Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақ халқының десерттік тәтті тағамдары

Қазақ халқының десерттік (тәтті) тағамдары
Технология 10 сынып
Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың жасалу жолдарына түсініктер беру.
Тәрбиелігі: Жаңашылдыққа, әдемілікке, тіл мәдениетіне жаңа заман талабына сай тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылығын, қолөнер шеберлігін, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: іздену, салыстыру, сараптау, талдау, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: оқулықтар, суреттер, конверттер, мақал - мәтелдер, тағам түрлері, слайдтар.

Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Сабаққа әзірлігін тексеру.
3. Кіріспе әңгіме
Оқушыларды 2 топқа бөліп, сабақ жоспарымен таныстыру.
1. Жаңа сабақ:

Сабағымыз 7 кезеңнен тұрады.
1. Венн диаграммасы. Өз ойларымен бөлісу.
2. Кесте бойынша жұмыс.
3. «Бой сергіту»
4. Бұл қандай тағам?
5. Мақал – мәтелдер.
6. Мен саған, сен маған.
7.«Менің сүйікті тағамым»

- Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Қазақ халқының десерттік (тәтті) тағамдары
Қай халықтың болмасын дастарқаны, сол халықтың тұрмыс салтына, әдет - ғұрпына, тіршілік тынысына орай қалыптасары белгілі. Ғасырлар бойы көшпелі тұрмыс кешкендіктен болар қазақ халқының тағамдары өзге жұрттан өзгешелеу. Оның негізгісі: ет, сүт, қымыз, сары май, құрт, ірімшік секілді өңкей малдан алынатын өнім түрлері.
Қазақ халқы қонақжай, бар тәуірін қонаққа деп сақтаған. Екі - үш қонақ көрпесі, екі - үш қойы тұрмаған шаңырақты қазақ тақыр кедей санаған. Ал бар бола тұра қонаққа қадір құрмет көрсетпеген кісіні «шық бермес шығайбай» атандырған.
Иә қонақжайлылық, мейманды қабылдау, қонақасының жай - жапсарын жетік білу ата - бабамыздан қалған аса қастерлі салтымыз, дәстүріміз.
Қазақтың ұлттық тағамдары өзіндік жұмсақтығы мен тіл үйірер дәмімен ерекшеленеді. Қазақ тағамдарының негізін мал шаруашылығы өнімдері – ет пен сүт, десерттер, пісірілген нан өнімдері мен сусындар құрайды.
Қазақтың ұлттық тағам өнімдерін дайындауда суға пісіру әдісі ерекше орын алады. Азықты дайындау мен ұзақ уақыт сақтау аса маңызды болып табылады. Мал сойғанда, еттің көп бөлігін керегіне жұмсаған, ол үшін тұздаған, кептірген, ыстаған. Деликатес тағамдарды, негізінен, жылқы етінен жасайды – қазы, шұжық, жал, жая, қарта және т. б. Нан көбінесе шелпек түрінде пісіріледі, пісірілген өнімдер ішінде ең танымалы – бауырсақ. Жалпы, ұлттық тағамдарды дайындау мен сату – табысты бизнес.
Дайындау әдісі. Қазақтың ұлттық тағамдары десерттерінің бірі мыналар – жент, талқан, балқаймақ және т. б.
Жент – қазақ шоколады. Оны дайындау үшін, яғни1 кг. жентке 500 гр тары, 400 гр ірімшік, 200 гр қант, 50 гр ас қасық мейіз, 200 гр сары май керек. Ірімшік пен тарыны келіде ұсатады. Қоспаға қант пен мейіз қосып араластырады, оған ерітілген сары май құяды, қатқанша суытады. Дайын жентті қызған өткір пышақпен кеседі.
Талқанды сары маймен қосып дайындау үшін 100 гр. тары, 100 гр. сары май керек. Талқанды пісірілген әрі тазартылған, келіде ұсатылып, елеуіштен өткізілген тары, бидай мен жүгері дәндерінен әзірлейді. Дайын талқанды сары маймен сіңгенше араластыру керек. Сонымен қатар талқанды қаймақпен, сүтпен, сорпамен, сумен, шикі жұмыртқамен араластыруға болады.
Балқаймақ. Терең табаға немесе қазанға қаймақ құйып, бетінде майы пайда болғанша араластырып, қайнатамыз. Қаймақты қайнатқан кезде бал не қант қосуға болады. Одан кейін қаймаққа ұн қосып, жақсылап араластырып, тағы 10 минут қайнатамыз. Ыстық күйінде дастарханға қоямыз.

