Сайтқа кіру Тіркелу

Онлайн – саяхат. Алматы. Тарих және қазіргі заман

Онлайн – саяхат. Алматы. Тарих және қазіргі заман

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында әлемнің әр елінен келген ұлт өкілдері қазақ және орыс тілдерін меңгеріп, қазақ халқының салт - дәстүрін, ата тарихынан білім алуда.
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының заманауи қазақстандық мәдениетті əлемге танытып, ұлттық мәдениетті, қасиетті рухани құндылықтарды, білім мен ғылым саласында жеткен жетістіктерін дәріптеп, шетелдік азаматтарға кеңінен таныстыруда үлесі зор деп есептеуге болады. Еліміздегі Ұлы тұлғаларды, тарихи - мәдени ескерткіштерді халыққа, шетелдіктерге таныту, оларды насихаттау, тарихын жете зерделеу, жаңғырту, сақтау, дамыту – ұлттық бірегейліктің басты тірегі болып табылады. Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында жүргізілетін тәрбие жұмыстары да – оқу үдерісінің ажырамас бөлігі. Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – тіл үйреніп жатқан шетелдік азаматтарды жаңа ортаға бейімдеу, қазақ елінің тарихымен, мәдениетімен таныстыру. Осы бағытта кафедра оқытушыларының жетекшілігімен құрылған «Қазақ елін тану», «Саяхат» клубтары, «»Аймақ тарихы және мәдениеті» орталықтары өз жұмыстарын жандандыруда. Қала өмірімен таныстыру мақсатында клуб, орталық жетекшілері тіл үйренушілерге онлайн форматта «Алматы. Тарих және қазіргі заман» атты іс - шара өткізіп, Алматы қаласының өткені мен бүгінгі күнгі тарихымен таныстырды. Тянь - Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында орналасқан Қазақстанның ең үлкен қаласы – орта ғасырларда Алмалы, 1921 жылға дейін – Верный, қазір – Алматы деп аталатын әсем қаланың әр кезеңі туралы бейнебаяндар көрсетіліп, қаланың көрікті жерлері таныстырылды. Тянь - Шань кейде Тәңір тау деп аталатын биік шыңның жоталарының етегінде орналасқан ертегідегідей қаланың әсем табиғаты мен әлемге әйгілі апорт алмасының керемет бейнелерін көрген шетелдік азаматтар көпке дейін ұмыта алмастай әсер алғанын айтуға болады. Қаланың сәулетті жерлері, мұражай, театр, сауда және ойын - сауық орталықтары, саяжайлар мен демалыс орындары да назардан тыс қалмады. Осындай жүргізілетін кең ауқымды жұмыстар онлайн форматында болса да, шетел азаматтары әсем Алматы қаласы жайында мол мағлұмат алып, олардың қазақ елін тануға деген қызығушылықтарын оятады деген сенімдеміз.

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары:
Дүйсенбаевав Р. И
Азнабакиева М. А.
Қурманова Т. В.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Онлайн дөңгелек үстел өтті

Онлайн дөңгелек үстел өтті

Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құзыреттілікке бағытталған тәсіл контекстінде білім беру бағдарламалары мен оқу пәндері...
Ұлт ұстазы – А. Байтұрсынұлы туралы іс - шара өтті

Ұлт ұстазы – А. Байтұрсынұлы туралы іс - шара өтті

2020 жылдың 23 қазанында тәрбие жұмысы бойынша "Көңілді әндер" музыкалық клубы жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік...
Тарихы терең Алматы!

Тарихы терең Алматы!

Бүгінде табиғаты өте керемет, көркімен де әдемі, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...
«Гай Го Сай» мерекесі

«Гай Го Сай» мерекесі

Еліміздегі Ұлы тұлғаларды, тарихи - мәдени ескерткіштерді халыққа, шетелдіктерге таныту, оларды насихаттау, тарихын жете зерделеу, жаңғырту, сақтау,...
Шетелдік студенттер Есік мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайын тама ...

Шетелдік студенттер Есік мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайын тама ...

Бүгінгі жаһандану үдерісінде Қазақстанның мәдениет тарихында мұражайлар ерекше орын алады. Мұражайда көрсетілген мәліметтер мен заттар – тарих куәсі,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×