Сайтқа кіру Тіркелу

Халықтардың Ұлы қоныс аударуы

Ежелгі Қазақстан тарихы 6 - сынып (факультатив сабақ)
Сабақтың тақырыбы: Халықтардың Ұлы қоныс аударуы
Сабақтың мақсаты:
- Халықтардың ұлы қоныс аударуы, ғұн жорықтарының маңызы, тарихтағы ғұндардың орны және Атилланың өмірі туралы оқушылардың алған білімдерін саралау;
- Өткен сабақ бойынша оқушылар сұрақтарына талдау жасай отырып, білімдерін толықтыру, біліктіліктерін арттыру, тарихи танымдарын кеңейту;
- Топтық жұмыс арқылы оқушыларды достыққа, ауызбіршілікке, татулыққа, ынтымақтыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: топтық
Әдісі: сұрақ - жауап, пікір алмасу, ойын
Көрнекілік: Қазақстан картасы, Атилла суреті, сызба, хат салынған конверттер
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушыларды түгендеп, оқу құралдарын тексеру;
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару;
- Оқушыларды топқа бөлу: 1 - Мөде, 2 - Лаушан, 3 - Аттила

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1 - ойын "Миға шабуыл"
2 - ойын "Пошта"
3 - ойын "Тұлғаны таны"
4 - ойын "Ғұндар еліне саяхат"

ІІІ. Сабақтың барысы:
1 - ойын "Миға шабуыл". Тақтаға сөздер ілінеді. Берілген сөздерден сөйлем құра:
ЖОРЫҒЫ ХАЛЫҚТАРДЫҢ СЕБЕП ҒҰНДАРДЫҢ ҰЛЫ БАТЫСҚА ҚОНЫС БОЛДЫ АУДАРУЫНА
Шешуі: Ғұндардың батысқа жорығы халықтардың ұлы қоныс аударуына себеп болды.

2 - ойын "Пошта". Әр топқа түрлі түсті қағаздардан жасалған конвертке салынған хаттар таратылады. Әр топқа 2 сұрақтан.
1 - қызыл "Мөде" тобына
1. Ғұндардың жеңу себептері (әскери техникалық басымдылығында)
2. Ғұндардың көшпелі өмірі туралы жазған кім? (Рим тарихшысы Аммиан Марцеллин)
2 - жасыл "Лаушан" тобына
1. "Атилла" операсын жазған кім? (Италян композиторы Джузеппе Верди)
2. Ғұн мемлекетінің негізін салушы (Мөде шаньюй)
3 - көк "Аттила" тобына
1. Мөде шаньюйден кейінгі билеуші? (Лаушан тәңірқұты)
2. Б. з. б. І ғ. орта шенінде ғұндар неше топқа бөлінген? (2, оңтүстік және солтүстік)

3 - ойын "Тұлғаны таны". Тақтаға Аттиланың суреті ілінеді, оқушыларға сол тұлғаға қатысты сұрақтар қойылады:
1. Ғұндардың ұлы әскербасы (Аттила)
2. Аттила қай жылдары өмір сүрген? (400 - 453)
3. Қазақстанда оның есімімен аталатын өзен? (Еділ (Волга)
4. "Аттила таңертең үйден шығысымен, есік алдында тұрып, халықтың мұң - мұқтажын тыңдады...",- деп айтқан кім? (Аттиланың бір замандасы)
5. Еділ билігі тұсында ғұндарда қандай құрылыс нығайды? (әскери - демократиялық)
6. Прииск Аттиланың сырт келбетін қалай сипаттайды? (Бір көрген адам оның нағыз азиялық екенін бірден айтады...)

ІҮ. Сабақты бекіту
4 - ойын "Ғұндар еліне саяхат". 3 топқа бояуға арналған Қазақстан картасы таратылады. Әр топ картаға қазақ жеріндегі ғұндардың мекендеген орындары мен батысқа қоныс аудару жолдарын сызып көрсетеді. Оқушылар сызған карта бойынша Халықтардың Ұлы қоныс аударуы туралы жалпылама айтылып, сабақ қорытылады.

Үйге тапсырма: Ғұндардың шаруашылығы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×