Сайтқа кіру Тіркелу

«Қазақстанға қош келдіңіз!» атты іс - шарасы өтті

«Қазақстанға қош келдіңіз!» атты іс - шарасы өтті

Ел Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев биылғы 2021 жылды – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы ретінде жариялады. Бұл – жаңа мемлекет құруға атсалысқан бүкіл Қазақстан халқының ерен еңбегінің тарихи шежіресі, барша Қазақстан халқына тағылымды кезең, ортақ өнегелі өлшем болып табылады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнайы "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетіндегі шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен «Қазақстанға қош келдіңіз!» атты онлайн форматтағы мерекелік іс - шара халықаралық деңгейде өтті.
Бұл мереке әлемнің әр елінен келген ұлт өкілдеріне тіл меңгертіп, қазақ халқының салт - дәстүрін, ата тарихын дәріптеп, жаңалыққа толы, инновациялық дамудың әдіс - тәсілдерін меңгеріп жатқан ұстаздар еңбегін елге таныту мақсатында өтіп, кафедра жұмысының нәтижесін кеңінен таныстыруға зор мүмкіндік берді.
Ұлттың дамуы – білім құндылықтарынан бастау алады десек, осыдан 35 жыл бұрын бой көтерген біздің кафедра бүгінде шетелдік жастарға лайықты білім беріп, тәрбиелеп, сара жолға салатын білім мекеніне, университетіміздегі ең беделді кафедраның біріне айналды. Тамыры бекіген кафедрамыз бүгінгі күнде көркейіп, озық та инновациялық технологиялар мен білікті қызметкерлердің ерен еңбегінің арқасында жаңару үстіндегі білім мекеніне айналып, дамуын жалғастыруда.
Іс - шараға әлемнен Қазақстанда тіл үйреніп, білім алғысы келетін шетелдік азаматтар және әр елдің консулдығы мен білім - мәдени орталықтар, шетелдік компаниялар өкілдері, шетелдегі жоғары оқу орындарынан қонақтар қатысты.
Бұл іс - шараны университетіміздің халықаралық қатынастар департаментінің директоры Смаилова Айжан Болатханқызы салтанатты түрде ашып, қонақтарға және шетелдік талапкерлерге университетіміздің тарихы, осында білім алу келешегі туралы және факультет, кафедра тарихынан сөз қозғай отырып, күні бүгінге дейінгі жетістіктерін айтып, кафедраның қазіргі таңдағы орны мен маңыздылығына тоқталып өтті. ЖОО дейінгі білім беру факультетінің деканы Жаппасов Жарылқасын Еркінұлы осы мерекеге арналған кіріспе сөз сөйлеп, кафедра туралы, оқу үдерісін, студенттік өмірді ұйымдастыру жайында сөзге тиек етті. Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігінің жетекшісі - ұйымдастыру комитетінің тең төрағасы Коропченко Алексей Анатольевич және университетіміздің тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры Есимова Жұлдыз Дәпенқызы құттықтау сөз сөйлеп, өз жылы лебіздерін білдірді.
Іс - шарада қазақ және орыс тілдерінен І Халықаралық онлайн олимпиада қорытындылары айтылып, жеңімпаздар жарияланды. Сондай - ақ, VІІІ Халықаралық Фараби оқуларының аясында өткен студенттер мен жас ғалымдардың ХХХVІ халықаралық ғылыми конференциясының белсенді қатысушылары атап өтілді.
Іс - шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Концерттік бағдарламаға Қытай, Корея, Ауғанстан, Түркия, Италия, Испания, Швейцария, Жапония және басқа да елдерден қазақ және орыс тілдерін онлайн оқып жатқан шетелдік студенттер қатысып, ән орындап, өз тілдерінде атақты ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқи отырып, қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін, өз білімдерін, өнерлерін көрсете білді. Студенттер орыс және қазақ тілдерін меңгерудегі өз жетістіктері туралы мақтанышпен айтып, өз оқытушыларына алғыс білдірді. Шетелдік студенттер мен оқытушылар дайындаған концерттік нөмірлер жиналған жұртшылық көңілінен шықты.
Бұл шетелдік студенттердің рухани - мәдени білімдерін көтерудің өзгеше формасы, әрі шетелдік студенттердің ой - танымын қалыптастырудың негізі болар бірден - бір жақсы әрі маңызды іс - шара болды.

А. Е. Саденова
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті

Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың (www. kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң «ҮІІІ...
Тарихы терең Алматы!

Тарихы терең Алматы!

Бүгінде табиғаты өте керемет, көркімен де әдемі, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...
«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті

«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті

Қазіргі форс - мажорлық жағдайда әрі қиын кезеңде, яғни коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқан...
«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті

«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Шетелдіктерге арнайы өткен «Ашық есік күні»

Шетелдіктерге арнайы өткен «Ашық есік күні»

Жақында әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында келе жатқан, әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×