«АҚША ЕЛІ»
Ертегілер әлеміне саяхат
Сабақтың мақсаты: «Ақша елі» ертегілер әлеміне саяхат жасап, ақшаның шығу тарихымен, қызмет түрлерімен таныстыру. Оқушыларға қызықты экономикалық есептер арқылы кәсіптік бағдар беру. Оқушыларды іскерлікке, жауапкершілікке, тапқырлыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, тарих, сурет, музыка.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, слайд, оқушыларды бағалау ертегі тиындары, қобдиша, сиқырлы таяқша, сұрақ жазылған карточкалар, суреттер, ақша түрлері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеріп, назарларын сабаққа аудару. Сабақ жоспарынмен таныстыру,
ІІ. Қызығушылығын ояту.
- Балалар, мен сендерді ертегілер әлемі «Ақша еліне» саяхатқа шақырамын. Менің сиқырлы таяғыммен, қобдишамен, біз «Ақша еліне» барамыз. Бұл қобдишада сендерге арналған сиқырлы тиындар, сұрақтар бар.
Қане, балалар біз көзімізді жұмып, сол елге барайықшы.
Әуен ойнайды. «Ертегілер әлемі» өлеңі.
Оқушыларды сиқырлы таяқшамен оятып, сұрақтар беру. Дұрыс жауапқа ертегілер тиындарын беру. Өтілген материал бойынша қайталау сұрақтары.
1. Қажеттілік
2. Еңбек
3. Депозит
4. Экономика
5. Несие
6. Жұмыс
7. Банк
8. Өнім
9. Пайда
10. Алтын
ІІІ. Мағынаны ажырату.
Бұл ел өте ертеде болған, онда ертедегі адамдар өмір сүрген. Осыдан оң мыңдаған жылдар бұрын осы елдің жер өңдеушілері аңшылықпен айналысатын тайпаларды ығыстырып, өздерінің алғашқы қауымдастығын құрды. Олардың біреуі – ұсталықпен, енді біреулері - балық аулаумен, тағы біреулері – зергерлік бұйымдарымен айналысты.Ендігі жерде балықшылар үшін – ау, ұстаханадағыларға – түрлі құмыралар, жер өндеушілерге – ат тағалары қажет болды. Осы жерде бір – бірімен айырбас жасауға мүмкіндік туды. Айырбасқа түскен өнімдер тауар деп аталады. Тауар айырбасын жасап, ендігі жерде оларды салыстыра білу қажет болды. Сөйтіп «Ақша елінде» цифрлар мен сандар пайда болды.
«Ақша елінің» солтүстігінде «Балықшы» деген елді мекенде бір балықшы өмір сүрді.Бір күні балығын аулап, үйіне келсе, балықшының әйелі оған ұрса қоя берді. «Сен кешке дейін балық аулай бересің, ал үйде ескі екі құмған ғана қалды, терілер ескірді, аттардың тағалары жеңіліп кетті, олар ақсап жүр. Өстіп, біздің шаруашылығымыз құритын болды.» Оған ашуланған балықшы: «Маған ұрысқанша, содан шығатын жол ойлап тапсаншы!» - деді. Балықшының әйелі ойланып- ойланып мынадай шешімге келді.
• Шынында да, еркектер керек заттар үшін әр жерге шапқылайды, онан да өзім әрқайсысына барып құмғандарды, ат тағаларын, терілерді «Балықшыға» әкеліп алайын, содан кейін керек заттары үшін бәрі осында келеді, - деген оймен балықшының әйелі «Темірші» деген елге келіп, таға сұрайды, бірақ олар тегін бергілері келмей, айырбастайтын құмған, тері әкел, - дейді.
• Тығырықтан шығу үшін балықшының әйелі «Теңге» еліндегі Тиынов деген ғалымға келеді. Ол ғалым арнаулы құралмен бақыр жасайтын. Оның үлкен бақыры – теңге деп , жүз кішкене бақыры-тиын деп аталды. Ол ғалым балықшының әйеліне мынадай кеңес берді. «Біздің еліміздегі қолөнершілер тауарларын теңге мен тиынға айырбастасын, сонда барлық жерде тауарға айырбастайтын ақша пайда болады.» Сол күннен бастап, ақша елінің ақша айырбасы жүре бастады.
Ақша дегеніміз – қандай да бір затты сатып алу үшін қолданылатын, заттың құнын білдіретін металдан, қағаздан белгілер мен бірлік. 1993 жылы 15 қараша – Қазақстан тарихындағы ерекше күн деп айта аламыз, себебі ұлттығымызды айғақтайтын тағы бір белгі – теңгеміз айналымға еңгізілді. Ұлттық теңгемізде мұндай сапа белгі – 18 2007 жылдан бастап Қазақстан теңгесінің жаңа үлгісі айналысқа енді.
