Сайтқа кіру Тіркелу

Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан өнеркәсібінің дамуы

Сабақтың тақырыбы: $33 - 34. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан өнеркәсібінің дамуы Мұғалімнің аты - жөні: №22 Елшібек батыр атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Абдуллаев Дулат Байдуллаевич
Өтілетін орын: №28 Абылай хан атындағы ж. о. м.
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы жайында мағлұмат алады.
Сабақтан күтілетін нәтиже:
1 - деңгей (білу, түсіну): Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:
Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстан өнеркәсібінің қай салаларының дами бастағанын біледі.
2 - деңгей
(қолдану, талдау):
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанда экономиканы тиімді басқару арқылы өнеркәсіптің даму ерекшеліктерін ажырата алады.
3 - деңгей
(жинақтау, бағалау):
Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады:
Қазақстан халқының соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік жағдайы мен өнеркәсібінің дамуын қазіргі кезеңмен салыстырып өз ойын ортаға салады.
Тілдік мақсат: Демобилизация - армияның сандық құрамын қысқарту немесе әскери қызметін өтегеннен кейін босату; қаруланған күштерді және, сонымен қатар, халықаралық шаруашылықтың нақты салалары әскери жағдайлардан бейбітшілікке аудару. Қарулы күштер мен елдің халық шаруашылығының соғыс жағдайынан бейбіт жағдайға көшірілуі.
Түсті металлургия - өндіретін, оларды байытатын түсті металдар мен олардың қорытпаларын құйып, өңдейтін ауыр өнеркәсіптің саласы.
Дүние жүзінде 70 - тен астам түсті металл балқытылады. Оларды 14 сала өндіреді. Олардың барлығы қосылып, түсті металлургияны құрайды.
Қара металлургия - өзінің негізгі өнімдерін екінші рет қайта өңдеудің аяқталған кезеңін қамтамасыз ететін ғаламат сала және сонымен бірге басқа салалар мен өндірістердің қалдықтарын кәдеге жаратуға қабілетті болып табылады. Қазақстан үшін қара металлургия – екінші дүние жүзілік соғысынан кейінгі жылдары ғана пайда болған ауыр өнеркәсібінің салыстырмалы түрдегі жас сала. Қазақстанда шойын, болат, бұйымдарды илемдеу және ферроқорытпа өндіріледі.
Технология (гр. “techno” - өнер, шебер, білгір және “logos” – ілім, ғылым) – ғылыми - практикалық негізде шикізатты дайын өнімге айналдырудың әдіс - тәсілдерінің жүйесі.
Ғылыми - техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір - бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16 – 18 ғасырлардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми - теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады.
Ресурстар: АКТ, карта, атлас карта суреттер.
Пәнаралық байланыс: География, химия, биология
Алдыңғы оқу: 5 сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер. Бет 117 - бет
$26. Тың және тыңайған жерлерді игеру
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақ барысы және
жоспарланған уақыт
45 минут Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер
Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері
ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
5 минут І. Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Сағат тіліндегі дос» әдісі. Оқушылар өздерінің жағымды қасиеттерін айтып, бір - бірін таныстырады.
ІІ. Топқа бөлу. «Мозаика» әдісі - ақша, машина - трактор, жылқы, түйе, қой, ет - сүт, астық, мақта - мата, И. Сталин мен Н. С. Хрущев суреттері арқылы бөлемін. 1. 2. 3. 4. 5 топтар
ІІІ. Топ басшысын сайлау. (БАҒАЛАУ ПАРАҒЫН БЕРЕМІН)
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ
5 минут
1 - деңгей (білу, түсіну): «Суреттер» сөйлейді әдісі (Мәтінмен жұмыс)
1 топ. Ақша
2 топ. Машина - трактор
3 топ. Жылқы, түйе, қой
4 топ. Ет - сүт, астық, мақта - мата
5 топ. И. Сталин мен Н. С. Хрущев
Топтық жұмыс. Әр топтың өз суреттерін үй тапсырмасына байланыстырып әңгімелеп беру тапсырмасын беремін.
1 - 5 ұпай

2 - деңгей
(қолдану, талдау):
3 минут

«Терминдер құпиясы». Әр топқа термин сөздер таратып, ол сөздердің мағынасын ашу тапсырмасын беремін.
1. Реформа - реформа жасау, өзгеру, басқару ісін реформалау.
2. МТС - машина - трактор станциялары.
3. Қаракөл - туғанына 1 - 3 күн болған қаракөл тұқымдас қозылардан алынған елтірі. Қаракөл әр түрлі пішін мен мөлшерде бұйраланған қалың, жібек тәріздес түгімен ерекшеленеді.
4. Селекция - будандастыру арқылы малдың не өсімдіктің жаңа түрлерін шығару, жақсарту, сұрыптап алу әдісі.
5. Аграрлық дағдарыс - ауыл шаруашылығындағы өнімді артық өндіруден немесе кем өндіруден туатын дағдарыс. 1 - 5 ұпай

3 - деңгей
(жинақтау, бағалау):
3 минут

1 минут
1 минут Тест тапсырмалары. (ауызша)
1. Карточкалық жүйенің жойылған жылы:
а) 1948 жыл ә) 1947 жыл б) 1946 жыл в) 1949 жыл г) 1945 жыл
2. И. Сталин қайтыс болған жыл:
а) 1950 жыл 6 наурыз ә) 1951 жыл 7 қаңтар б) 1952 жыл 9 қаңтар в) 1953 жыл 5 наурыз г) 1955 жыл 11 наурыз
3. Қай жылы ақша реформасы жүргізілді.
а) 1947жылы ә) 1948 жылы б) 1950 жылы в) 1949 жылы г) 1946жылы
4. Қай жылы Жазылбек Қуанышбаев ерен еңбегі мен аса көрнекті табыстары үшін «Орақ және балға» алтын медалімен марапатталды.
а) 1954 жылы ә) 1955 жылы б) 1956 жылы в) 1957 жылы г) 1958 жылы
5. Нешінші жылдары колхоз, совхоздардағы мал басын көбейту мақсатымен ауыл тұрғындарынан ірі қара мал алына бастады.
а) 1956 - 1957 жылдары ә) 1957 - 1958 жылдары б) 1958 - 1959 жылдары в) 1955 - 1956 жылдары г) 1951 - 1953жылдары

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақтың ұлттық мейрамдары

Қазақтың ұлттық мейрамдары

Сабақтан күтілетін нәтиже: 1 - деңгей (білу, түсіну): Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Қазақ халқының ұлттық салт - дәстүрлері жайында...
Қазақ даласындағы ән-күй өнері

Қазақ даласындағы ән-күй өнері

Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Қазақ даласындағы ән - күй өнері, күй өнерінің мағынасы жайында біледі....
Қазақ хандары мен билері

Қазақ хандары мен билері

Қазақ мемлекетінің саяси өмірінде Қазақ хандары мен билерінің орны жайында қосымша материалдар тауып, шығармашылықпен айналысады....
Иран. Ауғанстан

Иран. Ауғанстан

Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңындағы Иранның жағдайы, Ұлт азаттық қозғалыстың дамуы, Иранның 1921 - 1945 жылдардағы саяси - экономикалық даму...
Қазақстанның 1920 - 1940 жылдардағы қоғамдық - саяси жағдайы

Қазақстанның 1920 - 1940 жылдардағы қоғамдық - саяси жағдайы

Шаруаларға қарсы және кулактар мен байларды жоюдағы сталиндік жазалау, «Алаш» партиясының мүшелері мен ұлттық интеллигенцияға қарсы саяси жазалау,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×