«Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек» - деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек.
Мұғалімнің жеке тұлғасы, білімі, өз ісіне және оқушы арасындағы қатынасы, әдістемелік шеберлігі - оқушының білімге деген ынтасын арттырудың кепілі.
Қазіргі таңда өзімнің мақсатым жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау, мектептен шыққан шәкіртті өмірге жан - жақты даярланған азамат етіп шығаруды көздеймін.
Осыған байланысты іс - тәжірибемде мынандай қағидаларға сүйенем:
оқушыларға сапалы білім бере отырып, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету;
оқушылармен жекелей, жұптық, топтық жұмыстар жүргізу;
оқушылардың компьютерлік сауаттылығын жетілдіру;
оқушылардың шығармашылық ой - өрісін дамыту.
Сондықтан оқушының жан - жақты мүмкіндіктерін ашуда мұғалім тәрбиесі негізгі рөл атқарады.
Мұғалімнің шығармашылық ізденісінің ең бастысы – оқушының ойлау қабілетін дамыту және оқуға деген ынтасын қалыптастыру.
Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Мектеп оқушыларын жан - жақты дамытып, қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу мектепте оқыту және тәрбиелеу арқылы жүзеге асады.
Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, сонда оқушыларда ақыл - ой қабілеттерінің мынандай элементтері дамиды: зеректік, зейіндік, байқағыштық, ойлау мен сөйлеу дербестігі, қызығушылығы т. б.
Бұған жататындар сабақта қолданылатын көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру, танымдық ойындар ұйымдастыру, пәнаралық байланыстарды тудыру, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.
- Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым - қатынасты сыйластық ізеттілік түрінде орнатып, жүрек жылынуының болуын қамтамасыз ету.
Оқу үрдісіндегі «есеп» оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын маңызды айғақтардың бірі екенін және есепті шешу үшін ондағы берілген шарттары мен талаптарды ескеру тиістілігіне баса назар аудару қажет.
Оқушының математика сабағында шығармашылық қабілетін дамыту.
Шығармашылық: іс - әрекет, зейін, есте сақтауы, интеллекттісі, ойлауы
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында математика сабағын түрлендірудің маңызы зор. Таңертең тұрғанда күн дене жаттығуынан басталатынын сияқты сабақты «ой жаттығуларынан» бастауды әдетке айналдырдым:
- Ауызша есептеулер.
Кім жылдам?( ауызша есептеу.)
а/ 24; 42; 8 - 2; 53; 3 - 4; 1/5^(- 2); √(5&32);∜256;∛(- 0, 027)
ә/ 250. 5 +(1/3 )^(- 3); (〖1/625)〗^(- 4)+〖8, 125〗^0
- Екі фигуралардың ұқсастығын және айырмашылығын ата (Венн диаграммасы)
ПРИЗМА және ПИРАМИДА
- Заңдылықты тап (1; 2; 4; 8;...)
- Қайсысы артық?
доғал, сүйір, тік, қисық, жазыңқы, вертикаль.
S=2(a+b) S=a*b S=a*h S=a*b*sin〖a 〗
- «Терезені жап»
cos2 "α" + =1 ----------------- ctg "α" * = 1
sin 2 "α" =2 cos"α" ---------------- cos2 "α" = - sin2 "α"
tg( "α" +" β" )= --------------------- ctg( "α" +" β" )=
Математикалық диктант.
Деңгейлік тапсырмалар «Анаграмма»
А: Математика мағыналы сөзді тап, жазып ал
В: Математика мағыналы сөзді тап, жазып ал және түсіндір.
С: Математика мағыналы сөзді тап, жазып ал, түсіндір және мысалдар келтір.
ЛИДПЕАПЕПЛАР
Семантикалық карта ( сәйкес жауабын белгілеу)
- Сыныпта бар заттардың ішінен параллель, қиылысқан түзулер, бұрыштар т. с. с тауып көрсет.
