Сайтқа кіру Тіркелу

Көңілді старт

Мақсаты: Оқушылардың шапшаңдыққа, дәлдікке баулу денсаулықтарының шымыр да мықты болуына ықпал ету, салауатты өмір салтына, әдемілікке тәрбиелеу
Түрі:Көңілді старт
Көрнекілігі: Шарлар, Шарларға жазылған жазулар қажетті құрал-жабдықтар: Доп, қапшық, скакалка, әр түрлі фигуралар, қасық, тостаған, картоп, корзина т.б

Жүру барысы:
Құрметті көрермендер, ұстаздар! Ұстаздар мерекесіне орай бастауыш сынып мұғалімдері мен 2,3 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып отырған «Толағай» көңілді старт ойынына қош келдіңіздер!

Бүгінгі ойынымыздың турларымен таныстырып өтейін:
1. Таныстыру
2. Қап арқылы секіру
3. Кедергілер арқылы доппен жүгіріп өту
4. Скакалкамен секіру
5. Аяқтың арасына допты қыстырып жүгіру
6. Картоп егу және қыстырып жүгіру
7. Суды қасықтап тасу
8. Паравоз ойыны
Ал біздің сайысымызды тамашалап қана қоймай, әділ бағаларын беретін әділқазылар арамызда отыр:
1.
2.
3.
4.
5.
Ойын барысында ескерілетін мәселелер: оқушыларды қатыстыру, екі команданың ұпайын есептеп, жеңген команданы анықтау, марапаттау. Әр ойынның қорытындысын айту.
Ендеше сайысымызды бастаймыз!
1. Таныстыру
2. Қап арқылы секіру
3. Кедергілер арқылы доппен жүгіріп өту
4. Скакалкамен секіру
5. Аяқтың арасына допты қыстырып жүгіру
6. Картоп егу және қыстырып жүгіру
7. Суды қасықтап тасу
8. Паравоз ойыны
Осымен ойынымыз аяқталуға таяу. Бүгінгі сайысымызды қорытындылау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Осымен «Толағай» сайысы аяқталды. Өмірлеріңіздің әр күні осындай жеңістер мен сәттіліктерге толы болсын!

Нәтижесінде І орынды 4 «а»,3 «а»,2 «а» сыныптары «Жігер» тобы иеленсе, ал ІІ орынды 4 «ә»,3 «ә»,2 «ә» сыныптары «Сұңқар» тобы иеленді.

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.
Көрнекілігі: „Қыз-елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), „Өнер таусылмас азық»(қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.
Барысы: 1-жүргізуші. Қайырлы күн, құрметті көрермендер!
2-жүргізуші. Бүгінгі „Көктем аруы» атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші. Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
„Қыз өссе елдің көркі»деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
2-жүргізуші. Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
1-жүргізуші. Дана қыз өнерлі
Бойға өнер жиған қыз.(2 «а»)

Алла қыз білімді(2 «ә»)
Меңгерген бар ілімді

Ақтоты қыз елгезек
Алады тез тіліңді.(3 «ә»)

Ақша бетті Айкөркем
Ұқсайды хор қызына(4 «а»)

Сәулет үлбіреп
Қос жанары мөлдіреп(4 «ә»)
2-жүргізуші. Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
1-жүргізуші. Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып өз өнерін көрсетеді. Сайысымыз 5 турдан тұрады.
1. Өзін- өзі таныстыру.
2. Сұрақ-жауап.
3. Қазақтың оюын ою
4. Өнерін көрсету
5.Ой толғау
2-жүргізуші. Кел, достар, бастайық,,
Бастайық той кешін.
Қызықтан еш адам,
Қалмасын құр қалып.
1-жүргізуші. Бірінші сайыс -өзін-өзі таныстыру.
Көңілге түй сен мұны,
Әр бүлдіршін –ел гүлі.
Бақытты елде туғаның
Есіміңнен белгілі.

