Сайтқа кіру Тіркелу

Түркия Ататүрікті еске алу күнін атап өтті

Түркия Ататүрікті еске алу күнін атап өтті

Түркияда Ататүрікті еске алу күні жыл сайын 10 қарашада тойланады. 1938 жылдың дәл осы күні Түркия өз ұлы ұлынан және батырынан айырылды. Түркия Республикасының Тұңғыш Президенті және негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрік резиденциясында қайтыс болды.
Сол уақыттан бері жыл сайын 10 қарашада Ататүрік қайтыс болған кезде – 9 сағат 5 минуттан бүкіл ел бойынша бір минут үнсіздік жарияланады. Осы уақытта жол бойымен жүріп келе жатқан жеңіл көліктер, автобустар, пойыздар тоқтайды. Теңіздердегі моторлы кемелер қозғалысын тоқтатады, ал ұшақтар ұшуын кейінге қалдырады.
Ататүрік қазіргі түрік мемлекетінің негізін қалаушы ғана емес, сонымен қатар ХХ - ші ғасырдағы көрнекті халықаралық саяси қайраткер болды. Түркияның халық көсемі билік еткен жылдардағы басты жетістіктері елдің егемендігін алып, еуропаландыруға бағытталған бірқатар маңызды реформалардың жүргізілуі болды.
Ататүрік латын әліпбиін енгізді, мұсылман мектептерін жойды, әйелдер құқығы үшін күресті. 1923 - 1938 жылдар аралығында билік еткен Мұстафа Кемал Ататүрік өз міндеттерінен шегінбей, түрік қоғамының әлеуметтік, мәдени, экономикалық және саяси құрылымдарында орасан зор өзгерістер жасады.
Түркияның негізін қалаушыны еске алуға арналған жерлеу шаралары әдетте 9 және 10 қарашада жалғасады. Осы уақыт ішінде Түркияның оқу орындарында салтанатты шаралар өтеді. Анкарадағы Мұстафа Кемал Ататүрік ескерткіштері мен оның Аныт қабір бейітіне гүл шоқтары қойылады.
Бұл күндері Түркияның ойын - сауық орталықтары, ойын - сауық мекемелері жабылып, мемлекеттік тулар түсірілуде. Президенттік симфониялық оркестрдің концерт залында Түркия Президенті Р. Ердоған Ататүрікті еске алу күніне арналған салтанатты шарада естелік сөз сөйледі.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ - Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Түркия 2023 жылдың аяғына дейін Айға өз зымыранды ұшыруға ниетті

Түркия 2023 жылдың аяғына дейін Айға өз зымыранды ұшыруға ниетті

Түркияның ұлттық ғарыштық бағдарламасының басты миссиясы - бұл елдің жүз жылдық мерейтойы кезеңінде Айға алғашқы қону, деп мәлімдеді түрік көшбасшысы...
Мұстафа Кемал Ататүрік – ХХ ғасырдың І жартысындағы ұлы әлемдік саясаткер

Мұстафа Кемал Ататүрік – ХХ ғасырдың І жартысындағы ұлы әлемдік саясаткер

ХХ ғасырдың басында Осман империясының құлдырауы соңғы шегіне жетті. Осман империясы болашақ Түрік Республикасы, ислам дінбасыларының қоғамдық...
Түркия Қара теңізде үлкен газ кен орнын тапты

Түркия Қара теңізде үлкен газ кен орнын тапты

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның Қара теңіздегі ең үлкен табиғи газ кен орнын ашқанын айтты....
«Түріктердің әкесі» немесе «Ұлы түрік» туралы бірнеше сөз

«Түріктердің әкесі» немесе «Ұлы түрік» туралы бірнеше сөз

ХХ ғасырдың басында Осман империясының құлдырауы соңғы шегіне жетті. Осман империясы болашақ Түрік Республикасы, ислам дінбасыларының қоғамдық...
Қырғи - қабақ соғыстың басталуына не себеп болды

Қырғи - қабақ соғыстың басталуына не себеп болды

Бір кездері патшалық Ресейге тиесілі болған КСРО - ға 26 мың шаршы км түрік территориясына қайтару ниеті, бірнеше саяси қайраткерлердің пікірінше,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×