Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасқан күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланады да балабақшамен тығыз байланыс арқылы одан әрі жалғасады. Педагог ғалымдарының тұжырымына сүйенсек, тұлғаны қалыптасу нәтижелілігі, ең алдымен отбасындағы өнеге байланысты. Отбасындағы ересектердің мінез - құлқына, әдебіне, іс - әрекетіне қарап өсіп, тәрбие көрген баланың да қандай екенін тану қиын емес.
Мектепке дейінгі ұйымдардың отбасы арасындағы өзара ықпалдастығы мына төмендегідей негізгі бағыттарға көңіл бөледі:
— педагогикалық және психологиялық сауаттылықты жетілдіру.
— іс - әрекеттің түрлі формалары (ұйымдастыру оқу іс - әрекеттерге қатысу, әр түрлі мерекелік шаралар)
— балалардың шығармашылық әрекетін дамыту,
— қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу,
— әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмек көрсету.
Осындай негізгі бағыттарды іске асыру үшін мектепке дейінгі мекемелермен отбасының арасында тығыз байланыс қажет. Осы бағыттағы тәлім - тәрбие сабақтаса, ұштаса жүргізілгенде ғана көзеген мақсат нәтижелі болмақ.
Бала тәрбиесіне тек балабақша, мектеп қоршаған орта ғана емес, сонымен қатар отбасы мүшелерінің бәрінің тигізер әсері мол. Жыл бойы жүргізілетін жұмыс жоспарын ата - аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата - аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыпты өздері ұсына алады. Сондай - ақ, оларға ұсыныс, тіректермен санаса отырып, ата - аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, кеңестер мен сұрақ - жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата - аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс – тәсілдері қарастырылады.
Отбасы — бұл баланың өмір сүру ортасы яғни, қамқорлықтың тұрақты көзі. Тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орта. Осы орайда бала білім нәрімен сусындайтын алтын ұясының алатын орны бөлек. Біріншіден, бала уақытының көп бөлігін балабақшада өткізеді, тәрбиешілерінен, ұстаздарынан дәріс үйренеді. Демек, отбасы мен балабақша арасындағы қарым - қатынастың алар ролінің қаншалықты маңызды екенін осыған қарап топшылауға болады. Балабақша ұжымы ата - аналарды ұйымдастырып, балаларды балабақшадағы өмірінің тәрбиесіне белсене қатысуларына арналған іс - шаралар жиі өткізіп тұрамыз. Оған сауықтыру кештері, ертеңгіліктер, тренингтер, сауалнамалар жатады. Осындай отырыстар арқылы ата - аналар бір - бірімен жақынырақ танысып, ортақ өзекті мәселелерді бірге шешуге тырысады. Бұл дегенініз, ата - ананың қоғам алдындағы жауапкершілігі артады. Балабақша мен отбасы, ата – анамен бала арасындағы достық, бауырмалдық қарым - қатынастардың қалыптасуына игі ықпалын туғызады. Мектепке дейінгі мекемеде өткізіліп жатқан спорттық жарыстар салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу мен қатар ата мен бала арасындағы сүйіспеншілікті, ынтымақтастықтың да нығаюына септігін тигізеді. Қарап тұрсаңыз, отбасы мен балабақша бір - бірінен бөлек алып қарауға келмейтін егіз ұғым секілді. Ол — саналы ұрпақ тәрбиелеуде зор жетістікке жеткізетін берік одақ. Осы екі одақ бірлесіп, ынтымақтасқанда ғана күрмеуі қиын талай мәселелердің түйіні шешілетіні анық. Балабақшада балалармен, ата - аналармен ынтымақтаса жұмыс істеу нәтижелігінің диагностикалық зерттеу графигін құрып, ата - ананың балабақшаға деген қөзқарасын қалыптастырдық. Ата - ананың қатысуымен «Әкем, шешем және мен», «Отбасы алтын діңгек», сонымен бірге ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттерге ата - аналар қатыстырылды. Ондағы мақсат, жаңа технологияларды ата - аналарға бағыттау, әдіс - тәсілдерді түсіндіру, жақсы нәтижені көрсету барысында жетістіктеріне қол жеткізу. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» — дегендей, бала тәрбиелеуде осындай міндеттерді іске асырушылар балабақша мен отбасы. Осы екі арнада жүргізілген тәлім - тәрбие сабақтаса ұштаса жүргізілгенде ғана мектепке дейінгі жастағы балалардың отбасыларымен бірге отырып, жұмыс жасау оның ішінде отбасы бұрышын құрып, олармен жеке - жеке жұмыс жүргізу өз нәтижесін береді.
