Түсінік хат
Бүгінігі ұрпақ өзінің мінез - құлқын, тілін, өнерін жоғалтпауы қажет. Өнер жас ұрпаққа жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние. Осы мақсатта құрылған 1 - сыныпқа мектеп компонентінен алынған «Шебер қолдар» қолөнерге баулу үйірмесі оқушылардың ықылас - ынтасын дамытып, болашақ маман ретінде өзін - өзі тануға мүмкіндік береді.
Үйірменің апталық жүктемесі 1, 5 сағат, жылға 47 сағатқа арналып құрастырылған. Сабақтарда дарынды оқушылардың қабілетін ашып, шығармашылығын дамытып, ізденуге, іс - әрекетін, жобалаушылығын дамытуға жағдай жасап, бар зейінін аударып ынта - жігерлігін арттыру басты мақсат.
Табиғи материалмен әртүрлі аңдардың бейнесін жасауды, матамен жұмыс, т. б. жасауды тереңірек меңгереді.
Мақсаты: 1. Оқушыларды қолөнерге баулу, өнерге деген қызығушылықтарын, шығармашылық белсенділіктерін арттыру.
2. Оқушыларды жинақтылыққа, төзімділікке, икемділікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Жұмысты ұйымдастырып, керекті материалдарды тиімді, ұқыпты пайдалана білу
2. Оқушылардың іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
3. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеп, еңбек мәдениеті мен техника қауіпсіздігінің бастапқы элементтерін меңгеруге бағыттау.
4. Оқушының еңбекке қызығушылық ынтасын нығайту және ой - өрісін кеңейту.
5. Еңбектің қажеттілігін білуін, бастаған ісін талғаммен аяқтауын қадағалау.
6. Балаларды тек жеке бастары үшін еңбек етуге емес, халықтық ортақ үшін еңбектенуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
Еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа үйренеді;
Өз жұмысына және өз жолдастарының жұмысына әділ баға беруді үйренеді;
Пәнге деген қызығушылығы, шығармашылық қабілеттері артады;
Көрмелерге қатысады.
Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу, дүниетану.
Шебер қолдар 1 - сынып
Аптасына 1, 5 сағат, барлығы 47 сағат.
Түсінік хат
Шебер қолдар үйірмесі жоспары
"Шебер қолдар" қолөнерге баулу үйірмесі (жоспар)
- ramuk_b
- 12 қазан 2016
- 24120
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Шебер қолдар қолөнерге баулу үйірмесі жоспары, технология пәні бойынша үйріме
Ұқсас жаңалықтар:
5 – сыныпқа арналған «Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және қызығушылығын ...
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және қызығушылығын арттыру үйірменің бағдарламасы (5 сынып)...Оқушының бейнелеу өнеріне қызығушылығын арттыруға, шығармашылық қабілетке б ...
Өнер жолындағы оқушылардың талпыныс ізденісіне жол көрсетіп, үйреншікті нәрседен әсемдікті тауып, бейнелеуге, көргенді есте сақтауға және қиялдау...Күнтізбелік жоспар еңбекке баулу 3 сынып
Күнтізбелік жоспар. Еңбекке баулу 3-сынып. Барлығы – 68 сағат, аптасына 2 сағаттан...Сабақтың тииімділігін арттыру жолдары мен құралдары
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, "№42 орта мектеп" КММ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Аманжолова Тана Тастанқызы...«Шебердің қолы ортақ» 7 сынып
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, №38 орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Тышқанбаева Айнұр Қыздарбекқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.