Сайтқа кіру Тіркелу

Оқушылар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез құлық ерекшеліктері

БАЯНДАМА
Тақырыбы: Оқушылар мен жасөспірімдердің суйцидтік мінез құлық ерекшеліктері
(Ата - аналарға арналған)

Бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі, оны қоршаған ортаға, әсіресе, отбасы мен ұстаздар қауымының парасаттылығына байланысты. Педагогикалық этиканы сақтай отырып, баламен сөйлесу, оған жылы қабақ таныту, қолдау, оның көңіл – күйінің бұзылу себептерін анықтауға мүмкіндік береді. Баланың қиналып жүрген сәтінде көңіліне демеу болар, ақыл – кеңес берер досы, ұстазы, ата – анасы болса, оның өз өміріне қасақана қол сұғып, өзін – өзі өлімге қимасы анық.
Сондай – ақ, жасөспірімдер арасындағы суицид материалдық жағдайы жоғары отбасында да орын алып жатқандығы ескеріліп, баланың мұндай әрекетке баруы ата – аналардың балаларына көп көңіл бөлмей, сырласпауы жайында да үлкен әңгіме болып отырғаны белгілі. Сондықтан да, біз жасөспірімдердің өтпелі кезеңіндегі қиындықтардың алдын алу жұмыстарын қолға алып отырып, ата – аналармен тығыз байланыста жұмыс жасау керек.
Зерттеулерге сүйенсек, өзіне – өзі қол жұмсау оқиғасының 41 пайызы - жұмбақ жағдайда, 18 пайызы – жан - күйзелісінің салдарынан, сондай – ақ, 19 пайызы – кесімді жазадан қорыққаннан, 18 пайызы – отбасындағы жағдайлардан, 6 пайызы – махаббат «ауруының» салдарынан болған.
Жыл сайын елімізде өзіне – өзі қол жұмсау нәтижесінде 3000 бала қайғылы қазаға ұшырайды. Олардың жасы бар болғаны 14 – 17 аралығында.
Өзіне – өзі қол жұмсар алдында мына жағдайлар жиі кездесетін ұмытпаңыз:
- сабақ үлгерімі төмендейді;
- қарым – қатынасы шектеледі;
- қызығушылық деңгейі баяулайды;
- көңіл – күйі болмайды, тез ашуланады;
- тәбеті төмендейді немесе ашқарақ болады,
- ұйқысыздыққа ұшырайды;
- өлім туралы әңгіме айтады немесе қорқытады;
- жеке заттарын ретке келтіреді;
- достарына алғыс сезімін білдіріп, жылы қоштасады.
Өзін – өзі өлтіру әрекеті мынадан көрінеді:
• қатты ренжу, жалғыздық, жабырқаушылық, жұртқа жұмбақ болып көрінуі;
• ата – ананың сүйіспеншілігін сезінбеу, қызғаныш, махаббаттағы сәтсіздік;
• ата – аналардың қазасы, ажырасуы, біреуінің жанұясын тастап кету;
• өзін кінәлі сезінуі, ұятты болуы, қорлану, ар – ұятының тыным бермеуі, өзіне – өзі риза болмауы;
• мазақ, күлкі болудан қашу, мезгілсіз жүкті болу, махаббаттағы күйініш – сүйініштер;
• жазаланудан қорқу, сұрауға бата алмау;
• көк алу, зығырданы қайнау, қауіпті сезіну, бопсалау;
• жұрт назарын өзіне аудару, аяныш туғызу үшін, күрделі жағдайдан құтылу;
• жолдастарына, оқыған кітаптары мен кино кейіпкерлеріне еліктеу.
Өзін – өзі құрбандыққа шалуға байланысты ұшқары пікірлер:
Мына сөздер жалған, шындыққа жанаспайды:
Қанында бар, тұқым қуалайды. Мұны әлі ешкім дәлелдеген жоқ.
Ақыл – ойында кемістік барлар ғана өзін – өзі өлімге қияды. Зерттеу олардың 80 – 90 пайызы мүлдем дені сау екенін көрсетеді.
Өзіне – өзі қол салушылықты алдын ала білу мүмкін емес, оны тоқтата алмайсың. Дағдарыс уақытша құбылыс, адам бұл кезде жанына жылу, көм ек, қолдау күтеді.
