Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы (6 - сынып)
Сабақтың тақырыбы: Үйсіндер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Жетісуда шоғырланған Үйсін мәдениеті деп аталатын ескерткіштер, олардың хронологиялық шеңбері, қоғамдық құрылымы мен этникалық тарихы және діни - нанымдары туралы түсіндіру.
Дамытушылық. Оқушыларды тарихи деректер мен оқиғаларға өз бетінше баға беріп, қорытынды жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелігі. Өз елінің тарихына құрметпен қарауға, адамгершілікке, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі; аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, топтық жұмыс, сұрақ - жауап, схема, плакат, тест жұмысы.
Сабақтың көрнекілігі: Қ. Р. картасы, схема, плакаттар.
Пән аралық байланыс: География.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
*Оқушылармен амандасу
*Оқушыларды түгендеу
*Мақсат қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ - ІІІ. Жаңа сабақ құрылымы (оқушыларға озық тапсырма беру арқылы зерттеу жұмысы.)
1. Үйсіндердің орналасқан жерлері.
2. Үйсіндер туралы жазба деректер
3. Үйсіндердің басқару жүйесі мен қоғамдық құрлысы.
4. Үйсіндердің этникалық тарихы.
5. Үйсіндер кәсібі.
6. Діни нанымдары.
1. Үйсіндердің орналасқан жерлері.
2. Үйсіндер туралы жазба деректер
Үйсіндер
Қазақтың көне тарихынан дерек.
Тірі жесір болып өмір өткізген Шижұн ханша жергілікті халықтың тілін де білмейді, ғұрып - әдетіне де көндіге алмады. Ол осындай жағдайда, ойсоқты болып өлең жазып, ән шығарумен айналысады. Шижұн ханшаның біздің заманымызға жеткен «Аққу әні» деп аталатын алты шумақ жыры, оның көңіл күйін бейнелеумен қабат, ерте заманда жат жерге ұзатылған қазақ қыздарының төркін жұртын сағынып айтатын «Көрісу» жырында меңзес келеді
«Мені ұзатты әлемнің бір жағына,
Алыстағы жат елге - үйсін ханына.
Дөңгелек үй, туырлық там орнына,
Ет жеп, айран ішеді ас - суына
Туған жерді сағынып, сарғаямын,
Аққу құс боп қайтсам деп ауылыма.»
Бұл жырды естіген Уди патша жыл аралатып ханшаға арнаулы елші арқылы сәлем - сауқат жіберіп отырады.
3. Үйсіндердің басқару жүйесі мен қоғамдық құрылысы
Үйсіндер мемлекет дәрежесінде өмір сүрген тайпалар.
Үйсіндердің қоғамдық құрылысы туралы қытай деректерінде
Сонымен қатар үйсіндер қоғамында құлдарда болған. Құлдар көбінесе соғыс кезінде тұтқынға түскен адамдардан құралды. Құлдардың еңбегі үй шаруашылығында пайдаланылды.
4. Этникалық тарихы
Үйсіндердің атауы, оның мәні, бұл көне атаудың кейінгі қазақ ұлысындағы үйсіндер атауымен байланысы әлі толық шешілмеген. Бірқатар тарихшылар қытай транскрипциясы бойынша «усун» аталатын тайпаны «аспан» этнонимі деп білуге бейім. Үйсін атауы кейінірек(орта ғасырлар) жазба ескерткіштерінде «ушин», «уйшин», «хуши» түрінде кездеседі. Мысалы, ушиндер туралы дерек «Моңғолдың құпия шежіресінде» (ХІІІ ғ.), Рашид ад – Диннің еңбегінде (ХIV ғ.) кездеседі.
Бұдан қандай түйін жасауға болады? Біздіңше, көне қытай жазбаларындағы усун тайпасы мен кейінгі қазақтың Ұлы жүзіне ортақ атау болған үйсін тайпалық одағының арасында байланыс бар. Бұл атаудың орта ғасырлар заманында да үзілмей аталуы көне үйсіндер мен кейінгі үйсіндер арасында этногенетикалық та байланыс бар екендігін көрсетеді. Бұл пікірді көне үйсіндердің де Жетісу мен оған көрші аймақтарда жасауы, көне үйсіндердің де қазақтар сияқты киіз үйде тұрып, негізгі асы ет пен сүт, қымыз болуы бекіте түседі.
Көне усундар сонымен қатар кейінгі қырғыз халқының да құрамына кірген болуы керек. Бұған қырғыз халқының ішіндегі үйшун тайпасы дәлел бола алады.
5. Үйсіндер кәсібі
Діни нанымдары
Үйсіндер өлген адамды қабірде жерлеген. Жетісу үйсіндері мәйітті шалқасынан жатқызып, басын батысқа қаратып қойған. Ертедегі үйсіндердің түсінігінше өлген адам тіріледі деп есептеген. Сондықтан адамды жерлегенде, оған о дүниеде керек болады - ау деген заттардың бәрін қоса көмген. Ертедегі үйсіндер жаратушы күшке сенген. Олар сол жаратушы күшке арнап құрбандықтар шалып отырған. Бұған археологиялық заттай деректер дәлел. Шырақ жағатын табақ, құрбандық ыдыстарды тапқан. Қыш заттар мен ыдыстарға күннің суреті салынған.
