Нашақорлыққа қарсымыз (сыныптан тыс шара)
Мақсаты:
А) Оқушыларды зиянды әдеттермен таныстыра отырып, оның адам ағзасына зияны туралы түсінік беру.
Ә) Балалардың рухани қабілетін дамыту.
Б) Оқушыларға эстетикалық-этикалық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Мақалдар, арақ,темекі, наша, суреттер.
Барысы:
Мұғалім: Қазақстан –демократиялы – құқықтық және әлеуметтік мемлекет.Оның қазынасы – адам және адамның өмірі.
«Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл- ауқатын жақсарту үлкен міндеттердің бірі ретінде көрсетілген.
Қазіргі таңда есірткіні пайдалану және тазалықтың сақталуынан ғасыр дерті болып отырған СПИД ауруы бүкіл дүние жүзіне тарап,
СПИД індетін тудырып отыр.
ВИЧ инфекциясы адамда жүре пайда болатын иммунотапшылық тудыратын синдром.
2002 жылғы тексеру бойынша СПИД эпидемиясының таралғаны соншалық, жұқтырғандар саны 42 млн. Оның ішінде 3,8 млн. 15 жасқа дейінгі жасөспірім балалар болып отыр.
Егер жасөспірім 14 жасында ВИЧ инфекциясымен зақымданса тек 25 жасында ғана белгілері байқала бастайды. Ол 7 жыл ВИЧ инфекциясын жұқтырушы адам болып келеді.
1-оқушы:
Жаңа ғасыр, жаңа заман бүгін,
Біз тілейміз ұрпақтың амандығын.
2-оқушы:
Ей, болашақ!
Саулығың өз қолыңда,
Жаламасын тәніңді у, саныңды мұң.
3- оқушы:
Нашақорлық- жайылған індет,білем,
Жоймай оны жақсылық күн жоқ ,білем.
Бәрі:
Ұланымыз туған еліміздің,
Нашақорлық жойылсын!- өктем үнім.
Салауатты өмірдің әнін тыңдап,
Арманымыз ұшып жүр көкте бүгін.
4-оқушы:
Жерде жатқан шылымды,
Шошқа келіп иіскеді,
Иіскеді,
Бірақ,тиіспеді.
5-оқушы:
Жерде жатқан шылымды,
Есек келіп иіскеді,
Иіскеді,
Бірақ ,тиіспеді.
6-оқушы:
Жерде жатқан шылымды,
Ит те келіп иіскеді,
Иіскеді,
Бірақ ,тиіспеді.
7-оқушы:
Сол шылымды алайда,
Тауып алды Балғабек.
Алақ-жұлақ етеді,
-Сіріңкеңіз бар ма ?- деп.
Оқушы:
Кім мұндайды естіпті,
Есірткі жұртты есіртті.
Иіскеген жастардың,
Жан-тәнін түгел кесіпті.
Сақ болайық, ағайын,
Қатерлі жау – есірткі.
Мұғалім: СПИД ауруы жер бетіндегі адамдардың басына түскен
үлкен қатерлі кесел.Қазіргі таңда СПИД –тің алдын алу және оны болдырмаудың бірден-бір шарасы бұл ауру туралы әрбір адам мағлұмат, білім болу керек.
Егер білім болса, адам өзін-өзі қорғану, сақтану шараларын пайдаланып, бұл аруға қарсы күресу іс-шараларына қатысады.
(Сахнаға басы салбырап,мұңды жас жігіт шығады)
Жүргізуші:
Ей, жас жігіт,
Жан едің сен гүл жүзді,
Солып қапсың,
Тынышыңды кім бұзды ?
Жігіт:
Өмір қатал,
Көңіліңе қарай ма ?
Душар болдым қайғыға,
Енді арылу оңай ма ?
Жүргізуші:
Не деп кеттің?
Қандай қайғы айтқаның?
Қане отыр да
Түсіндіріп бәрін айт.
Жігіт:
Ізгілікті зұлымдыққа талаттым,
Денсаулықтың барлық алтын-асылын.
Пенделіктің орманында тонаттым,
Жастайымнан құлы болдым , қайтейін,
Наша менен арақтың.
Көрдей қара тұман жапқан көңілін,
Наша үшін қиған жастай өмірін.
Ең сорлы жан мен боламын,
Ең соңғы жан мен болайын, тәңірім.
Жүргізуші:
Жоқ, сабыр ет,
Әттең өзің жанбай жатып,
Жақын тұрсың сөнуге,
Пенделікті шалғайға айтып,
Тағдырыңмен қол ұстасып көруге,
Жетер ме екен батылың ?
Сені терең ойға таратар,
Бір әңгіме шертейін.
Тыңда, қане, жарқыным!
Саған қиянат жасағандардың әңгімесін тыңдайық .
Арақ:
Тоқта,тоқта!
