10 сынып Технология (қыздар үшін)
Сабақтың тақырыбы: Сарамандық жұмыс: жең қондыру
Сабақтың мақсаты. Білімділік: оқушыларды қатаң технологиялық жүйелікпен, техникалық жағдайларды сақтай отырып, жеңді өңдеуге және оларды қолтық ойындысымен біріктіруге үйрету.
Тәрбиелік: Эстетикалық көзқарастарын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Дамытушылық: оқушыларды талдау жасап, проблеманы қойып және оны шеше білуге үйрету, қол қимылын жетілдіру, ептілікке үйрету.
Сабақтың түрі: кешенді жұмыстарды орындау
Сабақтың әдіс - тәсілдері: репродуктивті (нұсқаулық сарамандық, өзіндік жұмыс)
Құрал - жабдықтар мен көрнекіліктер: халат үлгісі, жең түрлері, үлестірмелі карточка, тігін машинасы, жіп, қайшы
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Өткен материалды қайталау.
Оқушыларға бірнеше жеңіл сұрақтар беру арқылы, олардың назарларын бүгінгі өтілетін сабаққа аудару.
Біз өткен сабақтардан бері «Тігін тігу технологиясы» бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Қандай бұйым тігіп жатырмыз.- Халат.
Халаттың қай бөлшегін тігетін жерге келдік.
Біз жаңа сабағымызды бастамас бұрын халат тігу технологиясы бойынша бірнеше сұрақтарға жауап береміз (үлестірмелі карточка) Сұраққа жауап бере алмай қалған оқушы көйлекке сипаттама береді.
Пысықтауға арналған сұрақтар
1. Киім дегеніміз не?
Киім дегеніміз - адам денесін мүшелеп немесе тастай бүктеп тұратын жабындылар жиынтығы.
2. Киім жалпы белгілері бойынша неше түрге бөлінеді?
Тұрмыстық, спорттық, өндірістік, формалық
4. Маусымдық белгілері бойынша киімді қалай бөлеміз?
Жазғы, қысқы, барлық маусымға бірдей көктем мен күзгі маусымдарына арналған киімдер деп бөледі.
5. Жас белгілеріне қарай: киім жас нәрестеге (9 айлық), бүлдіршіндерге (9айлық - 3жас), мектеп жасына дейінгі (3 - 7жас), мектеп жасындағы жасөспірім қыздарға (7 - 11жас), мектеп жасындағы ересек балаларға (11 - 14жас), жеткіншектерге (14 - 18жас) және и ересектерге арналады.
6. Ересек адамдарға арналған киімді жастың 3 тобын
Жастарды 18 - 29 жас арасын
Орта жас 30 - 44 жас арасын
Егде адамдар 45 - тен жоғары
7. Киім неге иық бұйымдары және бел бұйымдары болып бөлінеді?
Себебі бел киімдерін адам мүшесінің белі, ал иық киімдерді мүшенің иығы ұстап тұрады.
8. Иық киімдер қатарына қандай киімдер жатады?
Блузка, кофта, костюм, көйлек, халат
9. Халат тігу құрып айту.
1. Бүкпелерін өңдеу.
2. Иық қиықтарын қосу.
3. Жан қиықтарын қосу.
4. Жағаны өңір асты арқылы мойын ойындысымен қосу.
5. Жеңді қолтық ойындысымен қосу.
6. Қалтаны бұйыммен қосу.
Халаттың етек қиығын өңдеу.
8. Түйме қадау.
9. Дайын бұйымды үтіктеу.
10. Қиық аттарын ата және көрсет?
Иық қиығы, қолтық ойындысы, жан қиығы, мойын ойындысы, етек қиығы.
11. Халатты қандай матадан тігеміз және өндірісте киетін халат пен үйде киетін халаттарын тігетін матаның айырмашылығы неде;
Халатты мақта матадан тігеді және өндірісте киетін халат бір түсті, сәтен, бәтес, жібек матадан, ал үй халаты әр түрлі суреті бар матадан тігіледі.
12. Жеңнің сызбасын тұрғызу үшін қандай өлшемдер қажет..?
Қол орамы, жең ұзындығы, білек орамының өлшемдері қажет.
13. Жеңнің алды мен артын қалай айырамыз?
Жеңнің алды тереңдете ойылады.
Сұраққа жауап бере алмаған оқушы көйлекке сипаттама береді.(КӨЙЛЕК)
Ендігі жаңа сабақ сарамандық жұмыс; жеңді қолтық ойындысына біріктіру.
Сарамандық жұмыстың алдында техника қауіпсіздік ережесімен таныстырып, арнайы журналға қолдарын қоюлары керек.
Бір сұрақ: киім пішіміне қарай қалай бөлінеді?
А - Қондырма жеңді
Б, в - алдыңғы және артқы бойы тұтас пішілген жең
Г - Реглан жең
Д - кимоно жең
Пішім жең мен қолтық ойындысының қосылуымен анықталады екен.(ЖЕҢ)
Дәптермен жұмыс.
с/ж. Жеңді қолтық ойындысымен біріктіру.
Қажетті құрал жабдық, материалдар; тігін машинасы, ине, жіп, жең. Бұйым, үтік
Тапсырма; Жеңді қолтық ойындысына біріктіру
Жұмыстың барысы;
1. Дайын жеңге бүрме жасау үшін иық тұсын тігін машинасымен тігіп шығу.
2. Жіптің шетінен азғана бүрме жасап тарту
3. Жеңді қиық шетінен 10 - 15 мм қалдырып қондыра көктеу
4. Үстінен тігін машинасымен тігіп шығу
5. Уақытша тігім жіптерін алып тастау
6. Жеңді қондырып, торлау
7. Тігістің жоғарғы жағын жең түбіне қарай жатқыза үтіктеу
Суретін артынан салып алу.(қолтық ойындысы)
Қортынды.
1. Салыстыра тексеру.
2. Машина тігістерінің сапасын тексеру.
Қателіктерін анықтау.
Бағалау
Үйге тапсырма. Қателіктерін жөндеп. Жұмысты аяқтау
Сарамандық жұмыс: жең қондыру
- aidananurik
- 4 қаңтар 2016
- 7610
- 0
- 0
Ілмек сөздер: технология жең қондыру, жеңді қолтыққа біріктіру
Ұқсас жаңалықтар:
Жеңді модельдеу
Жеңдерді модельдеу әдістерімен таныстыру, таңдап алған жең фасонын модельдеуге үйрету; тақырып бойынша материалды меңгерулерін қамтамасыз ету...Иық бұйымдары, түрлері. Ұлттық камзол түрлері
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің технология пәні мұғалімі А. К. Бекбулатова...Иықты бұйымдар және оның түрлері
Тақырыбы: Иықты бұйымдар және олардың түрлері. Мақсаты: 1) білімділік: иықты бұйымдардың жіктелуін, атауларын, ерекшеліктерін үйрету, мезгіл бойынша...Тігін машинасымен танысу. Тігін машинасының түрлері.
Тігін бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтардың ең негізгісі – тігін машинасы. Осы тігін машинасының шығу тарихына жалпы құрылымына, құрылысына...Жеті рет өлшеп, бір рет кес
Оқушыларға таңдаған киімдеріне өлшем алу, оны үлгі бойынша матаға қию, көктеу тігістерін жүргізу жұмыстарын орындау технологиясын көрсету. ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.