IV. Пысықтау сабағы
*Үйсін мәдениеті деп аталатын ескерткіштер негізінен қайда шоғырланған?
*Үйсіндердің астанасы қалай аталды?
*Үйсіндердің жоғарғы билеушісі қалай аталды?
*Үйсіндер қандай малдың түрлерін ұстаған?
V. Жаңа сабақты қорытындылау
Үйсіндердің саяси тарихын қорытындылайтын болсақ, б. з. д. 170 - 160 жылдары Үйсіндер мемлекеті құрылды. Жетісуда Үйсін мемлекеті дамып - нығайып, гүлденді. Саны 630 мың адам тұратын сол аймақтағы ең ірі елге айналды. Ғұндардың тегеурініне төтеп беру үшін үйсіндер Хань империясымен тығыз байланыс орнатты. Ал Хань империясы үшін үйсіндер ғұндарға қарсы күресте таптырмас күш еді. Хань империясының қашаннан «көшпелілердің бірігуін болдырмау», «көшпелілерді көшпелілер күшімен талқандау» саясатын ұстанғандығы белгілі. Бұл саясат әркез өз нәтижесін берді.
Сол кездегі қалыптасқан тарихи ахуалға байланысты үйсіндердің көрші ғұндармен, Хань империясымен, қаңлылармен қарым - қатынасы өзгеріп отырды. Б. з. V ғасырға дейін Жетісуда өмір сүрген Үйсін мемлекетін аварлар (жужандар ) құлатты.
VI. Дәптермен жұмыс
*Үйсін мәдениетінің хронологиялық шеңбері б. з. д. III ғ. – б. з. ІV ғ.
*Үйсіндер саяси және сауда қарым - қатынас жасаған ел Қытай.
*Үйсін қоғамында дәулетті адамдардың киімі көбінесе жібектен тігілді.
*Үйсіндерде жақсы дамыған кәсіп тері өңдеу.
VII. Өткен сабақты қайталау (кесте толтыру, хронологиялық тест жұмыстарын орындау)
Тест
1. Ежелгі тарих үш кезеңге бөлінеді.
Дәуір атауы Кезеңдер Уақыты
Тас дәуірі(2 млн. 500 мың – 3 мыңжылдық) 1. Ежелгі тас (палеолит.) Б. з. б. 2млн 600 мыңж - 12мыңжылдық
2. Орта тас(мезолит) Б. з. б. 12мыңж.- 5мыңжылдық
3. Жаңа тас(неолит) Б. з. б. 5мыңж.- 3 мыңжылдық
Мыс - тас(энеолит) Б. з. б. 3000 - 2800 (1800) жылдары
Қола дәуірі(б. з. б. 2800 — 900 ж. ж.) 1. Нұра кезеңі (ерте қола ) Б. з. б. 18 - 16 ғасырларда
2. Атасу - Алакөл кезеңі
( орта қола)
Б. з. б. 15 - 12 ғасырларда
3. Бейғазы - Дәндібай мәдениеті(кейінгі қола)
Б. з. б. 12 - 8 ғасырларда
Темір дәуірі
Ерте темір дәуірі
Б. з. б. 8 - 3 ғасырларда
Кейінгі темір дәуірі
Б. з. б. 3 - б. з. 6 ғасырларда
2. Қола дәуіріне сәйкестендіру тесті.
Қола дәуірінің уақыты б. з. б. XVIII – XVI ғасырлар
Ерте қола дәуірі XV – XII ғасырлар
Орта қола дәуірі XII - VIII ғасырлар
Кейінгі қола дәуірі XIII - XVI ғасырлар
3. Көп нүктенің орнына «Сақ» сөзінің мағынасын қою.
1. Парсы жазбаларында «..........................................................»
2. Иран жазбаларында «..............................................................»
3. Ежелгі грек авторлары сақтарды «.................................................»
Оқушыларды бағалау.
VIII. Үйге тапсырма. Үйсіндер туралы тарихи баспа беттерінен қосымша дерек көздерін іздеп келу.
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы,
№3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің
тарих пәні мұғалімі Ахметкереева Анаргуль Кайровна
Үйсіндер
- anar_gul84
- 3 наурыз 2017
- 6997
- 0
- 0
Ілмек сөздер: тарих пәнінен сабақ жоспары, үйсіндер, Үйсіндер туралы жазба деректер
Ұқсас жаңалықтар:
Энеолит дәуірі
Сабақтың мақсаты: Энеолит дәуірінің ерекшелігі туралы толық мағлұмат беру. Дамытушылық: Тас дәуірінің ерекшеліктеріне тоқтала отырып, еңбек...Көшпелі және отырықшы өркениеттер арасындағы байланыс
Көшпелі өркениет ұғымын, қалалардың өсуі, жартылай көшпелілермен қарым - қатынастың дамуы жайлы жан - жақты толық түсінік беру, темір дәуірі мен орта...“Қазақ” атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы
Сабақтың тақырыбы: §12. “Қазақ” атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы....Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы
А.С. Пушкин атындағы №20 орта мектеп тарихы пәні мұғалімі Каленова А.Х....Қазақстан тарихынан сұрақтар мен жауаптар
Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесі (Тобыр)...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.