Бабадан қалған асыл сөз
Тарихты тыңдау – ұлы ғибрат
Махмұд Қашқари (1029 - 1101 ж. ж.)
Толық аты - жөні Махмұд ибн Әл - Құсайын ибн Мұхаммед. Қарахандардың ақсүйектерінен шыққан. Қазіргі Қазақстан жерінде болған Барысқан қаласында туып, Қашқарда қызмет еткен.
Махмұд Қашқари түркі халықтарының тұңғыш филологы. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеген ұлы ғалым. Әйгілі «Диуани лұғат - ат - түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») еңбегінің авторы. 8 кітаптан тұратын осынау еңбекте 6800 - дей түркі сөзі ғылыми жүйеге түсірілген. «Диуани лұғат - ат - түрік» ерте орта ғасырдағы түркі халқының энциклопедиясы іспетті. Данышпан ғалымның сондай - ақ ең ежелгі түркі картасы деп танылған, Дөңгелек картасы да белгілі. Онда түркі халықтарының таралым аймағы көрсетілген.
ЮНЕСКО ұйымының ұйғарымымен 2008 жыл «Махмұд Қашқари жылы» деп жарияланған болатын.
Ел – қалар, әдет – қалмас.
* * *
Жер бастырығы – тау, ел бастырығы – бек.
* * *
Бақыттың белгісі – білім.
* * *
Ер жігітті қорлама.
* * *
Әдептің басы – тіл.
* * *
Үлкенмен керіспес болар.
* * *
Ақылды сөз – алтын табаққа жеткізер.
* * *
Сөз ұғындырылса – ой білінер.
* * *
Бар – бақыр, жоқ – алтын.
* * *
Ауыр күн де өтеді – оған сабыр - шыдам қыл.
* * *
Ұран көтерілсе – ру жиылар,
Жау келсе – жамағат жиылар.
* * *
Дос адам маңайыңды жұмақ етер.
* * *
Күндестердің күлі де – күндес.
* * *
Жақсы адамның сүйегі қурағанмен – аты қалар.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Махмұд Қашқари ұлағатты сөздері
- ramuk_b
- 2 ақпан 2023
- 1112
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Махмұд Қашқари, нақыл сөздер, Махмұд ибн Әл - Құсайын ибн Мұхаммед
Ұқсас жаңалықтар:
Мен сені көп іздедім, АСЫЛ БАБАМ!
Ғасырлар тоғысы мен ұрпақтар сабақтастығы арасындағы алтын көпір - бабалар аманаты....Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»
Қожа Ахмет Йасауи ХІ - ХІІ ғасырда өмір сүрген, мұсылман дінінің атақты қайраткері, философ, ғұлама ғалым, ақын. Ол Оңтүстік Қазақстан облысындағы...М.Қашқари "Қордайдағаы аққу қаздар қаңқылдайды"
Сабақтың тақырыбы: Махмұт Қашқари. «Қордайдың аққу - қазы қаңқылдайды» өлеңі Мақсаттары: Оқушылар тақырып жайлы түсінік алады отырып, мәнерлеп...Шығыс даналары
Ақтөбе қаласы, Әйтеке би ауаны, Ақкөл ауылы Абай атындағы орта мектептің тарих пәнінің оқытушысы Далеуова Зауреш Асауовна...Махмұд Қашқари (1029-1101 жж.)
Махмұд Қашқари (1029-1101 жж.) Махмұд Қашқаридің толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед. Ол ХІ ғасырда Қашқарда туып, Баласағұн...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.