Сайтқа кіру Тіркелу

Сезімге толы сырлы қоңырау

Тақырыбы: «Сезімге толы сырлы қоңырау».

І-кезең» Көрініс.» (Фон–музыка)
Бала жетектеген әже, ата қарама –қарсы кездеседі.
(Кемпір иіліп сәлем етеді).

Ата: - Келін-ау қалай жағдайың мал жаның аман ба?
Немереңді білім ошағына алып келе жатқан сияқтысың, талабы оң болсын.

Әже:Аумин, дәу қайын аға,сіздің де немереңіз ат жалын тартып мінер шаққа келген үлкен азамат болған екен. Ұзағынан сүйсіндірсін.
Ата: Е, е, елінің ертеңін ойлар ойлы азамат шығар деген ниетіміз бар екен.(Қоңырау соғылады).
Ендеше айналайындарды аялы алақанымен аялайтын апайының қолына тапсырайық.

Апайы: Сәлем бердік, Ақ жаулықты аналар, ел ардағы ақсақал аталар.

Ата: Балам; «білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген, заман ағымына сай саналы азамат боп өссін деген ниетімізбен өздеріңнің қолдарыңа бердік. Білім ұясынан білім алсын.(Дауыс естілмей қалады.Фон музыка.)
*(Алғашқы білім туралы өлең айтылады). 4-6 оқушы билеп шығады, 2-3 класс оқушылары.

1.Отырып кітап оқып отырады.
2.Біреуі сурет салады.
3.Екеуі тақтаға әріптерді салады.
4.Екеуі асық ойнап отырады.(Слайдтан 2-3 кластағы сурет көрсетіліп тұрады).

2.Жалқаубек өлеңі қосылып тұрады.(5-6 класс оқушылары шығады, бірін - бірі қуып, тряпка лақтырып, шашынан тартып жүгіріп жүреді).
3.Қыз бен жігіт.(сезім,алғашқы ұяң махаббат).8-9класс оқушылары.
4.Сыйластық.(білім дайындығы) 10класс оқушылары.
Осы кезде екі жүргізуші шығады.3 шумақ өлең оқиды.(мектеп, ұстаз, білім)
(1 шумақтан кейін 23 оқушы ұстаздарын әкеліп орындыққа отырғызады. Ұстаз туралы өлең оқылады).
Ұстаз деген ұлағатты бір сөзден.
Жүрегінің жылылығын мен сезгем,
Ұстаз атын биік қойып келемін.
Қолға кітап,қалам алған сол кезден.
Күн нұрындай сәуле шашқан ғаламға.
Ұстаз аты – әрқашан да санамда,
Ұстаз сөзі – мейірім төккен ең алғаш,
Оған-дағы,
Саған-дағы,
Маған-да.
Асыл ұстаз, мен өзіңе – балдырған.
Кесе өтпеймін әлі күнге алдыңнан,
Мен өзіңе өмір бойы қарыздар,
Шәкіртіңмін жүрегіңе табынған.
(Оқушылар келеді.Осы өлеңнен кейін оқушылар екі жаққа бөлініп тұрады да, екі жүргізуші сахнаға шығады).
ІІ-кезең.
1-жүргізуші. Армысыздар,құрметті ата-ана,ұстаз
Той жиынсыз өмірдің мәні болмас.
Арамыздан талпынып қақты қанат,
11 жылда оң-солын таныған жас.

2-жүргізуші.Міне, тағы да бір оқу жылы аяқталып, мектебіміздің жиырма үш түлегі жаңа өмірге қадам басқалы тұр.

1-жүргізуші.Тәуелсіздік – тірегім алмас үнді.
Тәтті үміт халқымның сан ғасыры,
Көк байрақты,кемеңгер кемел ойлы,
Келбетіңнен көремін жалғасымды.

2-жүргізуші. Тәуелсіздік - қырансың,қалықтаған,
Алты алаштың көгінде шарықтаған.
Көптен күткен халқымның сәбиісің,
Әлдилеген құшақта алып далам.
Тұғырыңды шыңдағы таныт маған,
Көк байрағым, желбіре, шабыттанам.

(басқа бір оқушы) Назар аударыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы кіргізілуге дайындалсын. ҚРМ-туы кіргізілсін.(Ту әкелінеді,әнұран орындалады).

1-жүргізуші.Жас болса да мектебіме бас болған ,
Ғалымбек ағай үміт күтеді жастардан.
Мектебімнің қиынына көнеді,
Табыстарға мәз-мейрам боп жүреді.
Кешімізді ақ тілекпен ашсын деп,
Шәкірттерің сөз кезегін береді.
(мектеп басшысы Сейсенов Ғалымбек ағай сөз сөйлейді)
Музыкалық сәлем.»Шашу биі».
(Қонаққа сөз беру).

2-жүргізуші. Ерекше күн,бүгін тілек-баталар,
Ән менен жыр түлектерге арналар.
Барлығының жүретұғын ақ жолы,
Құт қонақтың тілегінен нұрланар.
1-жүргізуші. Ақ тілегімен құт қонақ боп келіп отырған ауданның білім беру бөлімінің өкілі:---------------------------------------------------- ақ лебізін тыңдасақ

2-жүргізуші: Өзі ұстаз әкім біздің ауылдың,
Тындырып істер батасын алған қауымның.
Тәрбие беріп ұшырған талай жүректі,
Тыңдайық бүгін, Бибісара апайдың арнауын.
Музыкалық сәлем:
1-жүргізуші.2010-2011 оқу жылының қорытындысы туралы мектеп басшысының бұйрығымен таныстыру үшін сөз оқу ісі жөніндегі орынбасар
Ағыбай Асылбек Әбдіғалымұлына беріледі.Грамоталар тапсырылады.

