Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу
Бүгінгі таңдағы мемлекеттің өзекті мәселелерінің бірі Қазақстан Республикасының азаматтарының патриоттық рухын көтеру болып табылады. Елбасы Н. Назарбаев жылдағы Жолдауында патриоттық тәрбиеге көп көңіл бөледі.
Ал осы бағытта Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық университетінің экономика, бизнес және құқық колледжінде патриоттық тәрбие алға қойылған мақсаттардың бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің өзектілігі қоғамның рухани әлеуетін нығайту қажеттілігіне негізделген. Әрбір азаматтың жауапкершілік сезімін, Отансүйгіштік қасиетін арттыру. Қазіргі кезде егемендікке қол жеткізіп, алға қарай нық басқан, экономикасы берік Қазақстанның гүлденуіне үлес қосатын әр жас ұрпақтың патриоттық сезімі болуы қажет.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азамат өзін - өзі айқын билеуін қалыптастырады» деп нақты көрсетті. Бүгінгі күні жеке тұлғаны қазақстандық патриотизм мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу барысында Қазақстанның білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде де «Қазақстан азаматтарының отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орындарына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» – деп анық айтқан болатын.
Елбасының салиқалы саясатын қолдай отырып, Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық университетінің экономика, бизнес және құқық колледжінің ұжымы әскери - патриоттық тәрбие беруде жұмыс жоспарына сәйкес төмендегідей іс - шаралар өткізді: Ұлы Отан соғысының және Ауған соғысының ардагерлерімен кездесулер, мұражайларды аралау, әскери - спорттық жарыстар өткізіледі, сап және ән байқауы, жастардың Қарулы Күштерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әскери бөлімдерді аралау.
Қалалық және облыстық жарыстарға қатысу, сияқты іс - шаралар студенттердің бойындағы шыдамдылық, батылдық, топпен бірге жұмыс істеу, спортқа деген сүйіспеншілік, рәміздерге, ел тарихына деген құрмет сезімдерін оятады.
Осы іс - шаралардың бәрі әрқашан жастардың патриоттық рухтары жоғары болып, Отанын сүюге және оның тарихын білуге, туған тілі мен дінін құрметтеп, қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында жүргізіледі.
Қазақстанның баянды болашағы өскелең ұрпақтың қолында. Демек, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу отбасынан басталып барлық оқу орындарының, барлық пәндердің соның ішінде айрықша алғашқы әскери дайындық пәнінің алдында тұрған басты міндеті болып табылады. «Алғашқы әскери дайындық» пәнін Кеңестер Одағы тараған соң, орта оқу орындарынан алып тастау – жастарға әскери патриоттық тәрбие беру, оларды әскер қатарында қызмет етуге дайындау ісіне едәуір зиянын тигізіп, жалпы білім беру деңгейіне де әсер етіп, Қарулы Күштерінің жеке құрамының моральдық - адамгершілік сипатында көрініс тапты. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы №1340 «Алғашқы әскери дайындық туралы» қаулысы бойынша «Алғашқы әскери дайындық» пәні жалпы орта білім беретін мектептер мен бастапқы және орта кәсіптік білім беретін ұйымдарда 1996 - 1997 оқу жылынан бастап қайта енгізілді.
«Алғашқы әскери дайындық» пәні оқу бағдарламасының негізгі мақсаты: саптық, тактикалық, атыс, медициналық дайындық, топография, азаматтық қорғаныс бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру, Отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу, алған білімдерін практика жүзінде көрсетуге ықпал жасау.
Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық университетінің экономика, бизнес және құқық колледжінің ұжымы білімді, жігерлі, жасөспірімдерді тәрбиелеуде әр түрлі ұлттардың, халықтардың мәдениетін қабылдау жағдайында ғылыми көзқарасты, саяси сана - сезімді, қазақстандық патриотизмді, ұлттық келісімді қалыптастыра отырып, әрқашан қажырлы еңбек етеді.
Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу
- Бейбит
- 18 ақпан 2013
- 10701
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, баяндама
Ұқсас жаңалықтар:
Болашақ ұрпақтың бойында ұлттық патриотизм сезімін қалыптастыру жолдары
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа рухани – патриоттық тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру...Ұлт тірегі – білімді ұрпақ қолында
Б. Жұмабеков, Қазтұтыну одағы ҚЭУ - дің экономика, бизнес және құқық колледжінің оқытушы - ұйымдастырушысы...Білім алушыларды әскери - патриоттық рухта тәрбиелеу
Әскери патриоттық тәрбие беру, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сенімді қорғаудың міндеттерін шешу үшін қажетті, патриоттық және рухани -...Жастардың бойында патриоттық сезiм
Бүгінгі күні балалар мен жастардың патриоттық тәрбиесі патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық пен берілгендік сезімін қалыптастыру, азаматтық...Алғашқы әскери дайындық сыныбына арналған стендтер
Алғашқы әскери дайындық сыныбына арналған стендтер Бұл жинақтан алғашқы әскери дайындық сыныбына арналған дайын стендтер эскиздерін таба аласыздар....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.