Сайтқа кіру Тіркелу

Ұстазыңды ұлықта

Ұстазыңды ұлықта
Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Мәдениет және саз» бөлімінде ұстаздар мерекесіне арналған түрлі іс шаралар, тәрбие сағаттары, ардагер ұстаздармен кездесу кештері өткізілді.
Ондағы мақсат: Студенттерге үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білуге үйрету. Студенттерді ардагер ұстаздарды құрметтеуге, сыйлауға, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі - Ұстаз. Осы ұстаздарымыздың төл мерекесімен құттықтап«Мәдениет және саз бөлімінде» КТХ - 105 тобы топ жетекшісі Жусупова Айнур Ерболатқызы «Ұстаздарым асылым» атты тәрбие сағатын өткізді.

Білім табалдырығын жана аттап жатса да бұл топ пен топ жетекшісі ұстаздарға арнап әдемі кеш сылай білді. СБ - 415 тобы топ жетекшісі Қарғабаева Айгүл Бақытбекқызы«Ұстаздар ұлы тұлғалар» атты мерекелік ән шашуын студенттерін жұмылдыра отырып ұйымдастыра білді.

Кеш соңында ұстаздарды биге шақыра отырып гүл шоқтарын ұсынды. КТХ - 205 тобы да топ жетекшісі Ергалиева Гүлжанар Сейлханқызы ұстаздарға арнайы шақыру билеттерін жасай отырып «Ұстаздарға мың тағзым» атты мерекелік кеш ұйымдастырды.

Кеште ұстаздарға арналған өздерінің жүректерінен шыққан өлең шумақтарын арнады.
СБ - 305 тобы топ жетекшісі Карина Гүлнар Сағынышқызы «Ұстаз ұлы тұлға» атты тәрбие сағатын өткізді.

Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып демекші ақылдың кенін арқалаған, шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаған, еңбек жолдарының бастауы болған, сан алуан шәкірттерге білім беріп, тағлым - тәрбие беруде тарихтан ойып тұрып орын алған қасиетті қара шаңырақ Ақтөбе гуманитарлық колледжінің ардагер ұстаздарымен кездесу кеші өткізілді. Ұйымдастырған «Мәдениет және саз» бөлім оқытушылары Байсейтова Жадыра Есенғалиқызы және Жусупалиева Венера Оразалықызы, Даулетиярова Рима Елешқызы.

Сонымен қатар қабырға газеттері шығарылып, шақыру билетері жасалынды.

Мұғалімдер күні мерекесіне арналған бүкіл қазақстандық «Ұстазыңды ұлықта!» акциясын жариялау, студенттерге дәріптеу мақсатында тағы бір кеш өткізілді. Ұйымдастырған «Мәдениет және саз бөлім» меңгерушісі Қартанова Айгүл Әбдіхалыққызы және музыка пән оқытушылары Уракова Дина Рысжақызы, Умурзакова Замзагул Қуанышқызы.

Бастық болғын, тіпті ғалым болсаң да,
Білім берген жақсыларды ұмытпа.
Болашаққа нық қадаммен жол салып,
Тәлім берген ҰСТАЗДАРДЫ ҰЛЫҚТА.

Ақтөбе гуманитарлық колледж оқытушысы:
Булекеева Назгул Сериковна
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×