Пәлсапа пернелері Сюнь - Цзы (Сюнь Куан, Сюнь Цин)
(шамамен б. д. д. 313 ж., Чжао патшалығы – б. д. д. 238 ж. кейінгі, Чу патшалығы)
Философиялық афоризмдері:
Аспанастың біріктіру, заттарды жақсарту керек, соның нәтижесінде халық өмір сүреді және өзінің өмір сүруіне қажетті заттарды ала алады, ал Аспанастындағы – пайда таба алады, адамдар барлық жағынан сөзсіз бағынады, алты ілім келмеске кетеді, ал он екі философ өз көзқарастарн өзгертеді – қолында билігі бар кемеңгерлер осындай болады.
* * *
Теңдікке жету үшін теңсіздік қажет.
* * *
Әрбір адам әлденені дұрс деп есептейді – бұл данаға да, ақымаққа да бірдей тән. Алайда олардың дұрыс деп есептейтіндері бір - бірінен бөлек; дана мен ақымақтың арасындағы айырмашылық та осында.
* * *
Билеушінің міндеті – қайырымды болу, қарапайым адамдардың міндеті – қара жұмыспен айналысу. Қара жұмыс – игілікке қызмет ететін жұмыс. Қарапайым адамдардың еңбегі ол қайырымды билеушіге бағытталғанда ғана жинақталады.
* * *
Адасу деп не аталуы мүмкін? Тілектермен ғана шектелу адасу болады, жеккөрушілікпен ғана шектелу – адасу, заттардың тек басталуын ғана көру – адасу, олардың ақырын ғана көру – адасу, тек ұзақтағыны ғана көру – адасу, жақындағыны ғана көру – адасу, кең ауқымнан ғана көру – адасу, кемшілікті ғана көру – адасу, көнеге қарай бойлай беру – адасу, бүгінмен ғана өмір сүру – адасу болады. Барлық заттар бір - бірінен ерекшеленеді, сондықтан оларға жақсылап қарасақ сөзсіз адасушылық туындайды. Бұл адамдардың ойлауындағы жалпы дерт.
* * *
Ілім үйренуде кідіруге болмайды.
* * *
Жүрек – тәннің билеушісі және даналықтың иесі. Ол тәнге бұйрық береді, оны қабылдамайды: ол өзі тыйым салады, қозғалуға, ұстауға, алуға, әрекет жасауға және тоқтауға мәжбүрлейді. Сондықта ауызды ашпауға немесе үндемеуге мәжбүрлеуге болады; тәнді иілуге және тіктелуге мәжбүрлеуге болады; жүректі қорқытып, өз ниетін өзгертуге мәжбүрлеуге болмайды. Жүрек өзі дұрыс деп есептеген нәрсені ғана қабылдайды және өзі бұрыс деген нәрсені теріске шығарады.
* * *
Тексеруге болмайтын сөздерге, бұрын болмаған іс - әрекеттерге; бұрын еш жерде естілмеген ойларға – осының барлығына кемеңгер адам сақтықпен қарайды.
* * *
Адам өз табиғатынан керемет қасиеттер мен даналыққа ие болса да, ол сонда да дана ұстаз туып, барлық істе оның соңынан еруі керек, ол жақсы адамдардан дос тауып, олармен достасуы керек.
* * *
Адамның сыпайы, көнгіш болуы оның табиғатына қайшы келеді.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Пәлсапа пернелері: Сюнь - Цзы
- ramuk_b
- 1 наурыз 2025
- 292
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сюнь - Цзы, философиялық афоризмдері, ғибратты сөздері, қанатты сөздер
Ұқсас жаңалықтар:

Сюнь - Цзы (Сюнь Куан, Сюнь Цин)
Ол Көк - Аспанды нақты заттар ретінде: жұлдыздар, күн мен ай, жыл мезгілдері жарық пен қараңғы, жел мен жауын деп түсінді. Аспан әлеміндегі түрлі...
Пәлсапа пернелері: Мэн - Цзы
...
Пәлсапа пернелері: Кун - Фу Цзы
Ежелгі қыай ойшылы. Кедейленген ақсүйек әскербасы отбасында дүниеге келген. Ата - анасынан ерте айырылған ол тек он бес жасында ғана білімге...
Абайдың хакімдігі: «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ...»
Абай өзгеріс туралы айтады да, даму хақында ой өрбітпеген. Даму туралы біз көп айттық. Қазір мәселенің байыбына барсақ, даму деп жүргеніміз де...
«Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ...»
Бөтен сөзбен сөз арасын былғамайтын ақын неге «адасқанның алды – жөн...» деген? Қалыптағы түсінікте адасқанның алды белгісіздік емес пе? Адасып бара...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.