Сайтқа кіру Тіркелу

Кәдесый домбырасын жасау

Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Кәдесый домбырасын жасау
Сабақтың мақсаты: домбыраның шығу тарихы мен жасалу тарихының жолдарын үйрету
Білімділігі: Оқушылардың ой - өресін жетілдіру, ұлттық қол - өнер бұйымдарын жасау жолдарын үйрету.
Дамытушылығы: жұмысты өз бетінше жоспарлап, орындау.
Тәрбиелігі: ұлттық бұйымдарды қастерлеу, сыйлықтық бұйымдар жасауға қызықтыру.
Көрнекті құралдар: домбыра жасауға арналған ағаштар (қайың, емен, өрік - ағаштар, қатты ағаштар) т. б. домбыраның қалыбы. Алмұрт, жаңғақ ағашының бөлшектері.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Өткен тақырыптарға шолу
3. Ой қозғау, мәліметтер беру
4. Негізгі бөлім
5. Сарамандық жұмыс
6. Бекіту бөлімі
7. Қорытынды бөлім
Мұғалім сөзі
Домбыраның шығу тарихы
Б. Ә. Д. VІІ - ІV ғасыр Орта Азия Өңірін сақ тайпалары мекен еткен. Сақтар негізінен Іле алқабы мен Жетісу өңірінде болған. Мысалы, ІV - ІІІ ғ табылған домбыралы түсін тас «ескерткішінің»өзі айтып тұрғандай, домбыраны қай уақыттан бастап пайда болғаның баяндап тұрғандай. Домбыра - ішекті музыка аспабы. Ол көбіне ағаштан тұтас ойылып жасалады. Негізінен екі ішекті болып келеді. Ел арасында үш ішекті домбыралар да кезігеді. Домбыра өткен ғасырларда шертер сыбызғы, қылқобыз, шаңқобыз т. б. музыкалық аспаптармен қатар дамыды.
І. Жұмысты жоспарлау және негіздеу
Жұмысты орындау үшін қазақ халқының көне ұлттық домбыраны жасау тақырыбын алдық.
Домбыраны көптеген түрлері бар екенін білеміз:
1. Үшем домбыра
2. Бүктемелі домбыра
3. Желбезекті домбыра
4. Қоссаба
5. Қуыс мойын домбыра
6. Үш ішекті домбыра
7. Шіңкілдек.
Бұл домбыралар қос ішекті музыкалық аспаптарға жатады. Олардың ішінде кең таралғаны әрі ұзақ сақталып келе жатқаны да осы домбыра. Онда күй орындағанда шертіп және қағып тарту әдістері қолданылады. Шертіп ойнау әдісі Қазақстанның көп деген жерлеріне тән.
Домбыраның алғашқы нұсқасы 5 - 7 пернелері болса, кейін перне саны 13 - 14 – ке жетті.
Оның құлақ күйі оң бұрау және теріс бұрау түрінде келтіріледі. Қазақтың майталман күйші, сазгерлері - Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Байсерке, Қазанғап Сейтек. Домбыраның қасиетін кейінгі ұрпаққа насихаттап кетті. Домбыраны - тек күй тарту үшін ғана емес, ән сүйемелдеуге қолданылатын аспаптардың бірі: Біржан - сал, Ақан - сері, Жаяу Мұса, Мұхит, Мәди, Әміре, Кенен Әзірбаев, М. Ержанов, Ж. Елебеков, Ғ. Құрманғалиев т. б.
ІІ. Домбыра материалдарын таңдау және өлшемдерін жобалау
Домбыра эстетикалық талғамдары сай және әдемі болуы тиіс. Негізгі домбыра тек біріңғай ағаш материалынан жасалады. Домбыра жасауға қандай ағаштарды пайдаланамыз.
Жаңғақ ағашы - қолдан өсіретін бағалы ағаш.
Шырша - қылқан жапырақты құнды ағаш.
Сағызқарағай - биік, ірі, тік, қатты, суыққа төзімді.
Самырсын қарағайы - шырша ағашына ұқсас дыбыс шығару жағынан шыршаны алмастыра алады.
Арша - дыбыс шығару жағынан шыршадан асып түседі.
Шамшат - жалпақ жапырақты.
Алмұрт - қатты тығыз.
Емен - жалпақ жапырақты құнды ағаш.
Қарағаш - қатты, тығыз қызыл күрен, қоңырлау болып келеді.
Қанды ағаш - құнды ағаш.
Шетен - қатты, мықты, майыспайтын ағаш.
Терек - жұмсақ, өңдеуге жеңіл ағаш, өзі ақ - сары түсті.
ІІІ. Бұйымды жасау технологиясы.

