Сайтқа кіру Тіркелу

Еңбек ардагерлері және ардақты аналар кеші!

Мерекелік іс – шара
Еңбек ардагерлері және ардақты аналар кеші
Құттықтау сөз
Құрметті аяулы да ардақты аналар!!!

Сіздерді 8 – наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ұл- қыздарыңыздың қызығын көріп, немере, шөбере сүйіңіздер

Арым да, ардағым да анам екен,
Ана деген адамға атамекен.
Түн ұйқысын төрт бөліп берген сүті,
Жүрегіңде жыр болып жатады екен – дей отырып сіздердің құрметтеріңізге « Анашым әнін» ұсынамыз.
Ардақты аналар кешішің құрметті қонақтарымен таныстыру.

Анасыз өмір, өмір ме,
Көтерілмес көңілде
Тек аналар жасасын,
Мәңгілік бұл өмірде.

Ғасырлар бойы өмір қиыншылығының не бір қилы – қилы кезеңдерінде өзінің табиғи құдыретті қасиетін сақтап, өмір үшін табанды да қажырлы күрескер бола білген.
Ал қазақ - өз ел болып, халық болып қалыптасқан көне заманнан бері – ақ ананы, қыз баланы қатты қадірлеп, құрмет тұтуды берік дәстүрге айналдырған халықтардың бірі.

Сол дәуірдің шындығын айқындайтын:
« Алып анадан туады », « Ана алдында құрмет, ата алдында қызмет »,
« Мейірімі мол ананың – жүрегі жылы, қолы кең », « Анадан артық дос барма,ашудан жаман қас барма » деген сияқты дана мақалдар бұған дәлел.
5 « д» сынып оқушысы Нағышбекқызы Аяжан мен Мажиева Сымбат үнді биін билейді
Аналарда үлкен адамгершілік, зеректік, ақылдылығымен қатар қайраттылық, өткірлік, қаһармандық мінез бар. Халық намысы үшін ел анасы болумен бірге, халықты ерлікке, батылдыққа, елдікке жетелейтін қаһармандық, азаматтық дәрежесініңде биігінен табылады.
Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі – тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе?

Ананың айналып – толғанғаны кімнің есінен кетеді. Шырылдап жерге түскеннен – ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол- Ана. Қара жерді баспай жатып, есіңді білмей тырмысып бауырына жармасып, шырылдап жуанбай жылап іздейтінің – ана.
Міне, анаға деген махаббат сенің құндақта жатқан күніңнен – ақ басталады. Ананың жолы басқа. Ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезінбейтін сезім болмас.
Өйткені аналардың ішкі дүниесі, мінезі, адамгершілік қасиеттері асыл, таза мөлдір. Қазіргі қауымға да келер ұрпаққа да үлгі - өнеге боларлықтай жарық та, нұрлы.
Ананың, әйел қауымның құдіреттілігіне бас иеміз, құрметтейміз. Ана туралы толғансам:

Есімде түнде тұрып тербеткенің,
Есімде ақ сүтіңмен ер жеткенім.
Бір өзің сәби көріп, елжірейсің,
Кетпейді – ау құлағымнан жөргектегі үн »- деген өлең жолдары есіме түседі. Аяулы асыл жанның көңіліне қаяу, қабағына кірбің жоламасын, өмірде тек жақсылық көрсін.

Анам, анам, анашым,
Жаның дархан, данасың.
Кім өзіңдей ұқтырар,
Осы өмірдің бағасын демекші – би Душмуратова Гулбану Шығыс биін тамашалаңыздар.
Аналармен сұқбат:( оқушылар өз сұрақтарын қояды)

1. Есіңізде қалған 8- наурыз мейрамы
2. Қыз тәрбиесіне қалай қарайсыз?
Ана деген адамға атамекен
Әр адам анамен адам
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым
Бір түнгі тәтті ұйқыңнан садаға екен – дей отырып сіздерге арнап, қыздар тобының биін ұсынамыз
Айдардың орындауындағы « күйді » тамашалаңыздар
Соңы. Жарық пен жылу жоқ жерде, от пен жылу жоқ жерде тірлік – мақұрым. Ал осы екеуінің көктегі көзі – күн де, жердегі көзі – атыңнан айналайын – Ана.
Ананың мейірімін көтере алмаған елдің көсегесі көгеруі мүмкін емес, отбасы түзелмейді. Отбасын құрайтын сіздер аналар.
Бүгінгі кездесуге келгендеріңізге көп –көп алғысымызды білдіре отырып, сыйлығымызды тарту етеміз.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×