Сайтқа кіру Тіркелу

Жастар тәрбиесі – қазақы салт - дәстүрде (дөңгелек үстел)

«Жастар тәрбиесі – қазақы салт - дәстүрде» (дөңгелек үстел)
Мақсаты:
Оқушылардың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіре отырып ата - дәстүрін танып білуге, ардақтауға құрметтеп, мақтан тұтуға тәрбиелеу;
Имандылық пен адамгершілікке, аталы сөзден ғибрат алуға, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Түрі: дөңгелек үстел басындағы ой бөлісу.
Әдіс тәсілі: сауалнама жүргізу.
Көрнекілігі: Қазақтың ұлттық бұйымдарына арналған презентация,
бейне роликтер салт - дәстүрге арналған.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар, Бүгінгі «Жастар тәрбиесі – қазақы салт - дәстүрде» атты дөңгелек үстелімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Дөңгелек үстелімізді қазақтың әні «Қазағымның дәстүрлері» атты әнмен ашсақ деп отырмын.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, ұрпақ тәрбиелеу. Тәрбие үрдісінде ғана адам рухани жетіледі. Жасөспірімдерді жан - жақты қабілетті, әдепті азамат етіп өсіруде халықтық салт - дәстүрлердің, тыйым сөздердің тәлім - тәрбиелік, білім - танымдық рөлі орасан зор. Ұлттық тәрбие салт - дәстүр, әдет - ғұрыптарды сақтап, мейірімді парасатты болуға, адамгершілікке, имандылыққа баулиды. Қазақ халқы - рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата - бабаларымыздың салт - дәстүрлері, даналық сөздері және әдеп ережелері сан ғасыр бойы өз ұрпағын өнегелі де өнерлі, ар - ожданы жоғары, намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық. Міне, осының бәрін ой таразысына сала отырып келесі кезегімізді оқушыларға берсек.

Бесік тойы.
Саулнама:
Бесікке салу рәсіміне кімдер жиналған?
Ертеде қазақтар баланы бесікке салғанда бесіктің үстін немен жауып қойған?
Бесікке салған адамға үй иесі өзінің ризашылығын қалай білдірген?
Баланы бесікке салу тойы да барынша салтанатты түрде өткен. Бесікке салу рәсіміне ауыл әйелдері, балалар, көрші - көлем, дос - жарандар жиналды. Арнаулы ас пісіріліп, бесікке шашу шашылады.
Бесікті арнайы ісмер жасайды. Жөргектен шығарып, иткөйлек кигізілген сәбиді бесікке ауылдың кез келген әйел салмайды. Бұған да ел жұртына аяулы, ұрпақты бір бәйбіше лайық. Ол әйел нәрестеге арнап иткөйлек тігіп әкеледі. Иткөйлектің жағасы болмайды. Жеңдері өңірмен тұтас қиылып алынады.
Тігісі екі жақ бүйірінде ғана болады. Көйлектің тігісі нәрестенің денесіне батпас үшін сыртынын жөрмеп қана тігеді.
Бесікке баланы қырқынан шыққан соң салады. Оған дейін бала жөргекте болады. Бесіке салған күні қарын шашы алынып, оған бір молла ат қояды. Атты азанмен жұртқа естірте айтып, онаң соң бесіктегі баланың екі құлағына «Сенің атын пәлен» деп молда айғайлап айтады.
Ертеде қазақтар баланы бесікке салғанда бесіктің үстіне қамшы, жүген, тон, шапан, кебенек, жабу, көрпе, бас - аяғы жеті нәрсе жауып қоятын болған. Бұл да жақсы ырымның жоралғысы. Мысалы жүген мен қамшы - бала ат үстінен түспейтін ер болсын, тон мен шапан халықшыл, көпшіл болсын, кебенек - ер мінезді, өжет болсын деген ниетті білдіреді.
Бесікке салған адамға үй есі өз ризашлығымен сақина, жүзік, білезік, сырға, мата сияқты қымбат бұйымдар сыйлаған. Киім кигізіп, азан шақырып атын қойған моллаға ат жетектетіп жіберетін болған.