(Басқа оқушы айтады. Назар аударыңыздар!Қазақстан Рес-ның Мемлекеттік туы шығарылуға дайындалсын. ҚРМ-туы шығарылсын. Ту әкетелінеді).
ІІІ-кезең.
2-жүргізуші.Әлі есімде әліппені ашқаным,
Есіміңді есте мәңгі сақтадым.
Жүрегімде нұрын құйған жылылық,
Көрген емес ешқашан да суынып.

1-жүргізуші: Кеш бүгінгі жүректерді тербейді,
Балалығым қайта айналып келмейді.
Алғашқы ұстаз әліппені ұстатқан ,
Жүректерден есімдерің сөнбейді.

(Алғашқы ұстаз Оразымбетова Зибагүл апай шығып сөйлейді.)
Музыкалық сәлем(Алғашқы ұстаз туралы ән)

2-жүргізуші: Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды.
(1-класс оқушылары шығады,тақпақтарын айтады.)
Музыкалық сәлем(1-класс ән жолдайды)

1-жүргізуші. Кездескенде қалатұғын шұрқырай,
Балалықтың оралмады-ау бір күні-ай.
Барлығымыз бір мектеп пен сыныпта,
Тағы осылай отырар ма ек шіркін-ай!

2-жүргізуші.Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,
Толастаспас мәңгілікке ұстазым
Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын,
(11-класс оқушылары сахнаға шығып 1-кластың арасына кіреді де мұғалімдерге арнау өлеңдерін айтады. Дүйіс Ақтолқын қасындағы 1-класс оқушысын қолына ұстап, 1қадам алға жылжиды.Мектеп бітіруші түлектердің атынан құттықтау сөзін сөйлеп,1-класқа сыйлықтарын тапсырады).
Сосын 1-класс шығып кетеді де, 11-класс орнына барып тұрады.

Музыкалық сәлем. Мектеп вальсі
1-жүргізуші. Балбөбекке өмір нұрын сыйлаған,
Әлдиімен бар ғұмырын арнаған.
Баласының болашағын ойлайтын,
Ол ата ана әлемдегі сыйлы адам.

2-жүргізуші. Жақсы шәкірт азамат аталады,
Халқынан,ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
(Екі ата-ана шығып сөйлейді).

Музыкалық сәлем.»Ана туралы ән».

1-жүргізуші.Құрметті салтанатты жиынымыздың куәгерлері қазір “Жас ұрпақ” қоғамдық оқушылар ұйымының туын 10-сынып оқушылары апаларынан қабылдап алмақ. Мектепшілік оқушылар ұйымының президенті Жүсіп Гүлсая өзінің ізбасары Әбиболла Азаматқа ту тапсырады. Білім кілтін Әділбай Ботакөз 1-класс оқушысы Мейірімжанова Құралайға білім кілтін тапсырады.

(Мектеп туымен, білім кілті тапсырылады).
Мектеп туын тапсырушы: Жүсіп Гүлсая.
Қабылдаушы: Әбиболла Азамат.

Білім кілтін тапсырушы: Әділбай Бота.
Қабылдаушы: Мейірімжанова Құралай

2-жүргізуші.Сыныпты келдің басқарып,
Көрмедің ойлап бас қамын.
Шәкірттер жатыр ұшқалы,
Өмір дегенің қас-қағым.

1-жүргізуші.Бірге өткізген күндерін, қыс-жазында,
Жазып шықты қаншама іс қазына.
Балапанын ұшырған ұясынан,
Сөз берейік жетекші ұстазына.

(Сынып жетекшісі Нұрмағанбетова Жанар шығады).
(Сосын сынып жетекшіні ортаға алып ұстазға арнау әнін айтады).
Қадірменді халайық,міне,бүгінгі мерекеміздің жан толқыттырар сәті де келіп қалған тәрізді. Ендеше,2010-2011 оқу жылының соңғы қоңырауын соғу құрметін 11-класс оқушысы Алтынбек Тұрсынханның және 1-класс оқушысы Әлібай Гүлназымға береміз.(алыстан соңғы қоңыраудың даусы естіліп тұрады)
2-жүргізуші.
Толқытып бір сәтке көңілді,
Ең соңғы қоңырау соғылды.
Жан-жаққа аттандық, достарым,
Жасауға өзіміз өмірді.
1-жүргізуші.
Өмірдің секілді көктемі,
Барады осы шақ өткелі.
Барамыз біздер де бір жүрген,
Достардан бөлініп кеткелі

2-жүргізуші.Бұл шақтың жарқын да жайдары,
Көп еді қызықты жайлары.
Амал не,айырды бізді одан,
Шақырып болашақ алдағы.

1-жүргізуші. Ең соңғы қоңырау естілді,
Өткіздік қалай біз сан жылды.
Ажырар кез келді сендерден,
Қош болып тұрыңдар, дос-құрбы.
Соңғы қоңырау соғылады.
Музыкалық сәлем: Хор «Ұстазым» әні
2-жүргізуші.Сонымен 2010-2011 оқу жылында бітіргелі отырған түлектеріңіздің ұйымдастырған “Сезімге толы сырлы қоңырау” атты салтанатты жиынымызды аяқтаймыз.
1-жүргізуші: Қош сау болыңыздар!
Кері қайту
Ілмек сөздер: салтанатты, жиын
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×