Сабақтың тақырыбы: Құрақ құру «Жұлдызды көрпеше»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға құрақ құрау технологиясы туралы түсіндіріп, жұлдызды құрақтың дайындау жолдарын үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, сабаққа қызығушылығын және өздігінен ойлау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Үнемділікке, ұқыптылыққа, талғампаздыққа, іскерлікке. Ата - бабамыздың
салт - дәстүрін білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білім мен іскерлікті игеру.
Сабақтың әдісі: Интерактивті тақтамен жұмыс сұрақ - жауап.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.
Көрнекілігі: нұсқау картасы, лекала, құрақ үлгілер, құрақ көрпеше.
Қажетті құралдар: фломастер, сызғыш, қарындаштар, мата қиындылары, дәптер.
Пәнаралық байланыс: тарих, сызу, сурет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- амандасу, түгендеу
- сынып тазалығын тексеріп, оқушыларды сабаққа даярлау.
Өткен тақырыпты пысықтау:
1. Матаға сурет салу бояуын қалай атайды?
2. Тоқыма бұйымдарының картинасын қалай атайды?
3. Белдемше түрлерін ата?
4. Тігіс түрлерін ата?
5. Әрлеу тігісі не үшін қолданады?
6. Перде түрлерін ата?
7. Мата түрлерін ата?
ІІ. Жаңа сабақ.
Құрақ құрау ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі. Құрақ құрау әдісі көшпенді халық арасында осыдан 2500 - 3000 жылдар бұрын дамып тарады. Құрақ «құрау» деген сөзден алынған. Құрақ өнері белгілі бір наным - сенім негізінде пайда болуы да мүмкін. Әжелеріміз садақаларда жыртыстан түскен мата қалдықтарын қалдырмай, іске жаратып отырған. Жаман рухтан қорғау үшін – жаңа туған сәбиге көйлекті қырық құрақтан тігетін, ал ересек балаларға қырық құрақтан шапандар мен тақиялар дайындайтын. Орыс тілінде құрақ құрау өнері «Лоскутное шитье» деп аталады. Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері «Pachwork» деп аталады.
Жапон халқында құрақ «сашико» деп аталады. Қазіргі кезде құрақ көрпе қолданыстан шыққан жоқ. Оны диванға, орындыққа, төсеніш ретінде пайдаланып жүр. Құраққа қойылатын талап біреу - ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және түстерінің үйлесімді орналасуы. Шеберлер геометрияны оқымаса да бір бөлігін 5 - 6 рет қайталау арқылы үшбұрыш, төртбұрыш, алтыбұрыш, ромб формаларының әдемі үйлесімін тауып құрастырған. Құрақ сұлулығы түсіне қарай және әрбір түс белгілі бір тәртіппен кездесіп отырса өрнек сұлулана түседі, ал ретсіз орналасса солғынданады.
Құрақтан тігілген тұрмыста қолданылатын бұйымдар:
• көрпеше
• төсеніш
• сырмақ
• жастыққап
• қоржын
• түрлі кәдесыйлар
Құрақ құрауға пайдаланылатын геометрикалық формадағы қиындылар:
Ромб
Тіктөртбұрыш
Трапеция
Омарта
Шаршы
Үш бұрыш
Құрақ түрлерін слайд бойынша көрсету.
Нұсқау картасы
Еңбек объектісі: «Жұлдыз» өрнегін сызбасын орындау жолдары. Таблица
ІІІ. Қорытынды:
Бекіту сұрақтары. Құрақтарды өз орындарына орналастыр
ІV. Бағалау:
«5» егерде жоғарыда берілген талаптардың барлығы орындалса ғана қойылады.
«4» егерде жұмыста аз ғана қателіктер жіберілген болса.
«3» егерде жасалған бұйым талапқа сай болмаса, бірақ қалған жоғарыда аталған талаптар дұрыс орындалса қойылады.
Құрақ құру «Жұлдызды көрпеше»
- Шынаргуль У
- 5 мам 2014
- 19112
- 0
- 0
Ілмек сөздер: технология пәнінен сабақ, құрақ көрпе жасау
Ұқсас жаңалықтар:
Құрақ тігу технологиясы
Құрақ қиындыларын әзірлеуде мата түстерін таңдай білуге, әзір үлгіні пайдаланып қиюды, дұрыс біріктіріп үйрену. Құрақ түрлерімен таныстыру....Құрақ құрау әдісі
«№20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебі» ММ технология пәнінің мұғалімі Тұңғатарова Мирамгүл Қуанышовна...Аппликация техникасы
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы. Жезді аралас орта мектеп – интернаты Бейнелеу өнері, сызу және технология пәні мұғалімі: Жайлыбаева Сандуғаш...Сегіз жапырақ құрағын оқыту әдісі
ШАЛМАГАМБЕТОВА Гаухар Мейрамовна. Жезқазған қаласындағы №10 орта мектебінің бейнелеу өнері, сызу және технология пәнінің мұғалімі Сабақтың...Құрақ құрау әдісі
Астана қаласы № 35 мектеп-лицейінің мұғалімі Айтжамал Пшенбаевна Ибраева...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.