Сабақтың тақырыбы: Алжапқышты модельдеу
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға алжапқышты модельдеуде бұйым пішінін өзгертудің әдіс - тәсілдерін меңгерту; 2. Дамытушылық: Оқушылардың кеңістіктік, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту;
3. Тәрбиелік: Эстетикалық талғамға сай, топпен бірлесіп жұмыс жасай білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Әдіс - тәсілдері: топпен жұмыс, сарамандық, технологиялық диктант, жеке тапсырманы орындау
Көрнекілік құралдары: интерактивті тақта, таратпа материалдары, нұсқау карта, шаблон, қалам, қайшы
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А. Сәлемдесу Ә. Түгендеу Б. Назарларын сабаққа аудару В. Топқа бөлу
ІІ. Өткен материалды пысықтау. Әр дұрыс жауапқа бір ұпай.
І топ тапсырмасы
Дене бітіміндегі негізгі сызықтарды анықтау
ІІ топ тапсырмасы
Алжапқыш бөлшектерінің атын табу
Екі топқа ортақ тапсырма
«Алжапқыш сызбасын құру үшін алынатын өлшемдер»
Бжа - белдіктің ұзындығын анықтау
Мжа - төменгі бөлігінің енін анықтау
Кұ - алжапқыш көкірекшесінің ұзындығын анықтау
Тбұ - алжапқыштың төменгі бөлігінің ұзындығын анықтау
ІІІ. Жаңа сабақ
А. Сергіту сәті: «Біз қандаймыз?»
Ә. Қызығушылығын ояту: «Кім үшін - не үшін - неден?»
Б. Киімді модельдеу - пішімнің негізгі сызбасын таңдалған қалыпқа сәйкес өзгерту процесі. Киімді модельдеуде кезінде пішім бөлшектері өзгертіледі, әрлеу түрлері және түс үйлесімділігі таңдалады. Бір пішім бойынша әртүрлі фасонды бұйымдар тігуге болады.
Бір модельдің екінші модельден айырмашылығы фасон деп аталады. Модельдеудің түрлері: 1. Көркем модельдеу 2. Техникалық модельдеу
Бұйым әзірлеу кезеңдері түсіндіріледі. Бұйым әзірлеу барысында бірнеше мамандар жұмыс істейді: суретші - сәнгер, суретші - құрастырушы, технолог және тігінші. Мамандықтарға түсінік беріледі.
Модельдеу ережелерімен таныстыру: 1. Бөлшектердің формалары әр түрлі болмауы керек 2. Түс үйлесімділігін сақтау 3. Әрлеу түрлерін таңдау
Нені өзгертуге болады:
- Көкірекше
- Қалта
- Төменгі бөлік
Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
IV. Сарамандық жұмыс: Нұсқау картаны пайдаланып, дербес жұмыс жасау.
Топ мүшелері «Суретші - сәнгер». Топ мүшелері өздері тігіп кигісі келетін алжапқыштың эскизін салады.
Топ мүшелері «Суретші - құрастырушы». Топ мүшелері дайын қалыпқа модельдеу сызықтарын жүргізеді.
Әр топтың ұпай санын анықтау
V. Сабақты бекіту:
Екі топқа ортақ тапсырма: «Пішіні, өңделуі және суреті бойынша алжапқыш құрастыру»
V. Қорытындылау
«Технологиялық диктант» жазу
VI. Үйге тапсырма беру: таңдалған фасонға сәйкес пішім бөліктерін дайындау
Алжапқышты модельдеу
- Шолпан 1965
- 1 ақпан 2016
- 6941
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тенология сабағы, алжапқышты модельдеу
Ұқсас жаңалықтар:
Модельдеуге тәжірибелік жұмыс
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға модельдеудің негізгі кезеңдері бойынша модель құруға үйрету;...Жону білдегінде бұйымдарды көркемдеп жону тәсілімен дайындау
Сабақтың мақсаты: Сарамандық жұмыс барысында өлшем дәлдігімен бұйым жасап шығаруға үйрету....Жеңді модельдеу
Жеңдерді модельдеу әдістерімен таныстыру, таңдап алған жең фасонын модельдеуге үйрету; тақырып бойынша материалды меңгерулерін қамтамасыз ету...Модельдеу. Модель түрлері
Модель дегеніміз нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету. Модельдеу – объектілерді, процестерді немесе...Бас орамалды және алжапқышты пішу
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы Қызыл - төбе елді мекені, №2 орта мектебі Технология пәнінің мұғалімі Утегенова Жибек Жаналиевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.