Егер көмек дер кезінде болса ол өз райынан қайта алады.
Көмектесу үшін не істеу керек?
- Жылы қарым – қатынас орнатыңыз.
- Оны мұқият тыңдай біліңіз.
- Жанама сұрақтармен тексеріңіз.
- Жалған ақыл – кеңес беруші болмаңыз.
- Тығырықтан шығу жолын көрсетіңіз.
- Үмітін оятыңыз.
- Осындай жағдайға ұшырап, бірақ кейін жол тапқандар туралы айтыңыз.
- Баланы жалғыз қалдырыңыз.
Сіздің кішкентай адам ұрсу мен ұру, ащы айқай мен жекіруден, жазалаудан гөрі, ата – ананың пайдалы кеңестерін, қаталдық пен таяқтан гөрі мейірім мен қамқорлықты, ата – ана сүйіспеншілігін қажет етеді.
Бірақ өкінішке қарай өмірде осындай сүйкімді жандарға біз сүйіспеншілікпен қарай бермейміз.
Бала өзін үлкендер тарапынан жасалатын психологиялық қысым мен күш көрсетуден қорғауға дәрменсіз келеді.
Бірақ балалар біздің қылығымызды, бір – бірімізге қарым – қатынасымыздағы айқайға, дөрекілігімізге, қаталдығымызға, егер осының бәрін көзінше істесек тез үйреніп алады.
Үйдегі заңсыздыққа бойы үйренген бала басқаның да құқығын сыйламайтын, ол туралы ойланбайтын болады, керісінше жанұяда жақсы қарым – қатынаста өскен бала ертең қайырымды болып өседі. Баланы түзу өсіретін қорқыту – үркіту емес, оның еркін өсуі жан – жақты дамуына игі әсер етеді. Біздің үйдегі балаға абайламай айтқан сөзіміз, ойланбай істеген қылығымыз кей кезде баланың қылығына байланысты емес, өзіміздің шаршағандығымыздан, келеңсіздіктерімізден, жолымыз болмаудан, реніштерден болуы да мүмкін.
Осындай сәттегі балаға деген айқайымыз, оны ештеңеге үйретпейді, оны қорлайды, жасық қылайды, өмірге деген құштарлығын тежейді.
Ата – ана баланың жон арқасын тілу арқылы баланың тәрбиесіне тез қол жеткіздім деп ойлайды, бірақ тәртіпке салу көз бен құлақ арқылы келетінін қаперіне алмайды. Аз уақыт тәртіпке қол жеткізген ата – ана бала жүрегіне өтірік пен жалғандықтың дәнін екенін, баланың қалыпты дамуын қанша уақытқа тежегенін, байқай алмай қалады.
Балаға қаталдықпен қарау олардың бойында өкіну сезімі емес, тіпті басқа қылықтар қалыптастырады:
1) Қорқыныш, қарсылық, реніш.
2) Жәбірлеу, қорлану, кектену.
3) Адамгершілік қасиеттерге мойынсұнбау.
4) Алдау мен жалғандыққа бейімділік.
5) Дұрыс шешім қабылдау қабілетін жоғалту.
6) Мейірімділік пен зұлымдықтың ара жігін ажырата алмау.
7) Ненің «дұрыс», ненің «бұрыс» екенін білмеу.
8) Өзін – өзі сыйламауды.
9) (Баланы жиі ұрса) өзін және айналасындағыларды жек көру.
Баланы қаталдықпен тәрбиенің соңы оның ақыл – ойы мен әлеуеттілігінің кеш дамуына әкеліп соқтырады.
Қол жұмсау мен жазалау ақыр соңында бала мен оның ата – аналары үшін қайғылы жағдайларға соқтыруы мүмкін, бала не үшін жазаланғанын түсінуден қалады, жақсы мен жаман қылықтарды айыр алмайтын халге жетеді.
Бірақ мұндай жағдайдан шығудың жолы бар, әрине бұл кезде алдымен күш – қуаты мол ақыл тоқтатқан үлкендер көмекке келуі керек.
