Астана қаласы,
№ 63 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Нурбекова Асемгул Казымбековна
Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.
Ж.Ж.Руссо
Әдебиеттік оқу пәнінен бастауыш сынып оқушыларының еркін ойлауын қалыптастыру
Өз бетінше еркін ойлай білу қазіргі жеке тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеуде, білім берудің приоритетін түбегейлі өзгертуде, яғни бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыруды түбегейлі өзгерту барысында өзіндік көмегі бар іс-әрекет. Еркін ойлата білудің негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын қалыптастырып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер және технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың әдебиеттік оқыту пәні бойынша түрлі тақырыптарды еркін талдау, еркін баяндау және еркін ойын жеткізуін қалыптастыра отырып жұмыс жасау әрбір мұғалімнің міндеті деп санаймын.
Жаңа технологияны меңгере отырып өз тәжірибесінде пайдалану үшін мұғалімнің жан – жақты білімі қажет. Қазіргі мұғалім:
• Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
• Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
• Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
• Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;
• Оқушыларды еркін ойланта алатын;
• Білімді, іскер, шебер болу керек;
Жаңа педагогикалық технологияларды және әдіс – тәсілдерді жүйелі пайдалана отырып бастауыш сынып оқушыларын әдебиеттік оқыту пәні бойынша жан –жақты еркін ойлауын қалыптастыру. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға, еркін ойлаушы азамат екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Қазіргі оқушы:
• Дүниетаным қабілеті жоғары;
• Дарынды, өнерпаз;
• Іздемпаз, талапты:
• Ойы ұшқыр;
• Еркін ойлай отырып, ойын еркін жеткізе алатын;
• Өз алдына мақсат қоя білетін оқушы болып қалыптасуы қажет.
Оқушы мен оқушы арасындағы, ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, өзара қатынас еркін әңгімелесу, еркін ой қосу педагогикалық процесте тәрбиелік мәні зор болып табылады.
Бастауыш сынып оқушылары әдебиеттік оқу пәні және жалпы өмірде өз ойларын еркін жеткізе алмайтындықтарын байқағандықтан осы тақырып бойынша ойларын қалыптастыра білу қажеттілігі туындады.
Бұл тақырыпты таңдаудағы себебім бастауыш сынып оқушылары өз ойларын жете айту және жеткізуде өте шорқақтық танытады. Оған себеп еркін ойлауға шек қойғандықтан. Себебі, біз қазақ халқының қанына яғни менталитетіне сай кей жағдайларды баланың жас ерекшеліктеріне сай емес деп ой айтуына, ой қосуына тиым саламыз. Сен баласың, саған не жоқ өсіп ал деген секілді қоршаған ортадан көп теген кедергілер болады. Ал әр адам жеке тұлға болғандықтан өз ойын жеке жеткізуге, тыңдата білуге ерікті деп ойлаймын. Сол себепті бұл тақырыбымды өзекті етіп оның ішінде бастауыш сынып оқушылары әдебиеттік оқу пәнінде тек мұғалім сөзімен және кітаптағы айтылған оймен шектетіліп қалады. Ал ойын еркін жеткізе білген оқушының түсінігі мол әр нәрсені түрлі жағдайда ойлай білеуге машықтануы тиіс.
Бірнеше жылдық еңбек жолымда алдымнан неше түрлі оқушылар өтті. Адамның баласы бес саусағы бірдей болмайтыны сияқты оқушыларым да бір-біріне ұқсамайтын, бір-бірін қайталамайтын, кішкене болса да өзіндік ерекшелігі бар адамдар. Олардың ішінде ең үздігі де, ең нашары да, ең тентегі де, біліп тұрса да аузын ашпайтыны да, қанша сүйресең де алдыға баспайтын жалқауы да болды. Бірақ барлығын да жақсы көріп, білім нәрімен сусындатуға тырыстым. Олар бастауыш мектепті бітіріп, орта буын сыныптарға өткенде де сырттай бақылап отырдым. Мұғалімдерімен пікірлестім. Олар балаларда нақты білім барын, бірақ өз ойларын толық жеткізуде қиналатындықтарын айтты. Содан бастап оқушылардың еркін ойлауына көп көңіл бөле бастадым.
Мақсатым барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға, тақырыпқа байланыстыра отырып, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға, ойын еркін айтуға сабақтарда үйрету. Еркін ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Егер еркін ойлауын дұрыс қалыптастырса ойлау әдіс-тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулыдым.
