Сайтқа кіру Тіркелу

Мейірімді болса жүрек - орындалар тілек

Мақсаты: Ұстаздарды жаңашылдыққа, инновациялық әдіс тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой - қиялын арттыру.
Міндеті: Жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм және педагогиканың ұйытқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру іскерліктерін дамыту.
Мұғалімнің эмоциялық көңіл - күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту. Ұстаздардың өз кәсібіне деген ынтасын арттыру.
Түрі: Психологиялық тренинг сағаты
Әдісі: Топтық жұмыс, сұрақ - жауап, аппликация, ой бөлісу және пікір алмасу.
Көрнекілігі: Плакаттар, маркерлер, интерактивті тақта, жүрекше, қобдиша, А4, А3

Тренинг ережесі:
1. Белсенділікті арттыру
2. Бірігіп жұмыс істеу
3. Бір - біріне кедергі келтірмеу
4. Өз ойымды ашық айта білуге үйрену
5. Өзіме пайдалы нәрсені алу
6. Әріптестермен жақсы қарым - қатынаста болу.
7. Өзімді еркін ұстауға үйрену

Тренер сөзі: Сәлеметсіздер ме, ұлағатты ұстаздар! Бүгін сіздердің көңіл - күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалап, бір - бірімізбен сыйластық қарым - қатынаста болуға арналған «Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек» тренинг сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
I Сәлемдесу.
Топ шеңбер құрып отырады. Ақырын ғана қол ұстасып, хормен «Сәлеметсіз бе!» деп үш рет дауыстайды (әр дауыстаған сайын, сәлемдесу көтеріңкі болады), үшінші ретте орындарынан тұрып, ұстасқан қолдарын жоғары көтереді.
«Сәлемдесу» жаттығуы
Мақсаты: қатысушылармен сәлемдесу, топқа энергия беру;
Жаттығу барысы
Қатысушыларға шеңбер құрып тұруға және 3 топқа бөліну ұсынылады: «европалықтар», «жапондықтар» және «итальяндықтар». Кейін әрбір қатысушы шеңбер бойымен жүріп, «өз амандасу тәсілімен» барлығымен сәлемдеседі: «европалықтар» қолдарын қысады, «жапондықтар» бастарын иеді, «итальяндықтар» құшақтасады.
II Топқа бөлу: Таңдаған жеміс - жидектеріңізге байланысты үш топқа бөлінесіздер. (банан, алма, алмұрт).
III «Суреттегі ой» жаттығуы: экраннан 3 топқа бөлінген суреттер көрсетіледі.
Тренер сөзі: экрандағы суреттерге байланысты әр топ өз ойларын, түсінгендерін айтып ой бөліседі.

1 - тапсырма: ақ қағазға салынған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан.
Мұғалімдер ойы:
Тренер талдау: Ортасында қара нүктесі бар ақ кеңістік. Бұл бала алғаш дүниеге келгенде ақ қағаздай, сол қағазға ата - анасымен біздердің салған бейнеміз қаншалықты дұрыс болса, сол нәтижесімен салыстыруға болады.

2 - тапсырма: Жарқын шуағын төккен күн шуағының астында әр ұлттың үш баласы қол ұстасып тұрғаны бейнеленген.
Мұғалімдер ойы:
Тренер талдау: Сыртқы түстері әр түрлі болғанымен бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан ұлағатты ұстаздар оларға күн сәулесіндей бірдей мейірім шуағын төгеді.

3 - тапсырма: Біреуді нұсқап тұрған сұқ саусақты бейнелеу.
Мұғалімдер ойы:
Тренер талдау: Біз сұқ саусағымызбен өзгені көрсетіп тұрғанда өзге үш саусағымызбен өзімізді
көрсеткенімізді аңғара бермейміз. Ендеше біз әлдекімді кінәлағанда, өзіміздің кінәміз бар ма, жоқ па, осы жағына көңіл бөлуіміз қажет. Кінәні өзгеден емес, өзімізден іздейік. сіздердің жауаптарыңызда керемет болды, рахмет! Енді, арнайы сіздерге тағы бір сурет көрсетіледі бұл тапсырманы 3 топта орындау керек.

4 - тапсырма: Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген.
Мұғалімдер ойы:
Тренер талдау: Түн. Айнала жым - жырт. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар, ел ұйқыда бірақ ояу бір кісі бар. Ол - мұғалім. Ол қанша жыл ұстаз болғанымен, жұмыста да, үйде де, ертеңгі сабағына үлкен жауапкершілікпен дайындалып келеді. Құрметті әріптестер менімен келісесіздер ме?
Керемет, жарайсыздар!

IV «Еңбек ағашы» жаттығуы: қазір сіздерге үш түрлі cтикерлер таратылып беріледі. Сол қағазға өз ойларыңызды жазып әр қайсысың өз орнына іліп, топ басшысы қорғайды.
- Бұталарға - мұғалім қандай болу керек? (1 - топ)
- Жапырақтарға - мұғалімнің түпкі мақсат - мұраты (2 - топ)
- Гүлдер - мұғалім еңбегінің нәтижесі (3 - топ)
- Жемістер - шәкірт қандай болу керек? (Ортақ тапсырма)

Мұғалімдер ойы:
Тренер сөзі: Міне, сіздер «Еңбек ағашын» құрастырып шығардыңыздар. Сіздің еңбектеріңіздің жемісі осы емес пе? Керемет, өте тамаша! Рахмет!

V «Жұлдызды сәт» тренингі
Жаз мезгілі, түн. Аспанда жұлдыздар жарқырап тұр, самал жел соғып тұр.
Сол жұлдыздарға қарап ең үлкен, ең әдемі, ең жарық жұлдызды таңдап сол жұлдызға арманымызды айтамыз. Оң қолымызды жоғары созып сол жұлдызды аламыз да, алдымызға қоямыз. Көздерімізді ашып, «Жылы сезім жүректерде сақталады, Мейірімділік тек жүректен басталады» сол жұлдызға өздеріңіз туралы естігілеріңіз келетін жақсы қасиеттеріңіз бен армандарыңызды жассаңыздар.

VII Қорытынды: «Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады» (Ә. Науай)- демекші, аңсаған армаңдарыңызға, көздеген мақсаттарыңызға жетіп, мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік.
Қатысқандарыңызға көп - көп рахмет!

Слайдын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Менің ең жақсы қасиеттерім

Менің ең жақсы қасиеттерім

Мақсаты: Мұғалімдердің психикалық көңіл - күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым - қатынас...
Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек

Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек

Мақсаты: Мұғалімдердің психологиялық көңіл күйлерін көтеру, өздеріне құрметпен қарауға баулу, сыйластық қарым - қатынас орнату. Көрнекілігі: нақыл...
«Табыс жетістікке жеткізеді» тәрбиешілерге арналған тренинг

«Табыс жетістікке жеткізеді» тәрбиешілерге арналған тренинг

Мақсаты: Тәрбиешілердің табысқа, жетістікке қол жеткізуін, мақсат қою дағдысын қалыптастыру...
Бәрімізде мақсат бір!

Бәрімізде мақсат бір!

Бәрімізде мақсат бір Мақсаты: ҰБТ - ға психологиялық қолдау, ата - ана, оқушы, мұғалім арасындағы қарым - қатынасты нығайту, оқушылардың өзіне деген...
Біз - біргеміз, берік іргеміз

Біз - біргеміз, берік іргеміз

Атырау қаласының мектептен тыс жұмыс орталығы Нұрбекова Салтанат Темірғалықызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×