біздің университет халықаралық рейтингте жоғары орындардан көрінуі бостан - босқа емес, өйткені осындай кішігірім болып көрінетін мәселелерде, бізде жоғары деңгейде қарастырылады. Сабаққа тікелей тоқталмас бұрын, жалпы «құндылық» сөзінің қазіргі кездегі маңызы, қолданыс аумағы, біздің қандай өмірлік құндылықтарымыз бар, құндылықтарымызды қалай ұмытпай, есте сақтай аламыз,- деген сұрақтар легіне жауап бере өтсек.
Кез - келген адам өзінің жеке дара басымдықтарын білгені өте маңызды, өйткені көптеген сәтте өмірлік құндылықтарды нақты түсіну – адам бойындағы мінезінің қалыптасуына, оның жасаған іс - әрекеттерінежәне әрине, қабылдаған шешімдерін бақылауға тікелей ықпал етеді. Адам баласының түрлі жас аралығында, түрлі ситуацияларда қалыптасқан ең маңызды өмірлік құндылықтары бар екені шүбәсіз. Ендіше солардың бірқатарына тоқталып өтсек:
Алғыс айту - мәселен, кез - келген жағдайда, тіпті сізге қарама - қайшы, келеңсіз оқиғалар үшін де рахмет айта білу керек. Егер адам өз бойында қоршаған ортаға деген шындыққа тікелей қарап және басқа адамдарға ризашылық сезімдерін дамыта алса, оның өмірі таңқаларлық түрде жақсара бастайды және күтпеген жақсы оқиғалар, түрлі жағымды эмоциялар мен естен кетпес жарқын әсерлер әкеледі.
Шыдамдылық – адам санасындағы ең идеал мүмкіндікті жасауға септігін тигізетін, тыныштық пен ізеттіліктен қосқанда, басқа адамдар мен өмірдегі түрлі мәселелерді қабылдауға ғана емес, сонымен қоса ең жөн деген, асығыстыққа бой алдырмай, түпкілікті ойластырылған шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін ерекше құндылық.
Адалдық – біз айтып отқан өмірлік құндылықтардың бастауы, фундаменті деп айтуға келетін құндылық. Алдымен адам өзіне адал болса, өз ерекшеліктерін анықтап түсініп, өзінің өмірлік принциптері мен жеке көзқарастарын түсіне алады. Сосын сізді қоршаған ортамен адал болсаңыз, бұл сізге ең өнімді қарым - қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
Достық – егер сіз достықты өзіңіздің басты құндылықтарыңыздың бірі деп санап, бағалайтын болсаңыз, онда сіздің өміріңізде бірге уақытты жақсы өткізуге болатын адамдар ғана емес, сонымен қатар қиын кезеңдер де қасыңыздан табылып, сізге кеңес беріп, қажет болса қорғаныш, тірек бола алатын адамдарға толы болмақ.
Отбасы – сөзсіз, отбасы мыңдаған жылдар бойы барлық адамдардың басты құндылықтарының бірі болғаны, бола беретіні хақ. Мұның көптеген тікелей себептері бар болуы мүмкін, атап айтар болсақ: ұрпақтың жалғасуы да, әлемге өзінің бір бөлігін қалдырып кету мүмкіндігінің болуы да, уақыт өте, жанына жақын жандардың ортасында қартаюды өткізу мүмкіндігі және т. б.
Басты өмірлік құндылықтарымызды қалай білеміз? – деген сұрақ туындауы хақ. Бұл сұрақтың жауабы ретінде көптеген методикалық әдістерді, тренинг сабақтарды, интеллектуалды жобаларды мысалға келтірсек болады. Дәл осындай тренинг сабақты Тленчиева Нұржамал апаймен біргелікте жоғарғы деңгейде өткен болатынбыз.
Алдымен, қолымызға ақ парақты алып, теңдей төрт рет орап, бірдей бес бөлікке қол жеткіздік. Әрбір қатысушы сол ақ қағаздарға өз өмірінде маңызды деп санайтын, тіпті онсыз өмір сүре алмайтындай маңызды деп санайтын құндылықтарын жаза керек болды.
