Сайтқа кіру Тіркелу

Жаңа формация мұғалімі

Жаңа формация мұғалімінің бүгіні мен келешегі. (презентация)

Ғаламдану заманында, әсіресе білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен түбегейлі жаңарулар дәуірінде мұғалім алдында тұрған мақсаттар міндеттердің салмағы орасан зор болып отыр. Егер мұғалімнің өзі жан - жақты дамыған, адамзат әлеміндегі рухани байлықты бойна жинамаған, соны бағалай алмайтын адам болса, онда ол жан - жақты рухани жағынан бай жеке тұлғаны қалай тәрбиелемек?

Мұғалім информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек.
Оқушы субъект ретінде қарастырып, оның өзін - өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау - бүгінгі таңдағы мұғалімнің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Мұғалім жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жету екіталай. Оқу - тәрбие үрдісін ізгілендіру, технологияландыру әр мұғалімнен ғылыми еңбекті талап етеді. Педагогика, технология әлеміндегі жаңалықтарға үңілу, оны зерделей, зерттей отырып іс - тәжірибеге пайдалану, өзінің техногиясын қалыптастыру - заман талабы, заман ағымына ілесу де оңай емес. Кәсіби біліктілігі жоғары өзіндік позициялы, бағалы бейімділігі бар сапалы маман даярлау - бүгінгі өмір талабы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде: «Жаңа формацияға жаңа педагог қажет»- деп атап көрсетті. Жаңа формацияның жаңа педагогын қалыптастыру үшін жаңа кәсіби мазмұн, жаңа кәсіби даярлық технологиясы қажет, әрі даярлық сапасын арттыруға бірден - бір қызмет етуі керек.

Атақты педагог – ғалым В. А. Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым - шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалқ шеберлік пен педагогикалық өнер - ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады.» - деп ұстаздық өнерге ерекше баға берсе, Ы. Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деген. Демек қазіргі мектеп алдындағы басты міндеттер шешуде мұғалімнің кәсіптік білімі, мәдениеті жоғары болуы шарт
Қоғамдағы жаңаша үрдіс әлеуметтік мәдениеттің басым бағыттарының өзгерістерінің білімдегі жаңаруды қажет етуі оның мақсаты, мазмұны, әдістері мен технологияларының іске асырылуы жаңаша білімдегі жетекші тұлға ретінде мұғалім қызметінің маңыздылығын айқындау болып табылады.

12 жылдық білім жүйесіне көшу ҚР білім реформасының басты бағыты болып табылады, сонымен қатар барлық мектеп пәндерін оқыту әдістерін өзгертіп қана қоймай, педагогтарды қайта даярлау мен оқытудағы тәсілдерді жаңартуды қажет етеді.
«12 жылдық білім берудің жетістігі – кәсіби деңгейі жоғары мұғалімдер, олардың біліктілігі мен кәсіптік шеберлігі болуы тиіс».
Жалпы орта білім беруде міндетті мемлекеттік стандарт жаңа тұрпатты мектеп моделін ғана анықтап қоймай, сонымен қатар мектеп бітірушінің жеке тұлғалық шарттарын ескерте келе оған мұғалімді анықтайды.

Жаңа формация мұғалімі дегеніміз - «рухани - шығармашылық тұрғыдан дамыған, кәсіптік біліктілігімен, педагогикалық дарындылығымен және жаңалыққа ұмтылысымен танылатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары тұлға».
Бүгінгі білім жүйесінде Д. Дьюи атап өткендей «үлкен өзгерістер» басталуда. Ол маңызы жағынан, Н. Коперниктің жаңалығына тең(Күн – астрономиялық орталық, басқа планеталар оның айналасына шоғырланады, оны айнала қозғалады), тең болып отыр, яғни, оқушы тұлғасы орталыққа айналып, барлық педагогикалық әрекеттер оның айналасына, шоғырландыра жүргізіледі.

Білім беру – шын мәнінде, баланың өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере отырып белсенді іс - әрекет жасауына, жақсы көруі мен қорғанушылығын еркін көрсете білуіне, оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына, жас және жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғызу деген сөз. Оқушының өзін тану үшін ғылыми және өмірлік проблемаларын шешудің бірден – бір тәсілі - өзін - өзі рефлекциялық басқаруды жүргізе алуы. Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде бастауыш және орта білім кезеңінен – ақ демократиялық қарым – қатынастарды орнықтыру көзделеді. Ол үшін оқытудың мынадай басты ерекшеліктерін дағдыға айналдырудың маңызы зор:
- өз тәжірибесін пайдалана отырып жаңа білім арқылы дүниеге өзіндік түсінік пен танымды қалыптастыру;
- өзге адамдардың ұсынатын идеяларына конструктивтік көзқараспен қарай алу;
- өзіне қарама – қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылу, одан өзі үшін нәтиже түйіндеу;
- өз біліміндегі олқылықтарын көре білу және оны жоюдың жолдарын табу;

