Сайтқа кіру Тіркелу

Адам өмірі – басты құндылық

Батыс Қазақстан облысы,
Бөкей Ордасы ауданы, Бисен Жаникешев атындағы
жалпы білім беретін орта мектебінің психологі
Тлепова Алия Еркаевна

Адам өмірі – басты құндылық

«Бала ауру, зағип болса, баладан емес, тәрбиешіден;
Бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі;
Бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы» - деген М. Жұмабаев.
Ал біз, мұғалімдер, «қиын» деген сөзді көбіне-көп жасөспірімдерге қарата айтамыз. Оған себеп не?
Қиын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу қазіргі таңда педагогикалық - психологиялық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырған мәселе «қиын оқушылар» санының жылдан-жылға артуы. «Қиын оқушылар» тек жасөспірімдер арасында емес, бастауыш сынып оқушыларының арасында да бар. Сондықтан оқушыларды ерте жастан, бастауыш кезеңінен бастап қолға алу керек. «Қиын бала» деп тек қана сабақ оқымайтын, қиқар, тәртіпсіздікке бой алдырған балаларды ғана атауға болмайды. Психологияда үндемейтін, ішімдегіні біліп ал деп томаға тұйық жүретін балаларды да «қиын балаға» жатқызады. Осы орайда ғалым педагог В. Трифонов тәрбиесі нашар балалардың пайда болуына қоршаған шағын ортасы, отбасындағы тәрбиесі ықпал ететіндігін атап көрсетті. Зерттеу барысында қиын балалардың 44%- ы толық отбасы болмағанынан, 30%- да жақын туыстарының заң алдында жауапқа тартылғандар, ал 15%- да әке - шешенің біреуі ішімдікке салынғандар екен. Бұдан шығатын қорытынды: қиын балалардың пайда болуының себебі–отбасы тәрбиесінің дұрыс жолға қойылмауы. Тіпті жағымды отбасының өзінде бала тәрбиесіне 18 минут қана бөлінеді екен. Қалған уақытта бала компьютер, телефон, телевизор, дискотека, т. б. сияқты балаға өзіне ұнайтын нәрселермен айналысады.

Соңғы жылдары елімізде адамдардың өз-өзіне қол салу әрекеттері жиі орын алуда. Көпшілікті алаңдатып отырған осы дерттің мектеп оқушыларын да жағалауы дабыл қағарлық жағдай. Соңғы уақытта өз-өзіне қол жұмсаған қыз-бозбалалардың көбейіп кеткені мәселені тереңнен талдап, тығырықтан шығудың жолдарын іздеуге мәжбүрлеп отыр. Өйткені суицид туралы айтқанда, ең алдымен статистика ауызға алынып, «кім кінәлі?» деген сұраққа жауап ізделінеді. Статистикаға сүйенсек Қазақстан барлық елдер бойынша өз-өзіне қол жұмсаудан 3 орында екен. Бірақ мәселенің мән-жайына барып, себеп-салдарын анықтап, шешу жолдарын қарастыру көбіне-көп қалыс қалуда. Суицидтің өзі екіге бөлінеді: бірі – аяқталған суицид болса, екіншісі - оған ұмтылу. Ал осы жағдайға не итермелейді? Талдай келе, бірнеше себептерді анықтадық. Қазіргі баланың көбі өмірде түк қиындық көрмеген, дегені орындалатын, сұрағаны берілетін, шолақ ойлайтын, өте дамыған, интер белсенді. Олар аяқталу нәтижесіне көп мән бермей, қысқа ойлап, өзіне қол жұмсайды. Сонымен бірге, бүгінде қарасаңыз, толық емес, сәтсіз отбасылар көп. Осының бәрі өмірді әлі толық танып білмеген, ондағы қиындықтармен күресе алмайтын бала үшін ауыр соққы. Әке – шеше ажырасты да кетті, ал баланың жайы қалай болады? Ол бұны қалай қабылдайды, осыған ой жіберіп жатырма? Жоқ, әрине. Осыдан келіп, баланың асыла салуы немесе жаман жолға түсуі сынды оқиғалар орын алады. Келесі себептер: Өз құрбыларының арасында өзін - өзі кемсіту, махаббаттағы сәтсіздік, жалғыздық, өзіне - өзі сенбеушілік, өзгелерден өзін әлсіз санау, өзіне - өзі қанағаттанбау, отбасындағы материалдық жағдайдың төмендігі, отбасындағы балаға көңіл бөлмеушілік, оқшауланып қалуы, мұғалімдермен қарым - қатынастың жағымсыздық жағдайынан, мұғалімдердің әділетсіздігінен.
Психологтардың зерттеуі бойынша өз - өзіне қол жұмсау мүмкіндігінің мынандай белгілері бар екен:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен отбасынының өзара әрекеттесу жағдайын ...

Мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен отбасынының өзара әрекеттесу жағдайын ...

Серіктестік пен ынтымақтастық негізінде отбасы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балаларға қойылатын біркелкі талаптармен біріңғай білім...
Оқушылар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез құлық ерекшеліктері

Оқушылар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез құлық ерекшеліктері

Бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі, оны қоршаған ортаға, әсіресе, отбасы мен ұстаздар қауымының парасаттылығына байланысты. Педагогикалық этиканы...
1 - сыныпқа баратын оқушылардың психологиялық және әлеуметтік дайындығы

1 - сыныпқа баратын оқушылардың психологиялық және әлеуметтік дайындығы

1 - сыныпқа баратын оқушылардың психологиялық және әлеуметтік дайындығы...
Cуицидтің алдын алу (ата аналармен жұмыс)

Cуицидтің алдын алу (ата аналармен жұмыс)

Мына ақпаратқа назар аударсақ Жыл сайын 10 – 20 миллион адам суицид жасауға бекінеді....
Отбасы тәрбиесі

Отбасы тәрбиесі

БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, ІІ санатты математика-информатика пәндері мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×