Сайтқа кіру Тіркелу

«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті

«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті.
Қазіргі форс - мажорлық жағдайда әрі қиын кезеңде, яғни коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқан іс - шараның бірі – қашықтан білім беру.
Қашықтан білім беруге әл - Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті еш қиындықсыз көшті. Себебі университетімізде қашықтан білім беру департаменті жұмысының нәтижесінде шетелде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқитындарға және сырттай екінші мамандық алушыларға арналған Dl. kaznu. kz пен жалпыға арналған Open. kaznu. kz ашық онлайн платформасында, сонымен қатар Univer. kaznu. kz жүйесінде де қашықтан оқытуға мүмкіндіктер қарастырылған.
Қашықтан білім берумен қатар, студенттермен онлайн түрде түрлі рухани - танымдық іс - шаралар жүргізілуде.
Арнайы мамандандырылған интернет - платформалары арқылы әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен «Наурыз – жыл басы!» атты қазақ, орыс тілдерінде онлайн - іс - шара өткізілді.
Аталған мазмұнды шараға Қытай, Корея, Ауғанстан, Түркия, Филиппин, Германия, Испания, Швейцария, Жапония және басқа да елдерден қазақ және орыс тілдерін оқып жатқан шетелдік студенттер онлайн түрде қатысты.
Бұл онлайн - шара барысында сөз алған шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушысы М. А. Азнабакиева баяндамасымен таныстырды. Ол Наурыз – еліміз үшін жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, сонымен қатар, атап өтетін жағдай, бұл мерекенің негізгі мағынасы мен маңызы көптеген халықтар үшін ортақ болып табылатынын, бұл жаңалықтың, жаңа бастау мен жаңарудың күні екенін айтып өтті.
Осы кафедраның аға оқытушысы Т. В. Курманова өз сөзінде "Ұлыстың ұлы күні" аталатын бұл мерекенің тарихы тереңде жатқанын, Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс - салтында бағзы замандардан бері орын алғанын, Наурыз (парсыша «нау» - жаңа, және «руз» - күн ) – жаңа жылдың бірінші күні, көктемнің басы, жаңару күні екенін, қазақтар бұл мейрамды Әз - Наурыз мейрамы деп те атайтынын атап айтты. Одан кейін шетелдік студенттер Әз - Наурыз мейрамы жайлы өз ойларын ортаға салып, қызу талқылады. Бұл іс - шарада шетелдік студенттер қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін, өз білімдерін көрсете білді.
Шетелдік студенттер бейне таспа арқылы Қазақстан Республикасындағы "Ұлыстың ұлы күні" наурыз мерекесінің тойлануымен таныса отырып, елімізде бұл мереке кезінде салт - дәстүрмен толық танысып, ұлттық тағамдардан дәм татуға болатынын тамашалай алды. «Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара рухани - мәдени тұрғыда диалог түрінде шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.
Бұл шетелдік студенттердің рухани - мәдени білімдерін көтерудің өзгеше формасы, әрі шетелдік студенттердің ой - танымын қалыптастырудың негізі болар бірден - бір жақсы әрі маңызды іс - шара болды.

Ж. Е. Жаппасов., А. Е. Саденова.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстел өтті

Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Білім беруді цифрландыру жағдайында әл - Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи...
«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті

«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Шетелдіктерге арнайы өткен «Ашық есік күні»

Шетелдіктерге арнайы өткен «Ашық есік күні»

Жақында әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында келе жатқан, әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда...
Шетелдік студенттер Есік мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайын тама ...

Шетелдік студенттер Есік мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайын тама ...

Бүгінгі жаһандану үдерісінде Қазақстанның мәдениет тарихында мұражайлар ерекше орын алады. Мұражайда көрсетілген мәліметтер мен заттар – тарих куәсі,...
Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ

Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, студенттердің шығармашылық белсенділігін дамыту мақсатында өткізілген “Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ ”...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×