Сайтқа кіру Тіркелу

«Сегіз қырлы сұлулар»

«Сегіз қырлы сұлулар»
Мақсаты: технология пәні бойынша алған білімдерін насихаттау.
1 - жүр: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата - аналар, оқушылар мен ұстаздар! Армысыздар қадірменді әділқазылар алқасы.
Бүгін біздің ауылда дүбірлі той,
Ден қойып, тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңдер, халайық, сергісін бой.
2 - жүр:
Болады қыздың аты затына сай,
Ниет етсең болуға өнерге бай.
Артық емес, үйрен де жирен деген,
Бос қалып, Бұл өмірде жүрмесін жай.
1 - жүр: Өздеріңізге мәлім, технология пәндері апталығы өтіп жатыр. Соған сәйкес мектебіміздегі 5 - 7 - сынып қыздарының арасында шеберлік сайысы ұйымдастырылып отыр.
2 - жүр: Сайысымыздың мақсаты - қаракөз арулардың жүрегінде бұрынғы өткен ата - бабамыздан мұра болып қалған салт - дәстүрімізді, әдет - ғұрпымызды ұялатумен қатар, дәстүрлі өнерге баулып және де осы сайыскер арулардың арасынан өнерлі өрендерімізді аңықтау.,
Сонымен біздің бүгінгі бағдарламамызда:
1) «Сәлем - сөздің анасы»- таныстыру.
2) «Шеберлік шыңға жеткізер»көрме және өз өнерлерін көрсету.
3) «Ойлы болсаң, озып көр»мақалдағы құпия сөзді табу.
4) «Ас - адамның арқауы» дайындап келген салаттың құрамымен таныстыру.
5) «Бұрымды ару» сайысы.
6) «Көктемгі фантазия»сәндер шеруі.
1 - жүр:
Ортаға сайыскер қыздарымызды шақырып таныс болайық.
1. Мұрат Айнұр.
2. Набиулла Айзада.
3. Зинет Дильназ.
4. Хибатова Фариза.
5. Мұратжанова Альфия.
6. Базарбай Тоғжан.
7. Тоғайбай Қарылғаш.

