Сайтқа кіру Тіркелу

Факультеттегі іс - шаралар онлайн форматта жалғасуда

Факультеттегі іс - шаралар онлайн форматта жалғасуда

Қазіргі кезде әлемді жайлаған коронавирус бүкіл елді есеңгіретіп, салын суға кетірді. Дегенмен әлемді тығырыққа тіреген коронавирус індетімен жұмылған жұдырықтай болып бүкіл әлемдегі аздамзат өкілі барын салып күресуде. Пандемия еліміздің барлық саласына айтарлықтай кесірін тигізуде. Әлем бойынша экономикалық жағдай көзді ашып жұмғанша өзгеруде. Әйтсе де ел тізгінін ұстаған азаматтар мен басшылар оның алдын алу шараларын, тәуекелдерді ескере отырып, экономика мен нарықты дамытудың негізгі басымдықтарын қайта қарауға мәжбүр болуда.
Пандемия тек әлем экономикасы мен нарығына ғана кері әсер етіп қойған жоқ, оның білім саласына да келтірген зияны айтарлықтай. Дегенмен білім саласы мамандары мен оның басшылығы қиын - қыстау сәттен шығудың, сабақты ұйымдастырудың оңтайлы жолдарын қарастырып, оны жүзеге де асырып жатыр.
Жоғары оқу орындары онлайн форматта дәріс өтудің әртүрлі платформасын таңдаған. Соның ішінде қара шаңырақ саналатын әл - Фараби атындағы ҚазҰУ да онлайн форматта сабақ өту үшін Zoom платформасын таңдаған. Платформа өте ыңғайлы әрі сапалы деген пікірлер де жоқ емес. Әрине, дәстүрлі түрде дәріс оқып үйреніп қалған оқытушылар үшін онлайн дәріс өтуге арналған мұндай платформалардың қыр - сырын, техникалық жағын түсіну де оңай болған жоқ. Алайда ЖОО оқытушылары бұл қиындықты да еңсеріп келе жатыр.
Қара шаңырағымыздағы факультеттер онлайн форматта сабақ өткізетіндігіне қарамастан, жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін тәрбиелік әрі ғылыми іс - шараларын өткізу мен ұйымдастыруды тоқтатқан емес, пандемияға қарамастан аталмыш шараларды онлайн түрде өткізуді жалғастыруда. Солардың бірі Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті. ЖОО дейінгі білім беру факультеті елімізде шетелдіктерді тілдік дайындықтан өткізетін ең алғаш құрылған факультет. Іргелі де тарихы терең факультетте білікті мамандар мен тәжірибелі оқытушылардан жасақталған. Факультет екі кафедрадан құралған. Бірі Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы, екіншісі Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедралары. Факультет құрамына кіретін екі кафедра да, сонымен қатар кафедрада тәрбиелік мақсатта жұмыс істейтін әртүрлі клубтар мен үйірмелер 2020 - 2021 оқу жылына арналған барлық тәрбиелік әрі басқа да іс - шараларын онлайн форматта өткізуде. Атап айтар болсақ, «Абайдың ән шығармашылығы», «ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын талдау», «Әл - Фараби – шығыстың ұлы ойшылы», «Алматы театрлары», «Қашықтықтан оқыту», «Біз біргеміз», «ҚазҰУ – талапкерлерін арманын жүзеге асыратын білім ордасы» т. б. әртүрлі сарындағы тәрбиелік және танымдық мақсаттағы іс - шаралар ұйымдастырылып, онлайн форматта өткізіліп жатыр. Тыңдаушылар өздерін қызықтырған тақырып аясында ұйымдастырылып жатқан шараларды қызығушылықпен тыңдап, белсенді түрде қатысып, өздері тарапынан туындаған, көкейінде жүрген сауалдарды қойып, оларға тұщымды жауаптар да ала білуде.
Әлемді сансыратқан пандемияға ерік берместен, сүйікті ісі, ұрпақ тәрбиелеу жұмысына сәттіліктер тілеп, уақытша қиындықтарға мойымай, жас буынға білім беру ісін жалғастырып, білімді ұрпақ тәрбиелеп шығуына тілекшіміз!

ЖОО дейінгі білім беру факультетінің аға оқытушылары
М. П. Ешимов, С. Р. Нұртілеуова
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Әл - Фараби – ғұлама ғалым

Әл - Фараби – ғұлама ғалым

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы шетелдік тыңдаушылар...
Ұлт ұстазы – А. Байтұрсынұлы туралы іс - шара өтті

Ұлт ұстазы – А. Байтұрсынұлы туралы іс - шара өтті

2020 жылдың 23 қазанында тәрбие жұмысы бойынша "Көңілді әндер" музыкалық клубы жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік...
Тарихы терең Алматы!

Тарихы терең Алматы!

Бүгінде табиғаты өте керемет, көркімен де әдемі, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...
«Тіл - біздің тұтастығымыз»

«Тіл - біздің тұтастығымыз»

Жыл сайын Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлап, атап өтеді. Осы мерекеге орай жақында әл - Фараби атындағы Қазақ...
«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті

«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті

Қазіргі форс - мажорлық жағдайда әрі қиын кезеңде, яғни коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқан...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×