Мені көрсе ішіп алар адамдар, шыдамай,
Ішу үшін бұл өмірде сылтаулар көп мынадай:
Табысы мен атақ-даңқы, қолы жеткен мансабы,
Себепсіз құр ішу мақсат ауып аңсары.
Осы арқылы мен алдымен адамдарды жаулаймын,
Ақырындап уақыт өте әлемді де қармаймын.
Темекі:
Уа, халайық,
Маған сен.
Барлық адам өмірін,
Көк түтінге улатып,
Жүрмін бүгін
Жер - әлемді шулатып.
Наша :
Уа, халайық, қараңдар,
Көз көрмейтін сиқырым бар,
Еліктірер адамды.
Осы өнермен әп – сәтте-ақ,
Жаулап алам ғаламды!
Арақ:
Ей, адамзат, неге жүрсің серіксіз ?
Танысайық, жақындашы сен бізге.
Темекі:
Біз достыққа, әрқашанда берікпіз.
Жігіт:
Бұрын көрген секілдімін бір жерден,
Кімсің өзің, жүзің неге түнерген ?
Арақ:
Бұрын көргем дейсің бе?
Қатал сезім шекпеніне орнаған
Мені талай көрсең-дағы ұмыттың.
Тым ұмытшақ келесіңдер адамдар.
Менің даңқым көп тараған кең жерде,
Ізім жатыр қырқаларда, белдерде.
Мен – Шараппын.Жаза бассаң, сүрінсең,
Шақырмай-ақ жетіп келем сендерге.
Темекі:
Жас өмірің атқан кезде таң болып,
Есіңде ме, мен де саған жолыққам.
Талай –талай бірге жүрдік серік боп,
Сонан кейін бір күні әкең өлгенде,
Наша қалмай меніменен еріп кеп,
Түнеп қалдық сенің балғын кеудеңе.
Наша:
Иә, мұнан кейін бір күннен соң бір күннен
Есігіңді жиі қағып тұрдым мен.
Жиі қақтым, келмейді оны жасырғым,
Кей күндері бірге жүрген досыңның,
Баянсызын сезінгенде жолықтым.
Жігіт:
Мен сол кезде әзер-әзер құтылдым ғой сендерден,
Дәрігердің көмегімен ұзақ уақыт емделгем.
Ал бүгін ше, бүгін неге келдің, сен.
Мұнда тегін жүрген жоқсың мен білем.
Жүргізуші:
Айналаға асыл нұры шашылып,
Жетіп келді Саулық хан да асығып.
Айбарынан Саулықтың шошып кетті үш пері,
Жан-жағына қарамай қашып кетті шашырап.
Саулық хан:
Шыншыл мақсат қай кезде де жол табар,
Кезің келді жүгін арқалар.
Аярлыққа еріп кетсең сүмеңдеп,
Айта алмаймын ертеңіне сенем деп.
Ана сүті арамдықты суарса,
Сиыр сүті ала алмайды сені емдеп.
Темекіден түтін сорсаң улайсың,
Өзіңді - өзің жіпсіз байлап шырмайсың.
Ақылды болсаң жас жігіт,
Саулықтың сөзін тыңдайсың.
Жүргізуші:
Хан осылай деді де, кете барды жөніне,
Жігіт қалды ойланып, борышты боп еліне.
Осы айтқан әңгімем,
Ойға салар сені де!
Тек жүзіңді төмен салма,
Нашақорға жақын болма.
Тек көзіңді жасауратпа,
Сенің әнің асқақ шықса,
Қоғам даңқы жоғары.
Оқушы:
Елім бай болсын десең,
Денің сау болсын.
Бәрі:
Таза болса табиғат,
Аман болар адамзат.
БҚО, Шыңғырлау ауданы
Тасмола ОЖБББМ
Китарова Лайла Толыбаевна
Нашақорлыққа қарсымыз (сыныптан тыс шара)
- LAILA
- 12 ақпан 2012
- 48258
- 0
- 0
Ілмек сөздер: сыныптан тыс шара, нашақорлық туралы, салауатты өмір салты
Ұқсас жаңалықтар:
Нашақорлық ғасыр дерті
Нашақорлық тағдырына айналғандай адамның, Жас ұрпақтың болашақ тағдырына алаң кім? Өзгертеді, өксітеді өмірін наша адамның, Жас ұрпақ тек салауатты...Нашақорлыққа қарсымыз
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №266 мектеп - лицейдің 7 - Б сынып оқушысы Ешмұратов Бекзат..."Біз СПИД-ке қарсымыз"
Сабақтың тақырыбы: Біз СПИД - ке қарсымыз....СПИД-ғасыр уы
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Аққұдық орта мектебінің 5-класс жетекшісі Сагидуллина Даригуль Саиновна...ЖҚТБ туралы не білесіз?
Ақтөбе медицина колледжі Жалпы кәсіби пәндер ЦӘК оқытушысы Қалауова Айгүл Кеңесбайқызы Дүниежүзілік ЖҚТБ - мен күрес күніне арналған «ЖҚТБ туралы не...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.