Сайтқа кіру Тіркелу

Біз - біргеміз, берік іргеміз

Бір - біргеміз, берік іргеміз
(Мұғалімдермен тренинг)
Сабақтың мақсаты: ұжым арасындағы байланысты нығайта отырып, эмоционалды жігер беру, бірін - бірі кеңірек танып білуге, қатысушылардың өз мүмкіндіктерін шамалауға және күз мезгіліндегі шаршағандықтарын төмендетіп, көңіл күйлерін көтеру.

1 - жаттығу Қатысушылар шеңбер құрып отырады
Нұсқаулық: Барлығымыз орынымыздан тұрып бір бірімізбен қол беру арқылы, құшақтасып, оң иықпен, сол иықпен, оң аяқпен, сол аяқпен, оң тіземен, сол тіземен, балалық еркелікті еске алып мұрын ұшымен сәлемдесеміз.

2 - жаттығу Қатысушылар шеңбер құрып отырады.
«Кім жылдам» жаттығуы»
Нұсқау:
Қатысушылар шеңбер құрып отырады. «Ауа, су, жер» деген сөзді айта отырып, допты бір - біріне лақтырады. Допты қағып алған адам «ауа» деген сөзді естіген адам құстардың, «су» деген сөзді естіген кезде балықтардың, «жер» дегенде аңдардың аттарын айтуы тиіс. Ойын шапшаң ойналуы тиіс.

3 - жаттығу Қатысушыларды екі қатар сапқа тұрғызу керек.
Нұсқаулық. Барлық тапсырманы біз үнсіз жасаймыз, мүмкіндігінше әр тапсырманы жылдам және дұрыс жасауға ұмтылу керек.
Бірінші тапсырма бой өлшемі бойынша сапқа тұру керек.
Екінші тапсырма Саптың басында 1 - қаңтар, соңында желтоқсан
Туған күндері бойынша орналасу.
Үшінші тапсырма: Саптың басына көзі қою қара адам тұруы керек, ал саптың соңында шашы ең ашық түсті адам тұруы керек.
Қарсы топ мүшелеріне тексерту керек.

4 - жаттығу. Қатысушылар шеңбер құрып отырады.
Жүргізушінің қолында доп болады.
Нұсқаулық: Қазір бір бірімізге допты беру арқылы допты қағып алған адам: Сен өмірде қандайсың? Деп сұрақ қояды қағып алған адам өз бойындағы жақсы қасиетін айтады. Әркім өз бойындағы жақсы қасиеттерін айтып шығуы керек.

5 - жаттығу. «Тиімді қарым - қатынас орнату» бағытында бейне жаттығу.
Ортаға 6 мұғалім шақырамын. Сіздерге тапсырмалар беріледі. Тапсырмаларды үнсіз оқып, вербалдық емес қарым - қатынас құралдарының көмегімен жағдаяттарды ойнап шығуы тиіс. Басқа қатысушылар не жайлы «баяндап» жатқанын шешулері керек.

Жаттығуларды талқылау: Жаттығу қорытындысы мен рефлексия жасауда мынадай сұрақтарды қарастыру тиімді.
Жаттығудың қай кезеңдері қиындық тудырды?
Неліктен?
Қатысушылар қазір өздерін қалай сезініп отыр?
Ойынды жылдам ойнау қиын болды ма?

Жаттығудың қай кездерінде қандай сезімдер пайда болды?
Қатысушыларға әрбір жағдайға байланысты ұсынылған жағдайға байланысты рөлдерге таңырқаған кездер болды ма?
Қорытынды: Ұстаздарға жаттығу аяқталғаннан кейін рахмет айтып, алған әсерлерімен бөлісу керек.
Шеңбер құрып қол ұстасып отырып, бір – біріне қарап жақсы тілектер тілейді.
Өзіміздің жақсы ниетімізді басқаға білдіргенде, оның сөзсіз өзімізге қайтып оралатынын түсінуіміз керек.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ата - аналарға арналған психологиялық ойын-жаттығулар жинағы

Ата - аналарға арналған психологиялық ойын-жаттығулар жинағы

Міндеттері: ашуды тарқатуға үйрету, өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған топтық жұмыстар, топпен жұмыс барысында мейірімділік...
«Жадырайық, жайнайық, жылы лебізімізді сыйлайық» тренингі

«Жадырайық, жайнайық, жылы лебізімізді сыйлайық» тренингі

Тренингтің мақсаты: Ата - аналардың қарым - қатынасын жақсарту. Балабақша мен ата - аналар байланысын, отбасындағы тәрбиенің рөлін арттыру. Ата -...
Жас мамандармен психологиялық тренинг

Жас мамандармен психологиялық тренинг

Тренинг мақсаты: Өз ісін жаңа қырынан бастаған жас мамандарға көмек көрсете отырып, ұжымда психологиялық жағымды ахуалды қалыптастыру....
Футбол ойынның негізгі ережесі әдіс-тәсілдері

Футбол ойынның негізгі ережесі әдіс-тәсілдері

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға жаңа сабақты толық меңгерту. Дамытушылық: Қимыл - қозғалыс әрекетін дамыту. Тәрбиелік: Ептілікке,...
ҰБТ-ға дайындалу кезінде психологиялық көмек

ҰБТ-ға дайындалу кезінде психологиялық көмек

Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы Абай атындағы мектеп-гимназия психологы Садвакасова Индира Кайратовна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×