Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз
Қазақстан Тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына - 30 жыл. Бүгінде Орта Азиядағы іргелі мемлекетке айналып, 30 жыл уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке-дара дербес ел екенін дәлелдей білді. Тәуелсіз ел атанып, керегеміз кеңейіп келеміз. Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы, ең басты құндылығы.
Тәуелсіздік жылдары еліміз тарихи тұрғыдан қысқа мерзім ішінде ғаламат табыстарға қол жеткізгені белгілі. 30 жыл ішінде Қазақстан айтарлықтай әлеуметтік және экономикалық жетістіктерге ие болды. Мемлекеттік рәміздер бекітіліп, биліктің тиімді жүйесі қалыптасып, ұлттық валюта енгізілді, Қарулы Күштер құрылды. Елдің Негізгі Заңы қабылданып, шет мемлекеттермен дипломатиялық қатынастар орнатылып, еліміз беделді халықаралық ұйымдардың мүшесі болды. «Қазақстан - 2030» Стратегиясы қабылданды. Тұрғын үй құрылысы бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамыды. Түрлі салаларда ауқымды бағдарламалар, соның ішінде үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы, «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» іске асырылды. Жаңа аурухана мен емхана, мектеп және балабақша салу арқылы әлеуметтік инфрақұрылым жаңартылды. Нарықтық экономикаға көшудің және елді жаңғыртуға бағытталган түбегейлі реформаларды жүзеге асырудың нәтижесінде қол жеткіздік. Сондай-ақ, экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және қоғамның әлеуметтік бөлінісін азайтуға мүмкіндік берді.
Біз өскелең жастар, тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз, біз тәуелсіздіктің ұрпағымыз. Мемлекеттің ғұмыры баянды болуы үшін біз мықты болуымыз керек. Дені сау ұлт болу, білім, ғылым жолына өмірімізді арнау басты мақсатымыз болуы шарт. Тәуелсіздік жастардың әлеуетімен өлшенеді.
Ата-бабамыздың ансаған арманы - тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп, еркін өмір сүріп жатқан біз - шынайы бақытты жандармыз. Ендігі мақсат – осы еркіндікті баянды ету. Тәуелсіздік тұғырлы болсын! Еліміздің келешегі, Қазақстанның болашағы өз қолымызда.
Өзенбек Еркебұлан
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Тарих, археология және этнология факультетінің
Ғылыми тарих мамандығының 4 курс студенті.
Ғылыми жетекші: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің аға оқытушысы
С. Смағұлов
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз
- ramuk_b
- 2 қазан 2021
- 1130
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тәуелсіздік, тәуелсіздік күніне мақала, тәуелсіздікке 30 жыл
Ұқсас жаңалықтар:
16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
Мемлекеттің саяси тәуелсіздігі - бұл басқаларға бағынуды қоспағанда, тәуелсіздік құқығы. Тәуелсіздікке жету жолы көптеген халықтар үшін көптеген...«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Тәуелсіздік
Тәуелсіздік – халқымыздың мақтандысы Тәуелсіздік – еліміздің жаттандысы Тәуелсіздік – ұлтымыздың азаттығы, Тәуелсіздік – жеріміздің ғажаптығы....Тәуелсіздік шыңы
2016 жылғы 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы. Бұл — мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке....Жайнай бер, жасай бер, менің Қазақстаным! атты іс - шара
Қазақстанның Тәуелсіздігі туралы айту арқылы студенттер бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.