Бізге ең маңызды деген бес құндылығымызды ғана жазумен қоса, оларды маңыздылығы бойынша, реттілігімен жазу ұсынылды. Келтірілген әр тармаққа мұқият тоқталу керек болды, әр қатысушы өзінен, бұл шынымен мені түпкілікті дәрежеде бақытсыз ететін құндылық па, әлде менің ең басты деген бес құндылықтары ма тіпті кірмейді ме? – деген сұрақтар мазалады. Берілген уақыт мезетінде барлығы өз құндылықтарын тездетіп жазыса кетті. Нұржамал Сейдалиеваның ұсынуымен, шеңбер тәрізде орналасқан магистранттар алдында құндылықтары жазылған ақ парақтары ғана болуы тиіс болды. Медитация түрінде жүргізілген тренинг сабақта, әр құндылығымыздан кезекпе - кезек арылып отырдық. Әр құндылығымыздан арылғанда қандай сезімде болатынымыз, ол құндылықсыз өмірдің мәні қалады ма, арылған құндылықтарымызды қаншалықты бағалай алатынымызды көрдік. Ең басты құндылықтарымыз бастапқы парақтарда жазылғаны белгілі ғой, сол құндылықтардан айырылу кезінде, тіпті, кейбір магистранттар эмоцияларына ерік беріп үлгерді.
Сабақ соңында кері байланыс орнатып, қағаз жүзінің өзінде басты құндылықтарымыздан айырылғанда қандай сезімде болатынымызға куә болып, басты құндылықтарымызға ( ата - ана, туысқан, дос) хабарласып, оларға көптен бері айта алмай, көкейде жүрген, ішкі жан - дүниемізден шыққан, жан тебірентерлік сөздерімізді айттық.
Қорыта айтқанда, біле білсек өмірдің өзі баға жетпес құндылық, сізді қоршаған қоғам, сіз бағалайтын, сізді бағалайтын жандар бар, сіз жоқта – іздейтін, әрдайым көмек қолын созатын, керек кезде жаныңыздан табылатын жандар бар, яғни сіздің құндылықтарыңыз. Бізге қалғаны құндылықтарымызды «бар» кезінде бағалау. «Құндылық» сөзінің түпкі мағынасына үңіліп, әр адамға ой саларлық дүниелермен танысуға бірден - бір себеп болған « Басқару психологиясы» пәні, осы пән арқылы қазіргі кездегі актуалды тақырыптарды емін - еркін талқылап, әр магистрант өз пікірін ашық, айқын жеткізіп, тың мәліметтермен танысып отқан жайы бар.
Жубаназарова Н. С.
Тленчиева Н. С.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.
Қалдыбай Есбол Қошқарұлы
Сайлауов Айдын Нурланович
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
физика - техникалық факультетінің 1 курс магистранттары
Жастардың ұғымындағы ең жоғарғы құндылық
- ramuk_b
- 12 қараша 2022
- 696
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жастар, ең жоғарғы құндылық, өмірлік құндылықтар
Ұқсас жаңалықтар:
Жалғыздық – тұлғаның дамытуына әсер етуші фактор ретінде
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – білім мен ғылымның орталығы, жоғарғы білім беруде көш бастайтын оқу орны. Еліміздің білім деңгейі,...Білім биігінде: басқару психологиясы
Кәсіби әрі шебер білім беруде жоғары деңгейде аянбай еңбек етіп келе жатқан орта, қазақтың қара шаңырағы – әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық...Денсаулық – салауатты өмір кепілі
Табиғаттың ең қымбат жемісі дені сау адам болып табылады. Адам өміріндегі ең маңызды құндылық – денсаулық. Әрбір адам өз денсаулығы үшін жауапты және...Денсаулық – зор байлық
Табиғаттың ең қымбат жемісі дені сау адам болып табылады. Адам өміріндегі ең маңызды құндылық – денсаулық. Әрбір адам өз денсаулығы үшін жауапты және...Қазақстанда дінтанушы мамандарды даярлау үдерісі
Шығыстың атақты философы, ойшыл Әбу Насыр ибн әл - Фарабидың есімімен Қазақ Ұлттық Университеті еліміздегі алдыңғы қатарлы жетекші жоғарғы оқу орны...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.