Сабақтың мақсаты:
1920 - 1930 жылдары Қазақстанда жүргізілген индустриаландыру саясатының жетістіктері мен зардаптарын түсіндіру;
Республикадағы экономикалық саясатты халық мүддесіне сай жүргізу төңірегіндегі ұлт қайраткерлерінің көз қарасымен оқушының патриотты сезімін ұштастыру;
1920 - 1930 жылдардағы индустриаландыру саясатының экономикалық дамытудағы байланысын айқындау.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: Топтық жұмыс
Көрнекілік: слайд, семантикалық карта
Сабақтың жоспары І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақтың жоспары
IV. Сабақты бекіту:
V. Бағалау:
VI. Үйге тапсырмасы
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару
• Оқушылар бір - бірінің жақсы қасиеттерін стикерге жазып білдіріп, оны оқып айтады
• Топқа бөлінеді «Геологтар» және «Теміржолшылар» болып
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
«Геологтар» тобына индустрияландыру кезеңіндегі шикізат байлықтарын зерттеген ғалымдар есімін қорғату, яғни Курнаков, Губкин, Сәтбаевтың есімін атап олардың индустрияландыру жылдары атқарған қызметін ашады.
«Теміржолшылар» тобы индустрияландыру кезеңіндегі маңызды оқиғалардың бірі Түрксіб теміржолы құрылысына басшылық еткен тұлғалар есімін қорғайды. Олар: Рысқұлов, Омаров, Қазыбеков.
«Футбол» ойыны. Шарты:
Әр оқушының алдына парақшалар таратылып берілді. Парақшаларға ойыншылар сұрақтарын жазып, қарсы топқа кезекпен лақтырады. Әр бір дұрыс жауап гол (ұпай) болып есептеледі.
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Ұлттық жұмысшы табының қалыптасуы.
2. Қоғамдық ұйымдар.
3. Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері.
«Мәтінмен жұмыс»
Мәтін ішінен үзік - үзік сөздер аламын. Оны әр топқа таратамын, олар оқулық ішінен іздеп осы сөзден сөйлем құрайды. Осылай жазғандарын бір - біріне топ мүшелеріне көрсетіп шығады.
1939 ж 1926 - 1940 ж 29, 4% 33, 8 % Т. Рысқұлов 80%- нан астамы
1933 ж 1 қаңтар 3%- дан 10%- ға дейін 1921 ж шілде 1925 ж ақпан
1937 жыл 1924 ж 1 қаңтар 1931 ж 1936 ж 1921 ж қаңтар
1926 ж 1 қаңтар Социалистік жарыс 1921 ж 1937 ж ҮІІ съез ІХ съез директивалық жоспар орталықтың әмірі лагерь дайын өнім шығармады шикізат көзері кәсіпорындары болмады артта қалды тау - кен шикізаты Орскі Украина 1913 ж С. Сәдуақасов
Алтын өндіру
Сөйлемдерін құрып, оқулықтағы мәтінмен жұмысты аяқтағаннан кейін, семантикалық картамен жұмыс жасайды. Екі топқа екі түрлі тапсырма беріледі.
«Геологтар» тобына семантикалық карта.
«Теміржолшылар» тобына салыстыру кестесі.
ІҮ. Сабақты бекіту:
“Уақыт сырын ашу” ойыны.
Тақтаға жаңа тақырыпқа байланысты даталар жазылады. Осы даталарға бүгінгі сабақта білгендерін айтып шығады.
1939 жыл
1926 - 1940 жыл
1933 жыл 1 қаңтар
1921 жыл шілде
1937 жыл
1924 жыл 1 қаңтар
1931 жыл
1936 жыл
1921 жыл қаңтар
1926 жыл 1 қаңтар
Ү. Бағалау: Бағдаршам арқылы өз - өздерін бағалайды. Топ болып бағалайды.
Қызыл түс «5» бағасы.
Сары түс «4» бағасы.
Көк түс «3» бағасы.
ҮІ. Үйге тапсырма: §9. §15. «Бүгінгі Қазақ елінің индустриялды - инновациялық дамуы» тақырыбында эссе жазу.
Қазақстандағы «Кіші Қазан» бағыты
- Серікбол
- 18 тамыз 2015
- 6917
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Кіші Қазан, Қазақстандағы индустрияландыру, Жұмысшы табының қалыптасуы
Ұқсас жаңалықтар:
Иран. Ауғанстан
Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңындағы Иранның жағдайы, Ұлт азаттық қозғалыстың дамуы, Иранның 1921 - 1945 жылдардағы саяси - экономикалық даму...Қазақстанның 1920 - 1940 жылдардағы қоғамдық - саяси жағдайы
Шаруаларға қарсы және кулактар мен байларды жоюдағы сталиндік жазалау, «Алаш» партиясының мүшелері мен ұлттық интеллигенцияға қарсы саяси жазалау,...Индустрияландыруға бағыт алу
Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Мұқыр ауылы Жеңіс негізгі мектебінің тарих пәнінің мұғалімі...Әдебиет пен өнер
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық ауылы №52 Б. Аралбаев атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі: Әбуова Гүлназ...ХХ ғасырдың 20жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық саяси өмірі
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қоғамдық саяси өмірі....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.