Әрине бала дегеніміз – кішкентай періште еместігін әркім де біледі, оны тәрбиелеу оңай емес. Бірақ бала ата – ананы өздерінің өрескел қылықтарымен қандай да болсын күрделі жағдайда қалдырғанымен, тұйықтан баланың адамдық қасиетін құрметтей отырып, олардың жеке басын қорламай, денесіне таяқ тигізбей – ақ шығуға болады.
Оқыс қылығы үшін баланы қайтсең де жазалау керек екені белгілі бола тұра мынандай ақыл – кеңестерге назар аударып көрейік:
Тұйықтықтан шығу жолдары:
1. Балаңызды әрдайым тыңдауға және түсінуге тырысыңыз, балаға қатысты қандай мәселе болса да назар аударыңыз. Баланың көзқарасымен әрдайым келіспегеніңізбен, ата – аналық борышыңызды адал атқару арқылы баланың жан – дүниесіне адамгершілік қасиеттерді ендіруге болады.
2. Шешімді балаңызбен келісе отырып, м бірге қабылдаңыз, әрі оған өз бетімен шешім қабылдауға мүмкіндік беріңіз. Себебі, бала өзі ұнатқан ережелермен өмір сүргенді жақсы көреді. Әрине, соңғы сөзді ата – ана айтуы мүмкін, бірақ кей шешімдердің орындалуын балаңыздың таңдауына қалдырған да орынды;
3. Бала қателік жібермес үшін ыңғайға қарай оқиғаның алдын алып, дұрыс жағына қарай бұрып жіберген де орынды болып табылады.
4. Баланың демалуына жағдай жасап, іс – әрекеттің бір түрінен екіншісіне ауыстырып отырыңыз.
5. Баладан бірдеңе талап етсеңіз оған нақты, айқын бұйрықтар беріңіз. Ол бір нәрсені түсінбей немесе ұмытып қалса ашу шақырмаңыз. Қайтадан ренжімей, шыдамдылықпен өз талабыңыздың төркінін түсіндіріп отырыңыз. Кей бала қайталап айтуды қажет етеді. (жарты шарлары, есте сақтау, т. б.).
6. Балаға үйіп – төгіп тапсырма бергенше бірте – бірте орындайтын жұмыстар пайдалы.
7. Баланың күші жетпейтін жұмыстар беріп, зорықтыру барлық жағынан зиянды.
8. Ашу үстінде ағат қылықтарға бармас үшін, өзіңізге тоқтау сала отырып, алдымен ненің дұрыс – бұрыс екенін байқап алыңыз, бала теріс қылыққа неге барды, ойланыңыз.
9. Бала тап болған жағдаяттың қиындығы неде, сіз оған қалай көмектесе аласыз, қалай қолдау көрсетуге болады ойланыңыз!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ата-аналармен жұмыс жүргізу жолдары

Ата-аналармен жұмыс жүргізу жолдары

Мақсаты: Балабақшамен ата - ана арасындағы қарым - қатынасты күшейте отырып, отбасында балаға ата - ананың ықпалын арттыру. Бала тәрбиесінде ата -...
Баланың балабақшаға бейімделуі

Баланың балабақшаға бейімделуі

Баланың әлеуметтенуі қашан қайта басталады? Әрине бірінші отбасында және балабақша келгенде. Балабақша таныс емес үлкен адамдармен, балалармен...
Балалардың балабақшаға бейімделуі

Балалардың балабақшаға бейімделуі

Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды, балалармен...
Адам өмірі – басты құндылық

Адам өмірі – басты құндылық

Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Бисен Жаникешев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің психологі Тлепова Алия Еркаевна...
Cуицидтің алдын алу (ата аналармен жұмыс)

Cуицидтің алдын алу (ата аналармен жұмыс)

Мына ақпаратқа назар аударсақ Жыл сайын 10 – 20 миллион адам суицид жасауға бекінеді....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×