2. Өз ойларымен бөлісу.
1. Диаграмма «Венн» қолдану.
2. Кесте бойынша жұмыс істеңдер.
1. Еттен жасалатын тағамдарды таңдап алыңдар.
2. Сүттен жасалатын тағамдарды таңдап алыңдар.
3. Ұннан жасалатын тағамдарды таңдап алыңдар.

3.«Бой сергіту»
Әр командаға 6 сұрақтан құралған карочка беріледі, кейін әрқайсысы жауап береді.

Ет тағамдары командасы.
1. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата? (Шұжық, бесбармақ, қазы, қарта т. б.)
2. Шұжық ненің етінен жасалады? (қой, сиыр, түйе, жылқы етінен)
3. Сенің сүйікті тамағың не? (...)
4. Қазақтың басты ұлттық тағамы не?(ет)
5. Қымыз ненің сүті?(биенің сүті)
6. Сүт тағамдарын ата?(шұбат, айран, қымыз)

Сусындар командасы.
1. Айран ненің сүтінен жасалады? (сиыр сүтінен)
2. Қазы, қарта, жая ненің еті? (жылқы еті)
3. Бесбармаққа ненің етін салады? (жылқы, сиыр, қой, түйе етін)
4. Жылқы етінің қандай ерекшелігі бар? (жылқының еті қатпайды, майы тоңазымайды
5. Құрт неден жасалады? (сүттен)
6. Сенің сүйікті тағамың не? (...)

4. Бұл қандай тағам?
1. Қаймағы алынған немесе алынбай пісірілген сүтке азырақ су қосып ұйытылады. Ол - жеңіл және сусындық тағам. /Айран./
2. Кез келген малдың етінен жасала береді, өкпе - бауыр қосып жасайды. Түрлері көп: соғым, өкпе - бауыр, қарын/ Қуырдақ./
3. Шай дастарханының басты асы. Ең жоғары сапалы ұннан май, ашытқы қосып жасалады. Әр түрлі пішінде, үш - төрт бұрышты, сопақша, домалақ болады. Түрлері көп. Мысалы: бармақ, жол, ақ, той т. б. /Бауырсақ./
4. Сүттен жасалған ұлттық тағам. Мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. /Құрт/
5. Аса кәделі дастарқан дәмі. Ол қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын өте дәмді тағам.. Оған құмшекер, ұнтақталған ірімшік, мүйіз салып араластырады. /Жент/
6. Жылқы етiнiң деликатесi. Онша семiз емес салқындатылған жылқы етiнен не салқындатылған немесе мұздатылған майдан әзiрлейдi. /Шұжық/

5. Мақал - мәтелдер.
Досыңның үйінде, су берсе де ішіп кет
Ынтымақты үйдің асы тәтті.
Ат – адамның қанаты, ас - адамның қуаты
Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің.
Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
Ас - иесімен тәтті
Алтын, күміс - тас екен, арпа, бидай - ас екен.

6. Мен саған, сен маған
Топ балалары бір – біріне дайындаған сұрақтарды қояды.
7.«Менің сүйікті ұлттық тағамым» атты тақырыпқа, тағамының дайындау тәсілін айтып беруі қажет.

ІІІ Бағалау
Рефлексия. Балалар бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алдыңдар.
Нені білдіңдер? Нені білгілерің келеді? жазып, смайлик арқылы жапсырамыз.

ІV. Үйге тапсырма. Ұлттық тағамдарға байланысты буклет жасап келеміз.
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
Технология пәні мұғалім
Жанисова Жазира Султанбековна
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ халқының тәтті тағамдары

Қазақ халқының тәтті тағамдары

Блум таксономиясы 6 кезеңнен тұрады. Олар: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау. Негізгі мақсаты оқушыны дамыта отырып білім беру. Яғни...
Менің сүйікті тағамым

Менің сүйікті тағамым

Сабақтың мақсаты: Жаңа сөздермен таныстыра отырып сөйлем құрап, сұраққа жауап беру арқылы тілдерін дамыту. Жаңа сөздерді есте сақтауға жағдай туғызу....
Қазақтың ұлттық дастарқаны

Қазақтың ұлттық дастарқаны

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың...
Сүт және сүт өнімдері

Сүт және сүт өнімдері

Сабақтың тақырыбы: Сүт және сүт өнімдерінен дайындалатын тағамдар Сабақтың мақсаты: Білімділігі: төрт түлік малдан өндірілетін сүттің өзіндік жеке...
Қазақтың ұлттық тағамдары

Қазақтың ұлттық тағамдары

Сабақтың мақсаты: Ұлттық тағамдар туралы тереңірек мағлұматтар беру, «ой-қозғау» тәсілдері арқылы оқушылардың танымдылықтарын, өз бетімен әрекеттену...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×