Сайтқа кіру Тіркелу

Жазушы Арман Қанидің пікіріне байланысты бірер сөз

Жазушы Арман Қанидің пікіріне байланысты бірер сөз

«Қазақ тілін білмейтіндерді Ресейге депортациялап, лагерьлерге қамайық» атты мақаласында жазушы Арман Қани мақаласында қазақ тілін оқытудың өте радикалды әдістерін қолдану арқылы ғана мемлекеттік тіл мәселесін шешуге болады деп санайды.
Оның пікірінше, Қазақстанда қазақ тілінде сөйлемейтін азаматтардың саны жүз мың емес, миллиондап есептеледі.
«Қазақстанда мемлекеттік мәртебеге ие қазақ тілін меңгермеген азаматтардың саны жүз мыңдап емес, миллиондап саналады! Ондайлар Үкімет пен Парламент төрінен бастап ауылдық кеңестер мен ауыл әкімдіктерінің кеңселеріне дейін отыр. Қазақша айтылған сауалдың мағынасын түсінбейтін министрлер мен мемлекеттік тілдегі төрт сөйлемнен тұратын ант мәтінін оқи алмайтын мәжіліс депутаттары біздің елде ғана бар шығар. Сол «шіркіндердің» орысша сөздеріне құлағы үйреніп, еті өліп кеткен жеке меншік мекемелердің қызметкерлері қазақ тілін керек қыла ма? Ал ондайларға тілді мәжбүрлеп оқыту, үйрету заңнамада және бағдарламаларда қарастырылмаған.
Менің ойымша, қазақ тілін үйретудің мынадай бес әдісін қолдансақ қана мемлекеттік тілдің мәселесін шеше алатын сияқтымыз:
1. Қазақша қақпайтын министрлер мен Парламент депутаттарына, сондай - ақ барлық деңгейдегі шенеуніктер мен халық қалаулыларына Елбасының: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген аталы сөзінің мән - мағынасын түсіндіріп, үгіт - насихат жұмыстарын жүргізу;
2. Мемлекеттік тілді білмейтін шенеуніктерге, жеке меншік нысандар иелеріне, кәсіпкерлерге қазақ тілін үйренгенінше ай сайын ірі мөлшерде айыппұл салып отыру. Нәтиже шықпаса қызметінен босату;
3. Мемлекеттік тіл салтанат құрмаған мемлекеттік және жекеменшік мекемелерді, ұйымдарды (Президент әкімшілігі, Үкімет, Парламенттен бастап барлық деңгейдегі мемлекеттік мекемелер, халыққа қызмет көрсету нысандары, жекеменшік сауда орындары, т. б.) тарқату, жұмысын тоқтату, тек қазақ тілін меңгерген, сонымен қатар, қажеттілігіне қарай орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлей алатын кадрлармен жасақтап қайта құру;
4. Мемлекеттік тілді білмейтін шенеуніктерді, жеке меншік нысандар иелерін, кәсіпкерлерді Қазақстан азаматтығынан айырып, Ресей Федерациясына көшіріп жіберу;
5. Мемлекеттік тілді мәжбүрлеп оқыту лагерьлерін ашып, қазақша қақпайтын шенеуніктерді, кәсіпкерлерді белгілі бір мерзімге қамау, тек қазақ тілінен емтихан тапсыра алғандарын ғана еркіндікке шығару.
Қазақ тілін мәжбүрлеп үйретудің осындай бес әдісі ғана ойыма келіп тұрғаны…
Ал кең қолданыста жүрген мемлекеттік тілді білмейтін азаматтардың аты - жөнін, қызмет орнын БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы жұртшылыққа жария етіп масқаралау, тіпті ар - ожданын қорлау әдісі нәтиже берсе, кәнеки.
«Сонымен, мемлекеттік тілдің мәселесін қайткенде шеше аламыз? Кімде қандай пікір, ұсыныс бар? Мархабат», - деді жазушы Арман Қани». (https://kznews. kz/zhanalyqtar/qazaq - tilin - bilmejtinderdi - resejge - deportacijalap - lagerlerge - qamajyq/)
Менің ойымша, жазушының 4 мен 5 ұсыныстары ақылға сыймайтын және елдің тыныштығына мен қауіпсіздігіне мен тұтастығына үлкен қауіп төндереді екен. Сондайменен біз туған елімізді: 1) азамат соғысына әкелеміз.
Азамат соғысы - бұл мемлекет ішіндегі жинақталған әлеуметтік қайшылықтарды шешудің ең өткір түрі, ол ұйымдасқан топтардың немесе аз жағдайда бұрын біріккен елдің құрамына кірген халықтар арасындағы ауқымды қарулы қақтығыс түрінде көрінеді. Тараптардың мақсаты, әдетте, елдегі немесе белгілі бір аймақтағы билікті басып алу. Азаматтық соғыстың белгілері - бұл бейбіт тұрғындардың қатысуы және нәтижесінде айтарлықтай шығындар;
2) Біз тек Ресеймен емес, басқа дамыған демократиялық елдермен өз қатынастарын толыққанды құртамыз. Әйтеуір, Тәуелсіздіктің 30 жылында Қазақстан, мүмкіндігінше, Ресеймен, Қытаймен, АҚШ, Еуро Одақ елдермен бірі біріңді құрметтейтін мен өзара пайдасы бар халықаралық және мемлекетаралық қарым - қатынастарын дамытып жатыр;
3) мен ешкімді қорқытуға тырыспаймын, бірақ Украинаның Қырым мен Донбасс оқиғалары бізге үлкен сақтықты талап қойып отыр. Қазақ айтады: «Сақтықта – қорлық жоқ!»
Қазақ халқына сан жағынан көбею керек, ал онымен қоса жақсы жағынан сапалыққа қол жеткізу керек. Қазақ тілінде қазақ көбейген сайын тіл мәселесі бейбіт және әділ шешімін табады деп ойлаймын!

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ - Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Эстонияда олар орыс тілін үйренуі болашағы жоқ деп аталды

Эстонияда олар орыс тілін үйренуі болашағы жоқ деп аталды

Эстониялық журналист Приит Хыбемяги елдегі орыс тілін үйренуі үмітсіз деп атады, өйткені Ресей Эстония үшін «достық емес» мемлекет. Журналист...
Ресей басып алынған Қырым мен Донбассқа жыл сайын 5 миллиард долларға дейін ...

Ресей басып алынған Қырым мен Донбассқа жыл сайын 5 миллиард долларға дейін ...

Ресей мемлекеттік бюджеттен әскери және мемлекеттік қызметшілерді Украинаның уақытша жаулап алынған территорияларында - Қырым және Донбасты...
АҚШ - ры пен Еуро Одақ Украинаға қолдау білдірді

АҚШ - ры пен Еуро Одақ Украинаға қолдау білдірді

АҚШ - ның Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео, ЕО сыртқы істер министрі Жозеп Боррелл және ЕО сыртқы істер министрлері трансплантикалық серіктестіктің...
«Тіл дамыту» курсы

«Тіл дамыту» курсы

Шет ауданы, Ақжал кенті, Ш. Батталова атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кусайнова Мугилсим Сатбековна...
Қазіргі кездегі мемлекеттік тілдің қолдану аясы

Қазіргі кездегі мемлекеттік тілдің қолдану аясы

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Ә. Молдағұлова орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жубанова Амангул Ермековна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×