«Бүгін менің туған күнім, ой пәлі - ай» әдеби – композициялық кештің жүрісі
Кештің мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндері мен поэмаларымен танысу. Ақынның өлеңдері мен поэмалары арқылы жасөспірімдерді әсемдікке, елжандылыққа, елін - жерін сүюге талпындыру.
Видео көрсетіледі. «Бүгін менің туған күнім ой пәлі - ай!»
1 - жүргізуші: Батар күн, келер күн, атар таң, шығар күн,
Бәріңе, бәріңе, бәріңе құмармын.
Осы мен осылай мәңгілік тұрармын,
Осы мен сірә де өлмейтін шығармын.
2 - жүргізуші: Өмірім сірә де, әріден басталған,
Әріден басталып, мәңгіге тасталған.
Осы мен өлмейтін, өлмейтін шығармын,
Сәл ғана мызғып ап қайтадан тұрармын.
1 - жүргізуші: Бүгінгі 9 «ә» және 10 - шы сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Бүгін менің туған күнім ой пәлі - ай» атты М. Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби - композициялы кешімізге қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Бүгін менің туған күнім,
Ой, пәлі - ай!
Мына адамдарнеге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім - ақ,
Тәңірдің бір жарытпай - ақ қойғаны - ай!»,- деп мұңдаған ақынның өмірден өткеннен кейінгі туған күндері халық болып тойланатын болды. Бүгінде біз бен сіз болып ақынымыздың туған күніне жиналып отырмыз. Артына өшпес із қалдырған ақиық ақынымызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.
1 - жүргізуші: М. Мақатаев - ғажайып, ақиық, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстардан шабыт алатын ақын.
2 - жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. Аламан бәйгеге оза шауып, өлең - жырда шамасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Олай болса қыран тағдырлы ақынның өмірбаянымен таныстыратын 10 - сынып оқушылары: (3 оқушы).
1 - жүргізуші: Ақын өзінің аз ғана ғұмырында өшпес із, жалынды жырларын қалдырды. Оқырманды тәнті еткен «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек», «Моцарт» атты дастандары бар. Қазіргі таңда ақынның сөзіне жазылған әндер эстрада төрінде шырқалып жүр.
2 - жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем әнмен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар,
Әсем ән мен тәтті күй,- деп Абай атамыз айтқандай әнге кезек берейік. ---------------------орындауында «Жас қайың» әні.
1 - жүргізуші: Түзу - түзу жыртылған аңыздайын,
Аңызыма неге нәр тамызбайын?
Қара өлеңі қазақтың қаза болса,
Қара көзден неге қан тамызбаймын?!
10 - сынып оқушысы ----------------------- «Жоқ, дәрігер!»өлеңі.
2 - жүргізуші: Отан!
Отан!
Сен болмасаң не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен өтер ем.
Жалғыз мекен - Отаным!,- деп тайға таңба басқандай жазып кеткен ойлары, бүгінгі, болашақ ұрпақтың бәріне айтылған ақыл - өсиет. Бұл сөздерді әрбір қазақ жүрегіне үкі етіп тақса артық етпейді. Ендеше ақынның Отанына, туған жеріне, қазақ еліне арнаған өлеңдеріне кезек берелік.
«Апырмай, туған жер - ай»
«Қазақ жері»
«Қазақстан»
«Отаным»
«Елім барда»
1 - жүргізуші: Поэзия - адам жанын тебіренткен, айтылмай, бейнеленбей тынбайтын өктем рухтың бейнесі. Мұқағали ақынның өзі де поэзияға арнап қаламынан жыр төккен.
2 - жүргізуші:
«Поэзия»
«Ей, өмір»
«Дос болам десең»
Күй: «Еркесылқым». Орындайтын 9 «ә» сынып оқушысы ----------------------
1 - жүргізуші: Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кететін ақын жоқ. Өйткені махаббат мәселесі - бұл мәңгілік тақырып.
2 - жүргізуші: Иә, махаббат әлемін Мұқағалидай жырлаған адам жоқ шығар.
Мұқағали ақынымыздың «Махаббат диалогы» біздің нұсқамызда. --------------- қарсы алыңыздар.
1 - жүргізуші: Ақын махаббатқа бас иді, оның кеудесі сарқылмас сағынышқа толы, ал сағына білген адам сүйе біледі, сағына білген адам өзге жанды түсіне алады, жұбата да алады. Олай болса махаббат лирикасына арнаған туындысы «Жүректесің».
Сондай махаббат тақырыбындағы ең тамаша туындысы «Ғашықпын».
----------------------------- орындауында «Есіңе мені алғайсың»
Ақын шығармаларының үлкен бір саласы поэмалары. «Ильич» 1964 жылы, «Мавр» 1970 жылы, ең асылы, ең биігі «Аққулар ұйықтағанда». Бұл поэма 1973 жылы «Жалын» жинағында жарияланған.
2 - жүргізуші: Олай болса «Аққудың қанатынан жазылған сыр» Аққулар ұйықтағанда поэмасынан үзінді.(көрініс: Аққулар ұйықтағанда)
1 - жүргізуші: Гүлдана, кеш басталғалы бері ақынымыздың өлеңдері оқылып жатыр. Осында отырған көрермендер ақынымыздың өлеңдерін жатқа білеме екен?
2 - жүргізуші: Білмеу мүмкін емес. Ендеше ойын ойнайық. Осы отырғандардың қайсысы болсын Мұқағали ақынымыздың өлеңін жатқа оқыса сыйлық берейік.
(ойын ойнатылады)
1 - жүргізуші: 10 - сынып оқушысы ----------------- «Сәби болғым келеді»
2 - жүргізуші: Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа еліктемейтін ақын жоқ. Мұқағали жайлы қаламынан төкпеген ақын, жазушылар кем де кем.
Сырбай Мәуленовтің Мұқағалиға жазған естелік сөзі.
1 - жүргізуші: Ақынымыздың жолын қуып жүрген жас ақындар бізде жоқ емес. Олай болса ақынға арнаған арнауларымен мектебіміздің ақындары өз жырларын жырлайды.
2 - жүргізуші: Міне, бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар деп ойлаймыз.
1 - жүргізуші: Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт игілігіне асыратын 21 - ші ғасырдың жастары - сендерсіңдер!
2 - жүргізуші: «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан - жылға, ғасырдан ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали мәңгілік өмір.
1 - жүргізуші: сонымен ақиық ақынға арнаған «Бүгін менің туған күнім, ой пәлі - ай» атты әдеби - композициялы кешіміз аяқталды. Ендігі кездескенше аман - сау болыңыздар.
2 - жүргізуші: Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай.
Бүгін менің туған күнім, ой пәлі - ай әдеби – композициялық кеш
- Мөлдір
- 16 ақпан 2017
- 3853
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы, бүгін менің туған күнім, ой пәлі - ай
Ұқсас жаңалықтар:
Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби-сазды кеш «Жырлайды жүрек»
Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М. Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы...Бала Мұхаметқалидан ақын Мұқағалиға дейін
Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқанындай жарқырай түсуде....Жүрегі - жыр, пейілі - поэзия
Қазақ поэзиясында ерекше нұрланып, жұлдыздай жарқырап өткен, Хантәңіріндей асқақ тұлғалы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай жатақхана...Мұқағали - мәңгілік ғұмыр
Қош келіпсіздер, өлеңсүйер, өнерсүйер қауым! Ақпан айы – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың дүниеге келген айы. Тума талант бұл күнде өмірден өтсе де,...Бүгін менің туған күнім!
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Бөрте ортп мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жакенова Айнур Базарбаевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.