Сабақтың тақырыбы: Ағартушы ұстаз – Ыбырай Алтынсарин (1841 - 1889)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңдерінің мазмұнын ашу.
Міндеті:
1. Білімділік: Оқушыларды Ы. Алтынсариннің өмірімен шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңдеріне тоқталу, мағнасын ашу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білу қабілеттерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың білімге деген сүйіспеншіліктерін арттыру адалдыққа, еңбексүйгіштікке, табиғатты қорғай білулеріне ықпал ету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, мағлұмат, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Ы. Алтынсарин суреті, тірек сызба, кітаптар көрмесі.
Пән аралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеті.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, сабаққа даярлықтарын тексеру.
2. Кезекшімен жұмыс. Сыныпта кім бар кім, жоғын түгендеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
- Балалар, жұмыс дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн мен тақырыпты жазыңдар.
- Балалар, біз бүгін сабақта қазақтың ұлы ағартушысы, талантты ақын әрі жазушы, ұстаз Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығымен танысамыз. Сондай - ақ қазақ тілі, әдебиетінен біліктілігімізді жетілдіреміз.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
1841 жылы – Ы. Алтынсарин Қостанай өңірі Торғай жерінде дүниеге келген. Әкесі ерте қайтыс болып. Орта жүзге белгілі атасы Балқожа бидің тәрбиесінде болады.
1850 жылы – Орынборда қазақ - орыс мектебіне оқуға түседі, 1857 жылы мектепті үздік бітіріп шығады.
1860 жылы – Ыбырай Торғайда мектеп ашуға рұқсат алады, бірақ ауыл молдалары, жергілікті әкімшілік орындар мектеп ашуына қарсылық білдіреді.
1864 жылы – 8 - ші қаңтарда Ы. Алтынсарин басшылығымен Торғайда мектеп ашылды.
1879 жылы – Орынборда қазақ тіліндегі алғашқы оқулық «Қазақ хрестоматиясы» деген атпен басылып шықты.
1883 жылы – Торғай облысы бойынша мектеп инспекторы болып қызмет атқарды. Торғай қаласында қолөнер мектебін ашты.
1887 жылы – Ырғызда қазақ қыздар мектеп интернатын ашты.
«Қазақ хрестоматиясы» кітабы шықты. Бұл хрестоматия балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгімелерден тұрады.
Сергіту сәті. «Ризашылық әні»
Өлеңдер: тақпақ айту.
«Кел, балалар, оқылық!»
«Өнер – білім бар жұрттар»
«Өзен»
«Жаз»
Ыбырайдың өлеңдерінің негізгі тақырыптары өнер, білім, ғалым, табиғат әсемдігі жайлы айтылған.
Әңгімелері:
«Әке мен бала»
«Таза бұлақ»
«Бір уыс мақта»
«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш»
«Бай баласы мен жарлы баласы»
«Бақша ағаштары»
Әңгімелерінің тақырыбы: достық, адалдық, еңбек сүйгіштік, адамгершілікке арналған.
Тақтаға жазылған өлең, әңгімелерді оқушылар кезек-кезек оқып өздері білетін өлең жолдарын айтады.
«Бақша ағаштары» әңгімесінен көрініс.
- Балаларды кітап көрмесін таныстыру.
- Қаламыздағы Ыбырай Алтынсарин атындағы білім ордаларымен таныстыру.
Жаңа сабақты бекіту.
Ыбырай Алтынсарин туралы не білдік, тірек сызба арқылы қорыту. Оқушылар бір - бірден шығып оқып, толтырады.
Ұлы ағартушы
Жазушы Ғалым
Аудармашы Ұстаз
Балаларға арнап Ақын мектеп ашқан
IV. Үйге тапсырма:
V. Бағалау.
Ағартушы ұстаз Ыбырай Алтынсарин
- abeke76
- 2 сәуір 2015
- 4695
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ыбырай Алтынсарин, өлеңдері, талантты ақын әрі жазушы, ұстаз Ыбырай
Ұқсас жаңалықтар:

Ы. Алтынсарин
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ы. Алтынсариннің өмірі, шығармашылығы, ағартушылық қызметі туралы білімдерін тереңдету. «Қазақ хрестоматиясы»...
Алғашқы қоңырау
«Алғашқы қоңырау» өлеңімен таныстыру. Оқушыларға өлеңнің мәнін ашып, мазмұнын меңгерту...
Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог
Сабақтың тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог» Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға қазақтың ірі ғалымы, ағартушы, педагог Ыбырай...
Ыбырай Алтынсарин
Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Тассуат орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмабаева Сайранкүл Серікқызы...
Ағартушы ұстаз жазушы, этнограф
Қарағанды облысы шет ауданы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп - гимназиясы Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Камалова Толқын Нұрмұхамедқызы Сабақтың...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.