Оқытуды өзектілендірудің әдістемелік тәсілдері:
● мұғалім оқушыны өз тақырыбы бойынша қайшылыққа әкеліп, оны шешудің жолдарын табуды өздеріне ұсына алуы;
● қайшылықты практикалық іс - әркетте көрсете білуі;
● бір сұрақты жан – жақты қамтитын бірнеше жауаптар ұсына алуы;
● құбылысты әр түрлі позициядан қарастыруды тапсыруы;
● мұғалім оқушыға ұқсастықтар мен қайшылықтарды өз беттерімен салыстыруға, қорытуға, түйіндеуге жағдай туғызады;
● нақты сұрақтар қояды;
● тапсырмаларды бірігіп орындайды.

«Оқушы дайын білімді игеруші» түсінігі орнына « адам – шындықты танушы тұлға» түсінігі қалыптасады.
Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру –
- адамның қалыптасуы, оның өз бейнесін табуы, даралық, руханилық, шығармашылық бастамасы – тұлғаның өз мәдениетінің субьектісі болуына көмектесу, шығармашылық өмірге үйрету;
- сырттан келетін тәрбиелеу емес, адам бойынан адамдықты табу, оны қолдау және дамыту негізінде өзін - өзі реттеуге, өзін - өзі қорғауға, өзін - өзі тәрбиелеуге әкеледі.
- адамның дене және рухани денсаулығы, адамгершілігі, бостандығы. Ол – тұлғаны түсіну, өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым – қатынастың, салауатты өмір мен парасаттылықтың, өзінідік қатынастың негізін қалау.
- адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады, сондықтан оның мазмұны баланың өзін тұлға ретінде дамыту үшін, өз өмірінің субьектісі болу үшін жағдай туғызуға негізделеді.
12 жылдық мектептегі оқыту үрдісін тұлғалық бағдарлы мазмұнда жүргізудің мұғалімдер үшін мынадай ерекшеліктері бар:
● білім беру үрдісі ізгіліктік және демократиялық заңдылықтарға негізделеді;
● барлық деңгейдегі педагогикалық әрекеттер оқушылардың шаршатуын болдырмауды көздейді;
● педагогикалық қызметтің тиімділігі қажетті құрал – жабдықтарды жаңартудан емес, субьектаралық қатынастардың жаңаша ұйымдастырылуынан көрінеді;
● білім берудің тұлғалық бағдарлы мазмұны оқыту үрдісіндегі тұлғалардың – оқушы, мұғалім, тәрбиеші, ата – ана - өзіндік дамуын қамтамасыз ететін жаңа әдістемелер арқылы жүзеге асырылады;
● мұғалім өз әрекетінде қандай өзгерістердің қажет екенін сезіне алады, өз қызметінің бүгінгі күн талабы, қоғам, ата – ана, оқушы сұранысына сәйкестігін біледі.
● тұлғалық бағдарлы білім беру бағытында жаңалықтар ендіруге ұмтылу, авторлық адаптивтік бағдарламалар құру, тәжірибеде бар жаңалықтарды өз тұрғысынан өзгерте алу.
12 жылдық білім беру үрдісінде оқушының төмендегідей тұлғалық сапалары қалыптасады:
● өзіндік сана;
● өзіндік таным;
● өзіндік білім алу;
● өзара қарым – қатынас;
● өз өмірінің субьектілігі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сынып жетекшісінің портфолиосы

Сынып жетекшісінің портфолиосы

Сынып жетекшісі білуі тиіс: • Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңын • Бала құқықтары туралы конвенцияны...
Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы шығармашылық жұмыстардың р ...

Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы шығармашылық жұмыстардың р ...

Адам тәрбие негізінде жетіліп қалыптасады. Адам болашағын шешетін де тәрбие екендігі ежелден белгілі, көңілде жатталған ұлы түсінік болғанымен, оны...
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Ақсу қаласының №4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М. Қ. Теміржанова...
Заманауи педагог-психологтың оқу-тәрбие кеңістігіндегі тұлғалық және кәсіби ...

Заманауи педагог-психологтың оқу-тәрбие кеңістігіндегі тұлғалық және кәсіби ...

Сапарова Жазира Төлемісқызы...
12 жылдық білім беру жағдайындағы бастауыш сынып мұғалімінің моделі

12 жылдық білім беру жағдайындағы бастауыш сынып мұғалімінің моделі

Қызылорда облысы, Арал қаласы, № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қобыланова Айгүл Күлмашқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×