Мұндай сұрақтар балалардың назарын бірден сабаққа аударып, белсенділіктерін арттырады, зейінділігін қалыптастырады. Сонымен қатар математика сабағында:
- Оқушыларға ойдан математикалық есептер құрастыруға тапсырмалар беру.
Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырмалар күрделеніп беріледі.
- Зерттеу жұмыстарын.
Мысалы: Үй жануарлары.(қой, сиыр, жылқы, құстар). Оның пайдасы қандай? Қанша шығын кетеді?
Сабақта қызықты жаттығулар, логикалық есептер мен тапсырмаларды тиімді пайдаланудың пайдасы зор. Мысалы:
Сумкада екі түрлі, кішісі 120 г., ал үлкені 200 г. Тартатын алмалар бар. Олардың барлық салмағы 1 кг. Алмалардың саны ең көп дегенде қанша болуы мүмкін?
Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда оларды білім деңгейлеріне қарай топқа бөліп, әрқайсысымен жекелеп жұмыс жүргізудің маңызы зор.
Өзіндік жұмыс – оқушының ойлау қабілетін, ақыл - ой және іс - тәжірибесінен туындайтын оқу, тану әрекеті.
- Ребус, сөзжұмбақ құрау, шешу;
- карточкалар
- тест тапсырмалары ( 5 - 10 мин арналған)
- фигураның макетін жасау ( Сол фигуранын аудан, көлемін анықтау)
- Ізденуге мүмкіндік жасайтын ситуация тудыру. ( ыңғайлы тәсілмен есептеу. Мысалы: 1 - ден 100 дейінгі сандардың қосындысын есептеу)
Осындай іс - әрекеттерін информатика сабағында да қолданамын.
Информатикамен байланысты сөздерді табыңдар?
Сөздердің синонимдерін табыңдар:( принтер – баспа құралы, ақпарат - хабар, монитор - дисплей, тышқан – тінтуір)
Анаграммалар ( өлшем бірлігі – ТАЙМБЕГА)
Деңгейлік тапсырмалар:
А: сурет салу (ашық - хат)
В: сурет салу+ мәтін
С: сурет салу+ мәтін+дыбыс
Сабақ барысында ребус, кроссворд оқушылар өздігімен құрады; (сыныптасымен ауыстырып, шешеді)
Шағын жобалар жасау ( модельдеу тақырыбы бойынша «Менің болашақ үйім»)
Тақырыптық суреттер ( мерекелер, жануарлар әлемі, сүйікті кейіпкер)
8 сыныпта логика негіздерін өткенде. Пікірлер жалған және ақиқатқа байланысты сөйлемдер, әңгіме құру (Мен Президент болсам, Мен алтын балық ұстап алсам...)
9 - 11 сынып оқушылары шығармашылық жұмыстар жасайды (Менің сүйікті ұстазым; Менің отбасым; Болашақ мамандығым т.с.с.)
Қорыта келгенде, Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осыған орай мектептегі оқу үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, дамыту болашақта білімді өз бетінше жинап алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады және пәндерді оқыту барысында көзделетін білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту және қалыптастыруда сабақта әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігіне көз жеткізуге болады.
Оқушының бойында танымдылық белсенділігін арттыру
- mashtieva
- 1 қараша 2014
- 7132
- 0
- 0
Ілмек сөздер: баяндама, оқушының бойында танымдылық белсенділігін арттыру
Ұқсас жаңалықтар:
Оқушылардың математикалық ойлау жүйесін дамыту жолдары
Егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпақ - бүгінгі мектеп оқушысы. Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түскен жоқ....Дұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектер
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: оқушыларға дұрыс және бұрыс бөлшектің не екенін білгізу және оларды ажырата білуге үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың...Ғылыми-жаратылыстану сауаттылық құзіреттіліктерін қалыптастыру жолдары
Қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс - әрекеттің ғылыми - практикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің...Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану - сапалы білім негізі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Майдакөл ауылы, №98 орта мектептің Физика - математика пәнінің мұғалімі Иманов Айдос Жаметұлы...Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру
Мақсаты: «Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.