Сайтқа кіру Тіркелу

35 жылдық мерейтойға орай өткізілген ашық есік күні

35 жылдық мерейтойға орай өткізілген ашық есік күні
Қара шаңырақ саналатын әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» онлайн форматта болып өтті. Кафедраның мерейтойымен қатар өткізілген ашық есік күніне шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары мен Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия, Ауғанстан, Сирия, Түрікменстан және басқа да елдерден шетелдік студенттер қатысты. Сондай - ақ, бұл аталған мазмұнды шараның өтуіне орай ҚазҰУ - нің Бірінші проректоры М. Бүркітбаев, Алматыдағы Қытай Халық Республикасы Бас консулдығының ғылым және техника жөніндегі консулы Ми Гуйсюн, түрікмен орталығының төрағасы Г. А. Аннакулиева, Мажарстан Бас консулдығының сауда - экономикалық қатынастар жөніндегі кеңесшісі Дердь Тар, Ланчжоу университеті шет тілдер кафедрасының өкілдері және тағы да басқа елдердің арнайы өкілдері онлайн байланысқа шығып, жүрекжарды тілектерін жолдады.
Алғашқылардың бірі болып университеттің Бірінші проректоры М. М. Бүркітбаев мырза сөз сөйледі. Ол кафедраның құрылу тарихына тоқтала келе, тілдерді оқыту бойынша кеңес одағы кезінен бастап тілді шет тілі ретінде оқытатын теңдесі жоқ кафедра екенін баса айтты. Екінші болып сөз сөйлеген Алматыдағы Қытай Халық Республикасы Бас консулдығының ғылым және техника жөніндегі консулы Ми Гуйсюн қазақ және орыс тілдерін қытай өкілдеріне тиісті деңгейде үйретіп, тәрбие беріп жатқандығына алғыс білдіріп, алдағы уақытта да бірлесе еңбек етіп, тіл үйрету бағытындағы жұмыс жалғасын табады деген үмітте екенін жеткізді. Сонымен қоса кафедрада бірнеше жыл бұрын оқып кеткен, факультет түлектері, соған қоса Мәскеу лингвистика университетінің түлектері кафедраны мерейтойымен құттықтаған қазақ тіліндегі виедожолдауларын жіберді. Және де онлайн мерекелік шараға кафедраның құрылған жылдарынан бастап жұмыс істеген, қазіргі кезде құрметті демалыста отырған ардагерлер де құрметті қонақ ретінде қатысты.
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының меңгерушісі, профессор А. Е. Саденова мерейтойға байланысты ұйымдастырылған шараға онлайн форматта қатысқан арнайы қонақтар мен шетелдік студенттерге кафедра ұжымы атынан алғыс білдіре отырып, факультет пен кафедра тарихына, оның жұмысына тоқталып өтіп, қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде меңгертуде аталмыш кафедраның Республикадағы алдыңғы қатардағы кафедра екенін тілге тиек етіп, оның білім беру саласындағы жетістіктері жайлы айтып өтті. Сөз соңында кафедра меңгерушісі қазақ және орыс тілдерін үйрену үшін Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетіне келіп, білім алуға шақырды.
Мерекелік шара кафедра оқытушылары мен шетелдік тыңдаушылардың қатысуымен арнайы дайындалған мерекелік концертке ұласты. Концертте қазақ және орыс тілдерін меңгеріп жатқан тыңдаушылар өздері аталмыш шараға арнайы дайындаған өнерлерін көрермендер назарына ұсынды. Ал факультетте қазақ тілін меңгеріп жатқан Оңтүстік Кореялық тыңдаушылар «Сағындым Алматымды» әнін тамылжыта, нақышына келтіре орындап, көрермен қошеметіне ие болды. Оқытушылар мен студенттердің дайындаған концерттік нөмірлері қалың жұртшылықтың көңілінен шықты. Мерекелік кеш соңында жүргізушілер онлайн форматта өткен мерекелік іс - шараны ұйымдастырған оқытушылар мен тыңдаушыларға, сонымен бірге Skype платформасында онлайн өткен жиынға қатысып, тілек білдірген кеш қонақтарына ризашылығын білдірді.

М. П. Ешимов, Г. Ә. Мұсаева, Р. И. Дүйсенбаева
Шетелдіктердің тілдік және жалпы
білім беру дайындығы кафедрасы
Кері қайту
[tags]
Ілмек сөздер:
Ұқсас жаңалықтар:
Әл - Фараби – ғұлама ғалым

Әл - Фараби – ғұлама ғалым

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы шетелдік тыңдаушылар...
Тарихы терең Алматы!

Тарихы терең Алматы!

Бүгінде табиғаты өте керемет, көркімен де әдемі, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...
«Тіл - біздің тұтастығымыз»

«Тіл - біздің тұтастығымыз»

Жыл сайын Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлап, атап өтеді. Осы мерекеге орай жақында әл - Фараби атындағы Қазақ...
«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті

«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Шетелдіктерге арнайы өткен «Ашық есік күні»

Шетелдіктерге арнайы өткен «Ашық есік күні»

Жақында әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында келе жатқан, әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×