Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақстан 1941 - 1945 жылдары Ұлы Отан соғысы жылдарында

5 - сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 49 - 50 – 51 Қазақстан 1941 - 1945 жылдары Ұлы Отан соғысы жылдарында.
Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: оқушыларға Ұлы Отан соғысы жайлы, қазақстандықтардың Мәскеу және Ленинград қалаларын фашистерден қорғауда қосқан үлесі жайлы мағлұмат беру. Қазақстандағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жағдай, жеңіске қосқан Қазақстандықтардың үлесі жайлы және Ұлы жеңістің тарихи маңызы туралы білім алуға көмектесу.
• Дамытушылық: тақырыпты меңгерте отырып Ұлы жеңіс жайлы білімдерін дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру, нақты мәліметтерді қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
• Тәрбиелік: жеңістің маңызын түсіндіру арқылы Отанға деген сүйіспеншілік сезіміне, патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өз елінің тарихына қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: сұрақ - жауап, ізденушілік
Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, бейнелеу, т. б.
Көрнекілік: соғыс туралы картиналар, КСРО батырларының суреттері, бұрынғы КСРО және Еуропа картасы. Қазақстандық Кеңес Одағы Батырларының суреті, Мәскеу, Санкт - Петербург қалаларының суреттері.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Дос болайық, бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
Топқа бөлу.
І. Отан
ІІ Бейбітшілік
ІІІ Жеңіс
ІV Тыныштық
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен сабақты қайталау мақсатында және оқушылардың білімін тексеру үшін төмендегідей сұрақтар қоямын. Алған білімдеріне шолу жасаймын:
І топ Алаш үкіметінің құрылуы?
1) Алаш партиясы қай кезде құрылды?
2) Мақсаты?
3) І – ші жалпы қазақ съезі өткен қала?
4) «Алаш» бағдарламасы қайда жарияланды?
5) «Алаш» партиясы таратылды?

ІІ топ Алаш қайраткерлері:
1. Алаш партиясының жетекшісі?
2. Ә. Бөкейхановтың дүниеге келген жері?
3. 1879 - 1886жж. қайда оқыған?
4. 1886 - 1890жж алған мамандығы?
5. 1890 - 1894жж қай қалада білім алады?

ІІІ топ. Алаш қайраткерлері:
1. А. Байтұрсынов дүниеге келген жері?
2. Өмір жолы?
3. 1910 - 1917жж қай қалада тұрады?
4. 1913ж бастап шыға бастаған газет?
5. 1921 - 1928жж қайда сабақ береді?
ІҮ топ. Алаш қайраткерлері:
1. «Қазақ» газетінің редакторы?
2. Алашорда үкіметінің белгілі қайраткерлерін ата?
3. Қазақстан қай кезде өз тәуелсіздігін алды?
4. 1937ж не себептен ату жазасына кесілді?
5. «Алаш» бағдарламасы неше бөлімнен тұрады?
III. Жаңа сабақ.

Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды?
Биыл Ұлы Жеңіске неше жыл толып отыр?

Оқушылардың берген жауабын толықтыра отырып, жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.
Жаңа сабақтың тақырыбы тақтаға жазылады.
1. Фашистік Германияның Кеңес еліне қарсы соғыс жоспары.
2. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.
3. Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста.
4. Қазақстандықтар Ленинград үшін шайқаста.
5. Ұлы Жеңіске қосылған үлес.
6. Естен кетпес сол бір күндер.

Түсіндіру бағыты Слайд арқылы ҰОС - ң батырларына тоқталу.
Бірінші бөлім:
- Мәскеу маңына жаулардың жақындауы.
- Мәскеуді қорғау.
- Панфиловшылар.
Екінші бөлім:
- Ленинград қоршауы.
- «Өмір жолы».
- Ленинградты қорғау.
Жоспардағы 1 - 4 бөлімге қысқаша тоқталамын. Баяндау бағыты:
 Туып - өскен өлкесі.
 Соғысқа кіріскен майданы.
 Ерлік істері.
Сабақ түсіндіру 5 мин.

Кітаптан мәтінді оқыту әр топқа 5 мин.
Ұлы Отан соғысы 1941 - 1945 жылдар аралығында болды.
Еуропада орналасқан Германияда 1933 жылы ұлтшыл - фашистік тәртіп орнады. Жетекшісі Адольф Гитлер болды. 1939 жылы фашистік Германия әлемге иелік ету мақсатында соғыс бастады. 1939 жылы 1 қыркүйекте Польша жеріне басып кірді. 1941 жылы Германия Еуропаның көптеген елдерін басып алды. Енді тек оған қарсы шығатын КСРО ғана қалды. Фашистік Германия КСРО - ны 3 - 4 ай - дың ішінде басып алу жоспарын жасады. Ол жоспар «Барбаросса» деп аталды.
1941 жылы 22 маусымда неміс әскерлері КСРО шекарасына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Қазақстан халқы да Отан қорғау ісіне алғашқы күндерден бастап өз үлестерін қосты.
ҰОС жылдары 1 млн 200 мың қазақстандық армия қатарына алынды. Қазақстан халқының бестен бірі майданға аттанды.
Ең алдымен Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру жүргізілді. Көптеген өнеркәсіптер соғысқа қажетті заттар шығаратын кәсіпорын етіліп қайта құрылды. Сонымен қатар майдан өңірі болып саналатын Ресей, Украина, Белоруссиядан көптеген кәсіпорындар Қазақстанға көшірілді. Ондай кәсіпорындардың саны 220 - ға жетті.
1941 - 1945жж. ауыл еңбеккерлері майданға 5829 мың тонна астық, 734 мың тонна ет және басқа да азық - түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді.
Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін негізгі базаға айналды. Майданда қолданылған барлық оқтың 90%- ы Қазақстан жерінде өндірілген қорғасыннан жасалды. Қазақстан жерінде яғни тылда негізінен кәрі адамдар, әйелдер және балалар жұмыс істеді.
1941ж қараша айында Кеңес әскері Мәскеуге 25 - 30 шақырым таяп қалды. Генерал - майор И. В. Панфилов басшылық еткен 316 – шы атқыштар дивизиясы 4 сағат бойы ерлікпен шайқасты.
Мәскеу үшін шайқасқан батырлар: Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев, Бауыржан Момышұлы.

