Ресей Украинадағы соғыс салдарынан апат болатынын ескертті
Соғысқа байланысты ресейлік демографияны нағыз апат күтіп тұр, деп атап өтті демографтар. Украинадағы соғыс Ресейде бала туу көрсеткішінің рекордтық төмендеуіне әкелуі мүмкін, деп хабарлады Bloomberg Гайдар институтының демография және адам капиталы зертханасының қызметкері Игорь Ефремовтың бағалауына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, алдағы айларда қақтығыстардың жалғасуы туу көрсеткішінің төмендеуіне әкеліп соғады, бұл ел үшін рекордтық төмен көрсеткіштер – бір әйелге 1, 2 бала. Бұл Ресейде бір - ақ рет – 1999 - 2000 жылдары байқалған екен.
Ефремовтың айтуынша, соғыс пен жұмылдыруды келесі көктемнің соңына дейін жалғастыру «апатты» болады. Осыған байланысты Ресейде 2023 жылдың ортасынан 2024 жылдың ортасына дейін туу көрсеткіші 1 миллион адамға дейін төмендеуі мүмкін, деп есептейді ғалым.
Ресейдегі өлім - жітімнің жалпы саны қазір жылына орта есеппен шамамен екі миллион адамды құрайды, өткен жылы бұл пандемия салдарынан 2, 5 миллион адамға жетті. Соғыс салдарынан отбасылар балалардың пайда болуын белгісіз мерзімге кейінге қалдыруға мәжбүр болады, деп күтілетін демографиялық тесіктің себептерін түсіндіреді.
Ал соғыстың әсері соғұрлым күштірек, жұмылдыру ұзаққа созылатынына ғалым сенімді. Онымен жоғары экономика мектебінің демографы Елена Чурилова да келіседі. Оның пікірінше, белгісіздік жағдайында көптеген ресейлік ерлі - зайыптылар бала тууды «жағдай тұрақтанғанға дейін» кейінге қалдыруы мүмкін.
Жұмыс күшінің қартаюына және көші - қонға байланысты демографиялық өзгерістер Ресей экономикасына үлкен қауіп төндіреді, деп жазады Bloomberg. Bloomberg мәліметінше, Ресей экономикасы қазірдің өзінде жас жұмысшылардың айтарлықтай тапшылығын сезінуде.
Эмиграция, туу деңгейінің төмендігі және соғысқа байланысты шығындар әлеуетті өсімге нұқсан келтіріп, қатаң салық саясатына әкеліп соқтырады, өйткені үкімет тууды көбейту саясаты арқылы қысқарған жұмыс күшін қалпына келтіруге тырысады, деді Ресей бойынша Bloomberg Economics - тің экономисі Александр Исаков.
Жақын арада Ресей халқын одан да тез жоғалта бастайды, ол бірден бірнеше жас санаттарында азая бастайды. Бұл туралы белгілі ресейлік сарапшы Анатолий Несмиян жазды. Ал, Украинаға қарсы соғысқысы келмейтін бірнеше жүз мың әскерге шақырылғандар Ресейден қашып кетті. Дезертирлер Қазақстанға, Грузияға, Моңғолияға, Арменияға кетті.
Керімсал Жұбатқанов
Ресей Украинадағы соғыс салдарынан апат болатынын ескертті
- ramuk_b
- 22 қазан 2022
- 474
- 0