Сайтқа кіру Тіркелу

Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс - әрекеті

Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс - әрекеті
Адамның жеке басын қалыптастыру негізі бастауышта қаланатыны бәрімізге белгілі. «Бастауыш мектептің негізгі міндеттері – баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету; олардың қабілеттерін ашып, дамыту, оқуға деген ынтымақтастық тәжірибесінің берік дағдыларын меңгерту»,- делінген Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында. Осы міндетті ойдағыдай орындау үшін, әрбір жас балаға, оқыту, тәрбиелеу, дамыту жұмыстарын ұштастыра жүргізіп, оқушыны жан - жақты қамтамасыз етуге дайын болуымыз керек,- дейді көптеген педагогтарымыз (С. Рахметова, Ж. Адамбаева). Бастауыш мектеп - бұл оқушы тұлғасы мен сапасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезең. Сондықтан да бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы.

В. А. Сухомлинскийдің айтуы бойынша, бала өз күшіне деген сенімін ешқашанда жоғалтпауы, өзінің қолынан еш нәрсе келмейтінін сезінбейтін болуы тәрбиешінің педагогтық көрегендігі болып табылады. Әр жұмыс оқушы үшін аз да болса алға қарай ілгерілеу болуы қажет. «Баланың білместігін құрметтей біліңдер»,- деген поляк педагогы Януш Корчактың осынау сөздерінің мұғалім үшін маңызы зор.

Оқушыларға қазақ тілі білімінің қыр - сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез - келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз болмақ. Осы орайда оқушылардың білім деңгейін арттыру – маңызды іс. Бұл мәселе көптеген жылдар бойы қарастырылып келе жатыр. Сондықтан, қазақ тілінің қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс. Бұл бастауыш сыныпта оқытуда орындалады.

Бүгінгі бөбек – ертеңгі азамат – қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші – бастауыш мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек балғын бөбектерге білім мен тәрбие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді.
Ұстаздың әрбір қылығы оқушыға әсер қалдырып, оның ары қарай жетілуіне ықпал ететіні бәрімізге белгілі. Мұғалім – оқушы атаулыға үлгі болатын өмірінің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші, баланы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан.

Қазіргі заманымызда оқушының білім деңгейін көтеру мәселесі ең басты мәселелердің бірі болып отыр. Оқушының білім деңгейін көтерудегі басты тұлға – ұстаз екені бәрімізге белгілі. Оқушының білім деңгейін көтеру дегеніміз – оқушыны жан - жақты тәрбиелеп, ғылым негіздерінен берік білім беру, болашақ қоғамға пайдалы қызмет ететін азамат етіп шығару. Оқушының бойындағы білімін ары қарай тереңдетіп, жетілдіре түсу. Оқушының білім деңгейін көтерудегі мұғалімнің іс - әрекеті деген не?- деген сұраққа жауап іздеп көрейік.

Өзім 22 жылдан бері бастауыш сыныпта сабақ беремін. Қала балалары орыс тілді болып келеді. Сондықтан жазба жұмыстарында қазақ қазақ тіліне тән дыбыстарды қолдану қиындығы (әріптерді тастау, қатар келген дауыссыз дыбыстардың біреуін жазбай кету сияқты қателер( үнемі кездесіп отырады.
Қазақ тілі сабағында мына сөйлемдегі сөздер қай ережемен сәйкеседі? Сөйлемді оқып қатесіз жаз. Сөйлемдегі қатеңді түзет. Жаңа сабақты бекіту кезінде түрлі топтамалар, суреттер, дидактикалық материалдар арқылы өз бетінше жұмыстар істеледі, өтілген материалдарды пысықтау кезінде ойын элементтері қолданылады, диктант жазғаннан кейін, қатемен жұмыстар болады. Бірақ сол қателер кейде қайталана береді.
«Нәтиже неліктен жоқ?», «Әлі де не істеу жетіспейді» деген санаулы сұрақтарыма жаңа технологиялармен терең танысқаннан кейін жауап тапқан сияқтымын. Сөйтіп мен өзімнің осы бағыттағы ескермей жүргендерім деп мыналарды есептеймін:
1. Даму жан - жақты емес, сынар жақ бағытта жүргізіледі.
2. Тапсырма жалпы беріледі.
3. Іс ұжымдасып атқарылмайды, біріккен әрекет қана бар.
4. Өзара шынайы сұхбат жоқ, тек мәлімет алмасу жүргізіледі.
5. Басты мақсат - адам тәрбиелеу емес, жоспарды орындау ғана.
Бұрын сәтсіздіктен қашып, оқуға талаптанбайтын, білім қажетін ескермейтін, құнды ақпараттарды енжар қабылдайтын оқушылар, әсіресе, үлгерімі орташа деңгейдегі балалар, адам танымастай өзгереді. Мұның бәрі олардың табысқа жиі жетіп, өз күшіне сенуінің арқасында болып жатқан өзгерістер екені даусыз, өзіне жоғары талап қойып, сәтсіздік себебін өзінен іздейтіндер артты.

№ 60 мектеп лицей
Бастауыш сынып мұғалімі
Алтаева Жанар Алмабайқызы

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабіле ...

Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабіле ...

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге...
Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс

Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс

Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу іс - тәжірибемнен. Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек...
Ғылыми-жаратылыстану сауаттылық құзіреттіліктерін қалыптастыру жолдары

Ғылыми-жаратылыстану сауаттылық құзіреттіліктерін қалыптастыру жолдары

Қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс - әрекеттің ғылыми - практикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің...
Мұғалімдердің біліктілік деңгейін көтеру білім жүйесін жоғары білікті маман ...

Мұғалімдердің біліктілік деңгейін көтеру білім жүйесін жоғары білікті маман ...

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, "№42 орта мектеп" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аманжолова Тана Тастанқызы...
12 жылдық білім беру жағдайындағы бастауыш сынып мұғалімінің моделі

12 жылдық білім беру жағдайындағы бастауыш сынып мұғалімінің моделі

Қызылорда облысы, Арал қаласы, № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қобыланова Айгүл Күлмашқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×