Тұсау кесу.
Тұсау кесу рәсімі қандай?
Бала бесіктен шығып еңбектеуден өткен соң қаз - қаз баса бастайды. Өз аяғын туған жерінің топырағымен басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап бет алады. Ұядан қанатымен қалықтап, ұшқан балапандай бала да ең алғашқы тіршілігін бастайды. Мұны ежелден түсінетін қазақ баласының келешегіне ақ жол тілеп, тұсау кесер рәсімін жасайды. Бұған да мал сойылып жұрт жияды. Баланың апасы ала - құла шуда жіптен екі - үш қарыс дайындап, оны ауылдағы ең бір желаяқ пысық әйелге «Ал тұсауды сен кес, пысық болсын» деп ұсынды. Ол кісі ала жіпті баланың екі аяғына тұсамысша байлайды, сонан соң ортасынан кеседі. Баланы анадайдағы апасына қарай тәлтіректей жөнеледі. Тұсау кескен адамға сый - сыяпат білдіреді
Қаз баса ғой қарағым
Құтты болсын қадамын.
Өмірге аяқ баса бер,
Асулардан аса бер -,
деп тұсау кескен бұрынғылар. Тұсау кесер қазақтың өмір сапарының сәтті болуы үшін ақ ниетпен жасаған ырымы, құдайға деген құлшылығы.

Сүндет тойы
Егер нәрестесі ұл бала болса, ол төрт - бес жасқа толғанда сүндетке отырғызу тойы жасалған. Бұл - бала өміріндегі ең бір айтулы кезең, қуаныш болып есептелген. Мұнда да қазан көтеріп, ағайын - туғандар, дос жарандар бас қосып, той – думан болған.
Тоқым қағу. Ашамайға мінген соң іле – шала бәсіресін мінген бала бірінші рет үйінен алысқа жолаушылағанда әке – шешесі бір малын сойып, оның тоқым қағарын өткізеді. Міне, осыдан кейін қазақ бұл балаға арнайы айыл – тұрман, ер – тоқым, жүген - ноқта, шідер мен кісен, арқан дайындайды. Былайша айтқанда бәсірені жабдықтау шарт. Сүйетіні осыдан бастап баланы баулу, еңбекке тәрбиелеу - анығырақ айтқанда оқыту басталады. Біз осы тоқым қағарға дейін баланың он жас айналасындағы кезін сөз еттік. Бұған дейінгінің бәрін қазақ балалық кез дейді. Жүген - құрықсыз дербес шақ дейді де, оннан аса еңбек мектебіне кіргізеді, оқытады. Біз бұны қазақтың жасты бөлуімен түсіндірейік.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бесікке салу жоралғысы

Бесікке салу жоралғысы

Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігіне байланысты ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптары да бар. Соның бірі – бала туылғаннан...
Бесікке салу дәстүрі

Бесікке салу дәстүрі

"Бесікке салу" ежелден келе жатқан қазақтың көне дәстүрі. Ол қалай жүргізіледі, кімдер қатысады, не қойылады, осы жайлы толығырақ оқыңыз....
Тұсау кесу. Тұсау кесу салт дәстүрі

Тұсау кесу. Тұсау кесу салт дәстүрі

Халықтық түсінік бойынша, тұсауы кесілмеген бала сүріншек болады. Тұсаукесер тойы да сүндет той секілді әрбір қазақ шаңырағында ерекше дайындықпен...
Сыйластыққа себеп көп

Сыйластыққа себеп көп

Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, Күлтөбе негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сыздық Гүлсара Лесбекқызы...
Салт – дәстүрдің тәрбиелік мәні

Салт – дәстүрдің тәрбиелік мәні

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Тана мырза орта мектебінің химия пәні мұғалімі Ожанова Жанар Ахметбекқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×