Ол мына іс-әрекеттер арқылы іске асты.
еркін ойлауын қалыптастыру үшін уақыт керек;
оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;
әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
кейбір оқушыларда болатын қолайсыз жағдайларды күлкі қылмау;
оқушылардың бір-бірінің жауабына берген ойының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
өздерінің еркін ойлай отырып жасаған жұмыстарын бағалау.
Осы шараларды орындай отырып жұмысты оқушылардың еркін сөйлеу, ойлау қабілеттерін зерттеуден бастадым. Зерттеу нәтижелерін сараптай отырып алдағы уақытқа жұмыстар жоспарладым: ата-анамен, кітапханамен байланысты жандандырып, қоршаған ортасы, сабақ процесі арқылы ойын жетілдіру қажет деп таптым.
Оқушылардың қиналатын тұстарын байқаған соң ата-аналармен пікірлестім. Оларды алға қойған жұмыс жоспарыммен таныстырып, көмек беруге шақырдым. Баланы ата-анадан артық ешкім білмейді ғой. Сол себепті олардың пікірлерін тыңдап, бала туралы ата-аналардан мәлімет алдым. Отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы, баланың отбасындағы орны, бейімділігін анықтадым. Ата-аналарды балаларын баспасөзге жазылуға, оны баласымен бірге оқып, талдап, пікірін тыңдауға шақырдым. Бала ойын айтып сөйлеуді алғашқыда отбасынан үйренеді. Сол себепті ата-аналардың өздерін мәдениетті, көркем де әсерлі, жүйелі сөйлеуге, ойларын ортаға салып бөлісуге шақырдым. Ата-ана жиналыстарында өз ойларын еркін жеткізе отырып ортада талдауға, пікірлесу жағдай жасадым.
Келесі жұмыс достарымен, айналасындағы адамдармен араласу ойын тыңдау сөйлесу мәдениетін қалыптастыру мақсатында жүргізілді. Амандаса білу, құлақсалып тыңдай білу, біреудің ойын сыйлай білу, жөн сұраған адамға жауап беруге, сабақ, тәрбие жұмысы процесінде үйретіліп, мектептен тыс жағдайларда да жүргізіліп отырды.
Сол сияқты теледидардан балаларға арналған қандай бағдарламалар бері-летінінен көрген, үйренгенін өмірде қалай қолданып, пайдаға асыру жолдары туралы пікір алмастық. Болып жатқан жағдайларға өз көзқарастарын білдіруге және ойларын қосуға үйреттім. Ал ой жоқ жерде жүйелі сөйлеу жоқ. Олай болса ойлауға үйрете отырып бала тілін дамытуға жол саламыз Осы жұмыстарды сабақ процесінде жалғастыра түстім. Нәтижесінде:
1. Әдебиеттік оқыту пәніндегі тапсырмаларды бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге қызығушылығы артты.
2. Оқушылардың білім сапасы көтерілді.
3. Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс — әрекетке қабілеті артты.
4. Осы жұмыстарды өткізу барысында бақылау нәтижесімен ата- аналар таныстырылып, оларға ақыл кеңес берілді.
Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, жағдай жасайды.
Олай болса, еліміздің болашағы тұрақты, даму барысы қалыпты жағдайда өскен жас ұрпақ мына сөздің қадірін түсінсе: «Өркениеттіліктің басты міндеті – адамды еркін ойлай білуге үйрету» (Эдисон). Өз болашағымызды саналы ой ойлауға тәрбиелейік.
Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау
- Жанасыл
- 6 желтоқсан 2012
- 14726
- 0
- 40
Ілмек сөздер: Баяндама, ұстаздарға
Ұқсас жаңалықтар:
«Қызықты математика» авторлық бағдарлама
Бұл бағдарлама математика саласы бойынша оқушы білімін тереңірек меңгертуге арналады. Математика - бастауыш сыныптағы негізгі де маңызды негіздердің...Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Айымжан орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мухаметкалиева Жақсылық Қазезқызы...Жаңа технологиялар бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру
ШҚО, Семей қаласы, «№3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені» КММ Батырханова Гульнар Абугалиевна...Сабақтың тииімділігін арттыру жолдары мен құралдары
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, "№42 орта мектеп" КММ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Аманжолова Тана Тастанқызы...Назарбаев зияткерлік мектебінің білім сатысы оқуы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Матниязова Айнур...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.