2 - жүр: Сайыскерлермен таныс болсақ, бүгінгі кешке төрелік ететін әділқазілар алқасымен де таныс болайық.
1. Алибаев Қанатқали Рамазанұлы.
2. Муканова Эльмира Жалғасқалиқызы.
3. Балхашев Бауыржан Тасжанұлы.
4. Капиева Шолпан Зайреденқызы.
5. Қанатова Гүлназ 9 - класс оқушысы
1 - жүр:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайрандаған
«Қыз өсе елдің көркі»деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
2 - жүр:
Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,
Арулар аз болды ма атқа қонған.
Көңілде қалған із бар өткен күннен,
Өмірде қалған сыз бар ақтабаннан.
1 - жүр:
Жасырмай айтар болсам жан сырымды,
Тағдырым қарауылға қанша ілінді.
Ерліктің қос қанаты деп білемін,
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді - деп жырлаған ақын Исраил Сапарбай ағамыздың сөзімен бүгінгі сайысымызды бастаймыз.
2 - жүр:
Өнерлі жастар арамызда,
Бүгінгі келді сайысқа.
Таныстырып өздерін,
Шықсыншы кәне ортаға.
1 - жүр: «Болар елдің баласын сәнімен емес, сәлемімен танисың»- демекші, алғашқы сайысымыз «Сәлем - сөздің анасы».
2 - жүр: Әр қатысушы өзін таныстырады.
Әділқазілардан әділ бағасын сұраймыз.
1 - жүр:
Шебер қыздар көрме жайған,
Он саусағы майысқан.
Тігін тігер, тоқу тоқып,
Бәрі іскер, бәрі ұста.
2 - жүр:
«Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші»- дей келе, «Шеберлік шыңға жеткізер»сайысын бастаймыз.
Негізгі бұл сайыста әр оқушы өз шығармашылығынан шағын көрме жасап, және
өз өнерлерін көрсетеді.
Қатысушы қыздарымыздың бағаларын сұраймыз.
1 - жүр:
Қазы, жая, омыртқа, көмбе деген,
Қуырдақ, сүр, май палау тәтті неден?
Қарта, төстік, шұжық, жаужұмырды,
Қазақ халқым қасиетін ерте білген.
2 - жүр:
Ей, менің асқар тауым,
Қазақы дастарқаным.
Өзінсің бақ - берекем,
Аққайнар бастауларым.
1 - жүр:
Келесі сайыс «Ас адамның арқауы» деп аталады. Осы сайыста дайындап келген салаттың құрамымен таныстыру.
Қатысушы қыздарымыздың бағаларын сұраймыз.
2 - жүр:
Қайта оралды қазағымның бүгін дәстүрлері,
Көптен күткен қазағымның асыл арманы еді.
Берекесі мол қазақ жері, қазақ елі мерекесі,
Дәстүрлерін нық ұстайық халқымыздың бұл ежелгі - дей келе
«Ойлы болсаң, озып көр» сайысына да кезек келді.
1 - жүр: Бұл сайыста әр сайыскер 1мақалдағы құпия сөзді табады. Барлығы 15 мақал берілген. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мағынасына қарай мақалды айтып береді.
1) Істі ине тікпейді, икемді....... тігеді. (Қол)
2) Шешеннің тілі алтын, шебердің.... алтын (қолы)
3) Кестені көңіл сызады,..... сынайды(көз)
4) Ынтымақ - көптің батасы,....- тамақтың атасы (нан)
5) Ағаш көркі жапырақ, адам көркі.....(Шүберек)
6) Қанатсыз құс, жапырақсыз.....(ағаш)
7) Ұлдың ұяты әкеге, қыздың ұяты......(шешеге)
8) Дастарқаныңда наны жоқтың, тамағының.... жоқ (сәні)
9) Салтын құрметтегенді,... құрметтейді.(халқы)
10) Зергер адам,... адам.(зерделі)
11) Ағайынның алтын сарайыннан, анаңның.... артық.(жыртық лашығы)
12) Баба үмітің ақтамағанды, ешкім де....(жақтамайды)
13) Салт - дәстүрге адал болған арымас, арам болған...(жарымас)
14) Бұлақтың жақсылығы сағасынан, баланың жақсылығы....(анасынан)
15) Салт - дәстүрі жарасқан халықтың,..... жарасқан(ынтымағы)
2 - жүр: Рақмет, қыздар, жауаптарың қанағаттанарлықтай болды.
Әділқазілардан бағаларын сұраймыз.
Бұрымы ұзын қарындас,
Жан бар ма саған арылмас.
Қылықты қыздар болса да,
Бұрымды қыздар табылмас.
Келесі сайыс ерекше болғалы тұр.
Бұл сайыста біздер бұрымды қызды анықтау керекпіз.
1 - жүр: «Ағаш көркі - жапырақ,
Адам көркі - шүберек»демекші, келесі кезекте өздеріңіз асыға күткен «Көктемгі фантазия»
атты сәндер шеруі. Бұл сайыста қыздар өз қолдарынан шыққан қиял - ғажайып киім үлгілерін киіп, сән үлгілерін көрсетеді.
Әділқазілардан бағаларын сұраймыз.
2 - жүр:
Еңбек етсе бақ қонады ерге епті,
Еңбекпенен ел өркендей бермекті.
Мұратына жеткен әрбір азамат,
Мәңгі жырлап өтер деймін еңбекті.
1 - жүр:
Кімдер білгір, кімдер ұшқыр,
Салыстырып біз көрдік.
Қара қылдық қақ жарып,
Әділін тек айтатын.
Ортамызда төбе би,
Өзіңізге сөз бердік,- деп бүгінгі сайысымызды аяқтай отырып, әділқазы алқасына сөз береміз.
«Сегіз қырлы сұлуды» анықтап, жеңімпаздарды құттықтайық.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×