Отбасында ата - аналарға педагогикалық білім беру өте қажет, себебі, ата - ана бала тәрбиесінің мақсат - міндеттерін айқын түсінбей, бала тәрбиесінің жолдарымен амалдарын ойдағыдай іске асыра алмайды. Осы тұрғыда балабақшамыз отбасымен сабақтастықты орнату бағытында ата - аналарды оқу – тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістемесімен таныстыру, ата - аналармен педагогикалық - психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру, ата - аналарды бірлескен әрекетке тарту сияқты негізгі жұмыс мазмұнының қызметтеріне сүйене отырып, өзара әрекет байланысының міндеттерін жүзеге асырады. Ол:
— ата - аналарды белсенді педагогикалық ұстанымдарын қалыптастыру
— ата - аналарды педагогикалық білім мен білік дағдыларымен қаруландыру
— бала тәрбиесіне ата - аналарды белсенді қалыптастыру.
Бұл жұмыстардан мынадай нәтиже күтуге болады.
1. Ата – аналар тарапына туындайтын белсенділік, қызығушылық.
2. Жауапкершілік және өздік жұмыс.
3. Мақсатқа жету деңгейі, тиімділігі, қанағаттылық.
4. Отбасының мектепке дейінгі мекемеге қосатын үлесі.
5. Алынған білімді қолдану, бала тәрбиесіне қатысты қолданылатын технологиялар.
Міне, біздер — тәрбиешілер, ата - аналар, қоғамдық ұйымдар, бала тәрбиесіне, оның келешегіне зор жауапкершілікпен қарап, тәрбие жұмысының тиімді әдіс - тәсілдерінің ынтымақтаса жүзеге асырсақ, жұмыр жер тағдырын, еліміздің болашағын күні ертең бүгінгі балабақша ұландарына сеніммен тапсыруға болады. Біздің мақсатымыз - заман талабына сай жаңашыл, шығармашыл, мәдениетті, жан - жақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеу.
Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы
«Еркетай» бөбекжай – бақшасының
тәрбиешісі Хамитова Анаргул Сахановна
Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі және балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру
- ramuk_b
- 15 қаңтар 2019
- 3456
- 0
- 0
Ілмек сөздер: балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынас, баяндама
Ұқсас жаңалықтар:
Мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен отбасынының өзара әрекеттесу жағдайын ...
Серіктестік пен ынтымақтастық негізінде отбасы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балаларға қойылатын біркелкі талаптармен біріңғай білім...Балабақша мен отбасы - бұл баланың өмір сүру ортасы
«Тәрбиелі - тәртіптің құлы, тәртіпті - елдің ұлы» деп, халық қаһарманы Б. Момышұлы айтқандай, еліміздің ертеңгі болашағы жас буынды имандылық пен...Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық
Атырау қаласы, №8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай – балабақшасының әдіскері Имангалиева Айгул Лукпановна...Отбасы мен балабақшының сабақтастығы және серіктестігі
Мақсаты: Ата-аналармен бірлесе отырып,баланың тұлғасын дамытуға бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру Отбасымен бірігіп балардың өмірін...Отбасы тәрбиесі
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, ІІ санатты математика-информатика пәндері мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.