Ақшаның қызметі:
а) Айналыс құралы (Сатып алу)
ә) Құн өлшемі (Тауардың құнын өлшеу)
б) Қорлану құралы (Тауар өндіруші, ақшаның өзінде сақтаса, ондай ақша қазына құрау қызметін атқарады)
Міне, осы кезден бастап балықшының әйелі сатушы болды. Жан - жақтан қолөнер шеберлері тауар әкеліп, тауар айырбастайтын орын, базар алаңы (нарық алаңы) деп аталды. Басқа елдерде өзгерістер өтіп жатты, енді ел арасында байланыс басталып, ол экономикалық қатынастар деп аталды.
Экономикалық қатынас болған жерде жақсы есептей білу керек, тауарды қайдан, қанша мөлшерде, кімнен алған тиімді, - деген міндеттерді шешу қажет. «Ақша еліндегілерге» көмектесу үшін біздерде осындай қызықты есептер шығарып көрейік:
1- есеп: Балада 1 және 5 тиындық 23 монета бар. Ол қолындағы ақшасын санағанда 57 тиын болды. Бала қателескен жоқ па?
Шешіуі: Бала қателесті, өйткені 1 тиындық – 15,5 тиындық - 8 болса, барлығы 55 тиын болады.
2 -есеп: Егер 1 кг кәмпит үшін 225 теңге төленген болса, 10 кг кәмпит қанша тұрады?
Шешуі: 2250 теңге.
3-есеп: 1,2,3,... 9 цифрды жазындар. Осы цифрлардың орналасу ретін өзгертпей, олардың «+» не «-» таңбасын (барлығы үш таңба) қойыңдар, сонда нәтижесінде 100 саны шықсын.
Шешіуі: 100 =123-45-67+89
4-есеп: Аңшы бір маусымда 48 аңның терісін дайындады. Ол 4 теріні бір қап бидайға, 2 теріні – 8 тағаға айырбастады. Аңшының жинаған терілері 4 атты тағалауға және 3 қап бидай алуға жете ме?
Шешіуі: 4 атқа 16 таға – 4 тері қажет, 3 қап бидайға 12 тері кетсе, барлығына 16 тері қажет, ендеше аңшының терілері қажеттілікті қанағаттандырады.
Көптеген жылдар өтті. «Ақша елі» дамып, өсіп әдемі қалалары көп қабатты үйлері пайда болады. Бірінші қабатында дүкендер, шеберханалар орналасты. Бұл елде банкілермен биржалар пайда болды. «Ақша елі» сауданың орталығына айналды.
ІV. Ой толғаныс кезеңі.
Ал енді, балалар бүгінгі біз ақша ертегілер «Ақша елі» ертегілер әлеміне саяхатты қорытындылай келе мына кестені толтырамыз. INSERT әдісі.
Білемін Білдім Білгім келеді
Бағалау: Оқушылар өздерінің ұпай сандарын есептейді. Есептелген сандар бойынша бағаланады.
Үйге тапсырма беру: «Ақша елі» туралы 5 жолды өлең жазу, сурет салу.
Сиқыршымен бірге оқушылар «Ертегілер әлемі» өлеңін айтады.
«АҚША ЕЛІ» Ертегілер әлеміне саяхат
- ГУЛЬГАЙША
- 6 мам 2012
- 15408
- 0
- 0
Ілмек сөздер: сабақ жоспары, технология, ақша, пайда
Ұқсас жаңалықтар:
Ақша мәні, шығу тарихы мен қызметтері
Сабақтың мақсаты: Ақшаның пайда болу тарихы, негізгі қызметтері мен қасиеттері туралы тиянақты білім беру және жалпы түсініктер қалыптастыру....Ақша туралы мақал-мәтелдер
Адам болам десең, арыңды ақшаға сатпа. Ақшаның жайын жарлыдан сұра, Адамның жайын арлыдан сұра....Білім және арманға қадам
Білім өмір бұлағы боп ағады, Байлық пенен ақша бұзған сананы Сол сананы түзеті енді қиынғой Жою керек ақша деген арамды...Ақша тиыннан құралады
Арал индустриалды - техникалық колледжінің Нарықтық экономика негіздері пәнінің оқытушысы Аймурзаева Лаура...Пропорцияның көмегімен пайыз есептерін шығару.
Сабақтың тақырыбы: Пропорцияның көмегімен пайыз есептерін шығару. Сабақтың мақсаты: Білімділік:Пайыз тақырыбы бойынша алған білімдерін жинақтау....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.