9 сынып
Сыйкәделік әшекей домбыра жасау Сабақтың мақсаты: сарамандық жұмыс барысында өлшем дәлдігімен бұйым жасап шығаруға үйрету.
Білімділік: қолда бар ағаш материалдарын дұрыс таңдап ұлттық музыкалық аспабымыз – домбыраны және оған арналған тұғыр және қосалқы әшекейлеу бөлшектерін жасауға үйрету; Дамытушылық: оқушының шеберлік деңгейін дамытып, шығармашылық қабілетін ұштау. Тәрбиелік: ұлттық қолөнерге деген сүйіспеншілігін оятып, эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, сарамандық
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) Оқушылардың сабаққа қатысуы, түгендеу.
ә) Жұмыс киімін, сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Өткен материалды қайталау.
Алдыңғы сабақта үйренген, білгенін сұрақтар қою арқылы тексеру.
- Музыкалық аспаптардың қандай түрлерін білесіңдер?
- Ағашты өңдеуге арналған құралдарды кім атайды?
- Қашау не үшін қажет? - Егеудің түрлерін ата? Ой қозғау. Жұмбақ шешу.
1. Тыпырлаған сайын толысқан Секеңдеген сайын семірген. (Ұршық)
2. Бір құрсақты екі құлақты Он екі белбеулі, Бір түймелі, екі желілі Күйдің көрігі, әннің көлігі (Домбыра) ІІІ. Жаңа сабақ:
а) Домбыраның тарихы туралы әңгімелеу. ә) Дайын домбыраның үлгі көрсетілімі.
б) Домбыраның жасалу технологиялық картасымен танысу, талдау. Домбыра туралы алғашқы деректер Әл – Фарабидің еңбектерінде кездеседі. Ол домбыраға ұқсас «тамбур» деген бес пернелі аспапты суреттейді. Оның екі ішегі және оны ұстап тұратын тиегі болғанын баяндайды. Орта ғасырларға таман оның пернелері тоғыз, кейін он төрт болған. Жалпы ұзындығы 1 метр шамасында, бүгін ағаштан шабылып жасалған деген деректер бар. Уақыт өте келе домбыра өзгерістерге ұшырап, жетілдіріліп отырған. Өнер саласындағы алғашқы академик Ахмет Жұбанов ұлттық музыка өнерін жоғары деңгейге көтерген адам. Ол 9 – 11 пернелі домбыраны 19 – 22 пернелі етіп өңдеп шығарған. Біздің қазіргі ұстап жүрген домбырамыз осы домбыра.
1947 жылы Қазан төңкерісінің 30 жылдығына орай музыка аспаптарын жасайтын комбинаттан сопақша және жалпақ домбыра көптеп шығарылды. Олардың бірінде Абайдың, екіншісінде Жамбылдың суреті болатын. Сондықтан Абай және Жамбыл домбырасы деген атпен тарады. ІҮ. Сарамандық жұмыс: Домбыра жасау. Әшекейлі сыйкәделік домбыраны жасаудың нұсқау картасына орай оқушылар жұмыс жасайды. Жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуын қадағалау. Домбыра жасау үшін қандай құрал – жабдықтар қажет.
Жұмыс жасағанда техника кауіпсіздік ережелерін сақтау.
Ү. Сергіту сәті. Мақал – мәтелдердің қалып кеткен сөзін табу.
1. Қанша жуан болсада, Жалғыз............. үй болмас. ( Ағаш, дерево ) 2. Жігітке жеті.......... де аз, Жетпіс........ көп емес. ( Өнер, искусство )
3. Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің........... алтын. ( Сөзі, слово )
ҮІ. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың топ бойынша жасаған бұйымдарының сапасын тексеріп, жұмыстарының нәтижесін, кемшіліктерін көрсетіп шығамын.
Міне оқушылар ағаштардың қалдықтарының өзінен – ақ әсем бұйым жасауға болады. Туған жер табиғатын аялап, күтуге үйреніңдер. Ағашты дұрыс өңдеп, небір әсем бұйым жасауға болатынына көздерің жетті.
Сабақтың теориялық және практикалық бөлімін қорытындылау мақсатында сын тұрғысынан ойлау стратегиясының «Не білдім?», «Нені үйрендім?», «Нені білгім келеді?» кестесін қолдану арқылы білімдерін бекіту.
Не білдім? Нені үйрендім? Нені білгім келеді?
Әр оқушыға осы кестені үлестіріп нені білгендігін, нені үйренгендігін және нені білгісі келетіндіктерін анықтау, жан - жақты талдау.
ҮІ. Үйге тапсырма: Домбыраның жасалу жолдарымен танысу.
ҮІІ. Бағалау. Оқушылардың жұмысын бағалау.
Жұмыс орнын жинау.
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қоныстану селосы
Жаңашаруа қазақ орта мектебінің бейнелеу өнері және сызу,
технология пәндерінің мұғалімі Балмұханов Нұрболат Қобланович
Сыйкәделік әшекей домбыра жасау
- Нурболат
- 8 сәуір 2018
- 3761
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сыйкәделік әшекей домбыра жасау.
Ұқсас жаңалықтар:
Жону білдегінде бұйымдарды көркемдеп жону тәсілімен дайындау
Сабақтың мақсаты: Сарамандық жұмыс барысында өлшем дәлдігімен бұйым жасап шығаруға үйрету....Кәдесый домбырасын жасау
Сабақтың мақсаты: домбыраның шығу тарихы мен жасалу тарихының жолдарын үйрету Білімділігі: Оқушылардың ой - өресін жетілдіру, ұлттық қол - өнер...Нағыз қазақ, қазақ емес. Нағыз қазақ – домбыра!
Жезқазған қаласы, «№21 Жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Ғылыми - зерттеу жұмысымен айналысушы: 1«В» сынып оқушысы Әшір Балжан Жамбылқызы Ғылыми...Домбыра (ғылыми жоба)
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, "№21 жалпы білім беретін орта мектебі"КММ 2 "Ә"сынып оқушысы Ақжолова Жасмина Бержанқызы Жетекшісі: Сауытбаева...Домбыра
Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық селосы, Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мусағалиева Аягөз Марзухқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.