2-жүргізуші. Екінші сайыс-қыз сұлу көрінеді білімімен.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
1-жүргізуші. Әдет-ғұрып, салт –дәстүрі қазақтың,
Жарасымды үйлесімді ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық..
(Сұрақтарға жауап)
2-жүргізуші. Үшінші сайыс-өнерліге өріс кең.
Өнерсізден қашып жүр,
Өнермен үлгі шашып жүр.
Өнерді көп білетін дана болар,
Өнерсіздің ісі шала болар.
(Қане, қыздардың өнерін тамашалайық)

1-жүргізуші.Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше өнерпаздардың өнерін тамашалайық.
2-жүргізуші. Енді сөзді төрешілерімізге берейік.(Ұпайларын қорытқанда, қыздардың ұлттық киімін, сайыс бойы өзін қалай ұстағанын, сөйлеу мәдениетін, жүріп-тұрғанын- бәрін де есептеген жөн.)
Қорытынды. Әділқазылар сөз алып, әр номинация бойынша (Көктем аруы, көрермен көзайымы, білімді қыз,өнерлі қыз, дарынды қыз, тапқыр қыз) жүлде тағайындайды.
1-жүргізуші. Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
2-жүргізуші. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз құт –береке , бірлік әкелсін.

«Өнерлі балғын» байқауы
Мақсаты: бастауыш сынып оқушылардың арасында шабытын шыңдап, өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып, өнерлі бүлдіршіндер қатарын жаңа жас таланттылармен толықтыру
Түрі: Байқау
Көрнекілігі: Суреттер слайдпен, нақыл сөздер
Жүру барысы:
І.Бишілерім баладан
Сүйріктей туған анадан
Қамқорлық керек сіздерден
Сәті түсер саладан
Бала өнері халықтың
Бар кәдеге жараған
II. Нұрын шашып әлемге келер көктем
Қырға шығып қарашы қандай көркем
Құлпырған бүлдіршіндер наз күлкісі
Көздің жауын алатын қандай көркем!
(Муз. фонында ортаға II жүргізуші шығады. )
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бастауыш сынып оқушылардың арасында шабытын шыңдап, өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып, өнерлі бүлдіршіндер қатарын жаңа жас таланттылармен толықтыру мақсатында өткізгелі отырған «Өнерлі балғын-2011» атты байқауға қош келдіңіздер!
Өнерлі бала –сүйкімді-демекші байқауымызға қатысқалы отырған оқушыларды ортаға шақырамыз!
1.
2.
3.
4.
5.
Алдыменен сіздерге байқаудың шартын түсіндіріп өтейін:
Байқау 3 номинациясы бойынша өнерлі балғынды анықтаймыз! Сол анықталған өнерлі балғын аудандық «Өнерлі балғын-2011» байқауына жолдама алады.
І. Би номинациясы(жеке,топтық)
ІІ. Ән номинациясы(жеке,дуэт,трио)
ІІІ. Күй номинациясы
ІV. Сурет номинациясы
VІ. Қолөнер номинациясы
Қолыңда болса бар билік
Қараға залым болмаңыз
Алдыңа келсе бітпей дау
Әділдік айтып қорғаңыз
- осы байқауымызға әділ бағасын берер әділқазыларымызбен таныстырып кетейін:
I. Жексенова Айжан – мектебіміздің бастауыш сыныптар бойынша тәлімгері
ІІ. Оразова Гүлмира – Бастауыш сынып мұғалімі
ІІІ.Жантілеуова Бақытгүл- Бастауыш сынып мұғалімі
IV. Мергенғалиева Сандуғаш – технология пәнінің мұғалімі
Бүлдіршіндер өнеріне тамсандыңдар
Шын көңілмен шаттанып қол соғыңдар
Таудай талап жетелеп бүлдіршіндер
Келе жатыр қанеки қарсы алыңдар
.
(Оқушылар ортаға кеп өнерлерін көрсетеді)

1-жүр: Қазылар алқасының да шешімі дайын болған шығар! Қанекей, қарсы алайық!
2-жүр: Келесі кездескенше сау болыңыздар
Кері қайту
Ілмек сөздер: Көңілді старт, сайыс
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×