1941ж қыркүйек айында фашистік Германия Ленинград қаласына шабуыл жасады.
Ленинград 900 күн бойы жау қоршауында тұрса да, жұмыс істеуін тоқтатпады.
Орталықпен тек Ладога көлінің мұзы арқылы салынған жол болатын. Осы жолды
Ленинградтықтар «Өмір жолы»деп атады. Қазақстандық 310, 314 – атқыштар дивизиялары, Сұлтан Баймағамбетов және Шығыстың қос жұлдызы Әлия Молдағулова мен Маншук Маметова ерлікпен шайқасты.
Бейсекбаев Бақтыораз (1920 - 1941жж) – әуе атқышы, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, Ресей Федерациясының Батыры. 1941жылы 26 маусымда отқа оранған ұшақты жау танкілері мен қару - жарақ қоймасына бағыттап, ерліктің жарқын үлгісін көрсетті.

Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46 - гвардиялық полкінің құрамында 300 - ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Әлия, Мәншүк, Хиуаз... Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Хиуаз Доспановаға Елбасының 2004жылы Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген болатын.

Соғыс жылдары КСРО бойынша 11600 - дей адам ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атағын алды. Соның 497 - сі қазақстандықтар, ал 97 - сі қазақтар болды.

ҰОС жылдарында Кеңес Одағының Батыры атағын алған ең алғаш қазақстандық жауынгер К. А. Семеченко (1941жылы 22 шілде)
Кеңес Одағының Батыры атағын алған ең жас қазақ жауынгері 18 жасар Жәнібек Елеусізов
1945ж соғысқа қатынасқан ақын - жазушылар 100 - ге жуық
1945ж 30сәуірде жауынгер Булатовпен бірге Рейхстагка ту тіккен Р. Қошқарбаев 1999жылы «Халық қаһарманы» атағын алды.

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды 1945ж 2 қыркүйек Жапонияның тізе бүгуімен.
ҰОС жылдары КСРО 27 млн. адамынан айырылды. Оның шамамен 4101 мыңы қазақстандықтар.

Кітаппен жұмыс 5мин, кесте толтыру

1. Бұдан кейін оқушыларға оқулықты пайдалана отырып кесте толтыртамын:
Мәскеу үшін шайқас Ленинград үшін шайқас
Уақыты
Құрамалар
Ерлік көрсеткен қазақстандықтар
Тарихи маңызы

2. Қазақ батырлары
Мәскеуді қорғаған Қазақстандық батырлар Ленинград үшін шайқасқан қазақтың қос жұлдызы

3. Ұлы Жеңіске үлес қосқан батырлар
Қаһарман батырлар Көрсеткен ерліктері Рейхстагқа ту тіккен қазақ батырлары

4. Ұлы Жеңіс. Кесте толтыру
Әлия Молдағұлова Мәншүк Мәметова Бауыржан Момышұлы Талғат Бигелдинов
Өмір сүрген жылдары
Туып - өскен жері
Соғысқан майданы
Ерлік істері

Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындату
Топтастыру.
1. Әлия Молдағұлова.
2. Мәншүк Мәметова.
3. Бауыржан Момышұлы.
4. Талғат Бигелдинов.

Қорытынды кезең: тест 10 сұрақ
1. Кеңес Одағының батыры атағын екі рет алған қазақстандық ұшқыш?
А) К. А. Семченко В) Р. Қошқарбаев С) Т. Бигелдинов
2. Бірінші болып Рейхстагқа ту тіккендер -
А) К. А. Семченко мен Ж. Елеусізов В) Р. Қошқарбаев пен Ғ. Булатов
С) Т. Бигелдинов пен С. Луганский
3. Бағалау:
Үй тапсырмасы: 1. 49 - 51 - параграфты оқу. ҰОС қатынасқан ата - әжелерің туралы мәлімет жинақтау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақша презентация (слайд): Тоғызыншы 9 Мамыр - Жеңіс күні

Қазақша презентация (слайд): Тоғызыншы 9 Мамыр - Жеңіс күні

Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО - ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды....
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941 - 1945)

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941 - 1945)

Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қатысуы, қазақ халқының батырлары туралы түсінік беру...
Ұлы даланың батыр қыздары

Ұлы даланың батыр қыздары

Кеңес Одағының батыр қыздары Әлия мен Мәншүктің биік тұлғасын суреттеу арқылы - ұлтын сүйетін, еліміздің өсіп - өркендеуіне өз үлесін қосатын табанды...
Соғысты ұмытпайтын себебім...

Соғысты ұмытпайтын себебім...

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №21 жалпы білім беретін орта мектебінің 2 “ ә” сынып оқушысы Белмұрат Санжар Жетекшісі: Сауытбаева Гульмира...
Атырау Ұлы отан соғысы жылдарында

Атырау Ұлы отан соғысы жылдарында

Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, Өтепова Тойған Қуанышқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×