Сайтқа кіру Тіркелу

«АЙГӨЛЕК» фестивалі

«АЙГӨЛЕК» фестивалі
1 жүргізуші:
Армысыздар, ағайын, құрбы - құрдас,
Бармысыздар, ән сүйер әз қауымдас.
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық,
Сайыста көңілменен қол соғайық.
2 жүргізуші:
Армысыздар, ұлағатты ұстаздар,
Бармысыздар, жадыраған жас достар.
Бүгінгі «Айгөлек» фестиваліне қош келдіңіздер.
1 жүргізуші:
Осы кезеңге 11әншіміз, 2 бишілер тобы жолдама алған болатын, соларға жолдарыңыз ақ болсын демекпіз. Әділқазы алқалары өзімізге таныс кезеңнің төрешілері. Төлеміс ағай, Маржан апай, Эльмира апай, Айбол ағай, Асылхан ағай. Ал енді кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
2 жүргізуші:
Ән де, күй де еріккеннің ермегі емес, адам жанының айнасы, өмір құбылыстарының көрінісі. Өмірдің алды ыстық болса, арты қайғы – мұң. Әсем әуезді ән - адам өмірінің тамаша бейнесі. Ендеше алғашқы жас өренімізге жол береміз. Ортада Көшеккалиева Рабиға « Айқаракөз» әнімен, қошеметтеп қарсы алайық.
Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан.
Көркің қандай нұрлы еді,
Таң шолпанмен астасқан - демекші, Рабиға, сен бірінші болып сахнаға шықтың, қандай сезімде болдың.
- Бұл ән маған ұнады, ал сізге ше Маржан апай?
1 жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй, - деп Абай атамыз жырлағандай, келесі кезекті Өтепберген Диананың орындауындағы «Құстар қайтып келгенде» әніне береміз.
- Диана, бәрекелді, сен әніңді тамаша орындадың! Біз саған тек сәттілік тілейміз!
- Ал төрешілер сіздер не дейсіздер?
2 жүргізуші:
Жақсы әнші өнеге,
Сегіз қырлы, бір сырлы.
Өнерді үйрен бір - бірлеп,
Әнде шырқап, би билеп.
Халық айтса біледі,
Талаптыға нұр жауар,
Өнерлі өрге жүзер,
Талаптылар құр қалма! - деп, жас әншіміздің өнеріне береміз. Ортамызда Зейнолла Дамиля «Әнші балапан» әнімен.
Дамиля, жарайсың, әніңді жақсы орындап шықтың, маған сондай ұнады. Ал бұған Төлеміс ағай не дер екен?
1 жүргізуші:
Әннің әсері де әр қилы. Тәтті әуеннің әрбір ырғағында ұялаған терең мәнімен адамның ұйықтап жатқан жүрегін оятады. Оятады да оның жан дүниесін, әр түрлі күйге келтіреді. Зауқын сергітеді, мұңға бөлейді, бұғып жатқан дертін қозғайды. Адам көңілін жас баладай әлдилеп оятады. Ендеше келесі кезекті «Сайрам су» әнін орындайтын Айдынов Элдарға береміз. Қошеметпен қарсы алайық ағайын!
2 жүргізуші:
Алдымызда ұзақ жол,
Ізденуден талмағай.
Қиындыққа мойымай,
Өнер жолын жалғағай - деп, тамаша өнер көрсеткен Элдар, біз сені өнердің биік белестерінен көрейік, сәттілік тілейміз. Ал бұған төрешілеріміз не айтады?
1 жүргізуші:
Би десе барын салатын,
Құмары содан қанатын.
Биле, кәне, достарым,
Кезекті сізге жолдадым - деп келесі кезекті 6сынып оқушыларының биіне береміз.
- Қыздар, жарайсыңдар, билерің жақсы болды, менің көңілімнен шықты. Ал, Айбол ағай, сізге ұнады ма?
2 жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін сақтамақ
Ел намысын қорғамақ,
Бекзат шықсын ортаға,
Бүгін әнші атанбақ – деп ортаға «Анаға сәлем». әнімен Закаев Бекзатты шақырамыз. Қане, қошеметтеп қояйық ағайын!
Әдептілікті сақтаймын,
Әнші Бекзатты мақтаймын.
Қамқор сыншы болайық,
Деген сөзін жақтаймын.
Бекзат, өнерде жолың ақ болсын! Тамаша орындадың, ал, Асылхан ағай, бұл әнді естігенде қандай көңіл күйде болдыңыз?
1 жүргізуші:
Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы кешімізді одан әрі жалғастыралық.
Сән - салтанат жасайық,
Күй сандықты ашайық.
. Бұл мереке, бұл тойға,
Әнмен шашу шашайық - деп, Өтебай Абзалдың орындауындағы «Бала тілегі» әнін қабыл алыңыздар!
Абзал, бәрекелді, әніңді жақсы орындадың, маған қатты ұнады. Ал, төрешілер сіздерге ше?
2 жүргізуші:
Әндер - әндер! Ұш әуемде,
Ұш көгімде, күллі әлем,
Көктем келсе гүл боп елге,
Мен де бірге түрленем, - деп Аман Айымның орындауындағы «Жан
гүлім» әніне кезек береміз.
Айым, талабыңа нұр жаусын! Саған тек сәттілік тілейміз. Эльмира апай, сіз бұған не дейсіз?
1 жүргізуші:
Ал оқушы, ұстаздар,
Ортаға назар салыңдар.
Арсен жігіт келеді,
Бар өнерін төгеді, - деп қошеметпен Сади Арсеннің орындауындағы «Бозжорға» әсем әнін тамашалайық.
Бойыңда Арсен от бар екенін байқадым,
Жүрегіңде шоқ бар екенін байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтағын әрдайым.
Арсен, әнің тамаша болды, төрешілер, сіздерге ше?
2 жүргізуші:
Уа, жараңдар, жараңдар.
Бәрің бермен қараңдар.
Бишілер кеп қалыпты,
Бір сәт зейін салайық - деп келесі кезегімізді 5 сынып орындауындағы биге береміз. Қошеметтеп қарсы алайық!
Жарайсыңдар, балалар, тамаша билеп шықтыңдар. Ал, Маржан апай, бұл би сізге ұнады ма?
1 жүргізуші:
Қуанып жасымыз да, кәріміз де,
Саламыз шаттық әнге бәрімізде.
Айнұр әншілерің ортамызда,
Халқына ән арнайды шапалақта
Ендеше ортамызға «Аппақ гүлдер» әнімен Беркінбай Айнұрды шақырамыз.
2 жүргізуші:
Айнұр, біз сені өнердің биік шыңдарынан көрейік. Өнердің биік шыңдарынан көрін. Ал, Айбол ағай, сіз не айтасыз?
1 жүргізуші:
«Бап шаппайды, бақ шабады»деп бағын сынауға келген Ғалемов Арматтың орындауындағы «Анаға сәлем» әнін тамашалайық..
2 жүргізуші:
Бәрекелді, Армат сен жарадың. Қазылар, сіздер не дейсіздер?
1жүргізуші:
Осымен «Айгөлек» фестивалі өз мәресіне жетті.
Күнде жиын бола бермес дәл осындай,
Күн сайын өзгереміз, өркендейміз.
Ұл - қыздың бақыты үшін ғұмыр кешкен,
Алдымызда отырған әділқазы қонаққа сөз береміз.
Сын - шын, бағалау әділетті болсын! Жеңіске жеткен жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!
Бірге: Көріскенше күн жақсы болсын!!!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×