№ Атауы Материал Саны Өлшемі
1 Гриф (мойны, сағақ) Ағаш 1 3х5х20
2 Мойны Ағаш 1 3х5х96
3 Үнтілше Ағаш 1 46х34х80
4 Үнтілше қақпағы Шеретақтай 1 2х34х46

Домбыраның жасалу технологиясының толық меңгеріп, жұмыс барысында қателіктер жібермеу үшін, оның технологиялық картасын жасадық. Технологиялық картада домбыраны жасау технологиясы толық көрсетілген.

ІV. Экономикалық есеп.
Домбыра жасау үшін сызбадағы өлшем бойынша ағаштың үш түрі қажет:
1. Терек - жұмсақ, өңдеуге жеңіл ағаш. ақ - сары түсті. Домбыраның мойыны ағашын жасау үшін ұзындығы 1м, ені 5 см. Құны С 200тн.
2. Шанақ жасауға құны А - 500тн.
3. Мойын ағашқа жапсырылатын алмұрт ағаш құны Р - 510тн.
4. Желім құны - 3 - 300тн.
Сарамандық жұмыс.
1. Домбыраның нақты өлшемдерін қатырма қағазға сызып, қайшымен қиып алу.
2. Мойын ағашын сызбаға қарап, өлшем бойынша кесу.
3. Шанақты дайындау.
4. Бұрау тетігін, перне, тиек жасау.
Сергіту сәті.
Еңбек туралы мақалдардың жалғасын тап!
1. Еңбек - бәрін де.........
2. Еңбек ер..........
3. Ел үшін еңбек.... өкінбейсің.
4. Еңбек етсең ерінбей, тояды................
5. Ақырын жүріп анық бас.................
6. Көз қорқақ.................

Сабақты бекіту.
1. Домбыраның қандай түрлері бар?
2. Домбыра қандай ағаштардан жасалады?
3. Домбыра неше бөліктен тұрады?
4. Домбыра бөліктері қалай аталады?

Сабақ соңынан оқушылардың іскерлігін бағалау. баға қою.
Үйге тапсырма.
Домбыраның түрлерін салып келу.

Қызылорда қаласындағы
Қалтай Мұхамеджанов атындағы
№1 мектеп - гимназиясының
технология пәнінің мұғалімі
Шакенов Сансызбай Тайманович
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сыйкәделік әшекей домбыра жасау

Сыйкәделік әшекей домбыра жасау

Сыйкәделік әшекей домбыра жасау. Сабақтың мақсаты: сарамандық жұмыс барысында өлшем дәлдігімен бұйым жасап шығаруға үйрету. Білімділік: қолда бар...
Нағыз қазақ, қазақ емес. Нағыз қазақ – домбыра!

Нағыз қазақ, қазақ емес. Нағыз қазақ – домбыра!

Жезқазған қаласы, «№21 Жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Ғылыми - зерттеу жұмысымен айналысушы: 1«В» сынып оқушысы Әшір Балжан Жамбылқызы Ғылыми...
Домбыра (ғылыми жоба)

Домбыра (ғылыми жоба)

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, "№21 жалпы білім беретін орта мектебі"КММ 2 "Ә"сынып оқушысы Ақжолова Жасмина Бержанқызы Жетекшісі: Сауытбаева...
Домбыра

Домбыра

Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық селосы, Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мусағалиева Аягөз Марзухқызы...
Дәстүрлі күйшілік өнер

Дәстүрлі күйшілік өнер

БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×